тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 4
22 қазанның 2025
Бресте Максим Ермолович пен ЕАЭО ұлттық бәсекелестік органдарының басшылары бәсекелестік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
ЕАЭО елдерінің бәсекелестік саласындағы уәкілетті ведомстволарының басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің кеңесі Бресте 21 қазанда "5+1" форматында болып өтті. "Іс-шараның күн тәртібі толымды, талқылауға арналған мәселелер ауқымы кеңейіп келеді және кездесулерді осындай деңгейде жиі өткізу қажеттілігі бар", — деп баса көрсетті министр. Кездесу барысында ЕАЭО ұлттық бәсекелестік ведомстволарының нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызудың қолданыстағы критерийлерін қайта қарау жөніндегі ұстанымдары, бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді қарау кезінде сараптама жүргізу механизмдері талқыланды. Тараптар сондай-ақ ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексеру және қарау шеңберінде жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы Комиссияның дәлелді ұсынысының орындалуын қарады. 2026 жылға арналған бәсекелестік пен секторлық зерттеулердің жай-күйін бағалауды жүргізу үшін нарықтардың тізбелерін айқындау мәселесі, сондай-ақ оларды іріктеу критерийлері бойынша пікір алысу болып өтті. "Зерттеулер үшін нарықтарды іріктеу 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, ал олар бойынша жұмыс келесі жылдың басында басталады", — деп түйіндеді ЕЭК министрі. Сондай-ақ, Максим Ермолович бәсекелестік бойынша блоктың халықаралық тректегі маңызды жетістіктерін, соның ішінде өңірлік деңгейде бәсекелестікті реттеуге шолу дайындау және ЮНКТАД-пен, ЭЫДҰ-мен, өлшеу бірлігі жүйесіндегі МКС-пен ынтымақтастық туралы қысқаша таныстырып өтті. БҰҰ тарапынан 5 желтоқсанды Дүниежүзілік бәсекелестік күні деп тануға жәрдемдесу, сондай-ақ халықаралық алаңдарда ЕАЭО бәсекелестік органдарының бастамаларын өзара қолдау мәселелері талқыланды. Кеңеске ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет болып табылатын Өзбекстанның бәсекелестік органының басшысы қатысты. Кеңеске қонақ ретінде Тәжікстанның бейінді ведомствосының басшысы да қатысты.
22 қазанның 2025
ЕЭК делегациясы Бресте ТМД-ның бәсекелестік жөніндегі іс-шараларына қатысты
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович бастаған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы 22 қазанда Брестегі Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МСМК) жұмысына қатысты. Іс-шарада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттеріндегі бәсекелестік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, дәрілік препараттар мен медициналық көрсетілетін қызметтер нарығындағы баға белгілеу қаралды. Бұдан басқа, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды бірлесіп тергеп-тексеру жөніндегі штаб жұмысының нәтижелері ұсынылды және мақұлданды. Белорус әмбебап тауар биржасының жұмысы таныстырылды. "ТМД елдеріндегі әріптестеріміздің тәжірибесі туралы тұрақты ақпарат ауысу бәсекелестіктің жалпы қағидаларын белгілеу және қолдану бойынша мүмкіндіктерімізді кеңейтуге жол ашады. МСМК салалық әріптестікті дамытудың шын мәнінде құнды құралы болып табылады", — деп атап өтті Максим Ермолович. ЕЭК министрі Комиссияның өзі басқаратын блогының қызметіндегі неғұрлым елеулі оқиғаларды, соның ішінде құқық қолдану практикасы мен Комиссияның нарықтардағы секторлық зерттеулерінің нәтижелерін, стратегиялық құжаттармен жұмыс істеуді, бәсекелестікті адвокаттандыруды және халықаралық ынтымақтастықты таныстырды. "Комиссия қазір ЕАЭО-ның ортақ биржалық нарығының тұжырымдамасын әзірлеу үстінде. Жұмысқа ЕАЭО жанындағы байқаушы елдер де қатысады. Біз сондай-ақ ТМД елдерінің тәжірибесін зерделеуге дайынбыз және бұл мәселені МСМК жұмысының күн тәртібіне қосуды ұсынамыз", — деп мәлімдеді ЕЭК министрі. ЕЭК-тің МСМК-мен және ұлттық бейінді органдармен өзара іс-қимылына, сондай-ақ осы қарсаңда өткен ұлттық бәсекелестік органдары басшылары мен Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі кеңесінің қорытындыларына бөлекше назар аударылды.
22 қазанның 2025
ЕЭК-те ЕАЭО шеңберіндегі келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру талқыланды
22 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян төрағалық ететін Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің отырысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмін қалыптастыруды талқылады. "Агроөнеркәсіптік кешен үшін бұл — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұйымдарының өзара тиімді ынтымақтастығын ынталандыратын бірлескен жобаларды қолдаудың жаңа шарасы. Үкімет басшылары нормативтік құқықтық базаны әзірлеу үшін қажетті шешімдер қабылдады, сол себепті, бүгінгі таңда Комиссия Одақ бойынша әріптестерімен бірлесіп кооперациялық жобаларды іріктеу және оларға ЕАЭО бюджеті қаражаты есебінен қаржылық көмек көрсету туралы ережені әзірлеуге кірісті", – деп атап өтті Гоар Барсегян. Комитет мүшелері АӨК-те биотехнологияларды қолдану кезіндегі мемлекетаралық өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары мен механизмдері туралы ЕЭК ұсынымын қабылдау қажеттігін қолдады. "Микробтық биотехнология саласындағы технологиялық егемендікті қолдаудағы жетістік мүше мемлекеттердің биотехнология саласындағы күш-жігерін шоғырландыруға байланысты", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі өнімді жануарларға арналған жемшөп және жемшөп қоспалары нарығының жай-күйі мен даму перспективалары туралы Комиссия дайындаған шолу мақұлданды, ол технологиялық инновацияларды, ішкі өндірісті дамытуды, ынтымақтастықты нығайтуды және инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтитын кешенді тәсілдемені ендіру арқылы ЕАЭО елдерінің жемшөп өндірісінің тиімділігін, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Құжат жұмыста пайдалану үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жіберілетін болады.
22 қазанның 2025
Максим Ермолович: "ЕЭК бәсекелестік саласындағы жұмыс бағытын ТМД шеңберінде кеңейтуге дайын"
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр Максим Ермолович бастаған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы 21 қазанда Бресте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды бірлесіп тергеп-тексеру жөніндегі штабтың жұмысына қатысты. Отырысқа қатысушылар бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу және бәсекелестік саласындағы бұзушылықтардан зардап шеккендерді азаматтық-құқықтық қорғау бойынша баяндамаларды талқылады, оларда осы бағыттар бойынша ЕЭК жұмысы туралы ақпарат көрсетілген. "Біз зардап шеккен шаруашылық жүргізуші субъектінің ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы себеп болған залалының орнын толтыру мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы мәселені реттеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Жасанды интеллектің бәсекелестіктің жай-күйіне әсері және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарықтарындағы бәсекелестіктің проблемалық мәселелері қаралды. Максим Ермолович ЕАЭО-да бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықты алдын ала ескерту және оның жолын кесудің жасанды интеллекті қолдану тудырған проблемаларын сарапшылық пысықтау үшін ЖИ бойынша құрылған жұмыс тобы туралы хабардар етті. "Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО шеңберін кеңейтуге және өз жұмысына ТМД елдерінің басқа да бәсекелестік органдарын тартуға дайын", – деп атап көрсетті Максим Ермолович. ЕЭК министрі сонымен қатар Комиссияның фармацевтика саласындағы секторлық зерттеу нәтижелерімен бөлісті.