Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кальян мекемелерінің көрсетілетін қызметтерінің трансшекаралық нарықтағы жосықсыз бәсекесі үшін Беларусьтың компаниясына және оның басшысына айыппұл салды. Айыппұлдың жалпы сомасы 800 000-ға жуық Ресей рублін құрады.
Бұдан бұрын Комиссияға екі ресейлік компания – "HOOKAH PLACE" кальян мекемелерінің белгілі желісін құрушылар мен ұйымдастырушылар Беларусь компаниясының жосықсыз әрекеттері туралы өтінішпен жүгінді. Олардың пікірінше, бұзушы өзін ресейлік белгілі брендке қатысым бар деп тұтынушыларды жаңылыстырған.
Істі қарау барысында Беларусь компаниясы Беларусь аумағында ресейлік компаниялардың белгісіне ұқсас, бірақ сәл айырмашылығы бар "HOOKAHPLACE" (қосылып жазылған) тауар белгісін тіркегені анықталды. Бұл ретте ресейлік кәсіпкерлердің өздерінің тауар белгісін бірнеше жыл бұрын тіркегені белгілі болды.
Алқа шешіміне сәйкес, айыппұлдардан бөлек, Беларусь компаниясы кальян мекемелерінің көрсетілетін қызметтерін өндірушіге қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкін әрекеттерді тоқтатып, одан әрі жасамауға тиіс.