тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6850

30 қыркүйектің 2019 ​Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-да АӨК цифрлық экожүйесін құруды қолдайды ​ Бішкекте «Еуразиялық апта – 2019» халықаралық форумы шеңберіндегі «Агроөнеркәсіп кешені экспортының логистикасы: халықаралық цифрлық платформа» сарапшылық пікірсайысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян: «Цифрлық трансформацияның маңызды элементі - агроөнеркәсіп кешенінің экожүйесін құру. Жобалау қызметі арқылы тез стратегиялық жоспарлау қағидаты бойынша қозғалған кезімізде бұл жерде кросс-салалық тәсілдеме қажет. Логистиканы агроөндірістің барлық процесінен бөлек қарауға болмайды. АӨК цифрлық экожүйесі агроөнім өндірісінің, орын ауыстыруының, тұтынуының және кәдеге жаратылуының толық өмірлік циклын өзіне кірістіруге тиіс. Егер біз бұл жүйенің барлық элементін оның бастауында белгілеп көрсетіп, оларды қатарлас дамыта бастасақ, сонда ғана бәрі ойдағыдай болып шығады», – деп атап көрсетті.
27 қыркүйектің 2019 ЕЭК инновацияларды ЕАЭО экономикасының нақты секторына ендіруді ынталандырады ​Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин Бішкекте (Қырғызстан) «Еуразиялық апта» халықаралық форумы шеңберінде өткен «ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіптегі және агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен бағдарламалар мен жобалар – Еуразиялық интеграцияны дамытудың замани тренді» панельдік сессиясында: «Жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін құзыреттердің шоғырлануы дәл осы нақты секторда өтіп жатыр. Зерттеулерді қарқынды ету үшін мемлекетаралық бағдарламалар механизмі іске де қосылды. Өндірістік кооперацияны бұдан әрі дамыту мен тереңдету, жұмыс істеп тұрған өндірістерді оқшаулау активтерді шоғырландыру мен Еуразиялық трансұлттық компаниялар құру шеңберінде мүмкін болады»,- деп мәлімдеді. ​
Тағы да көрсету