тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6852

11 шілденің 2019 Виктор Назаренко: «Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін құру және бақылаушы (қадағалаушы) органдардың кеден және құқық қорғау органдарымен пәрменді өзара іс-қимыл механизмдерін белгілеу ЕАЭО үшін маңызды» Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) нарығында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің айналысына жол бермеу, сондай-ақ Одақ елдерінде сәйкестікті бағалау саласындағы бұзушылықтардың профилактикасы мақсатында мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиімділігін арттыру, сондай-ақ бақылаушы (қадағалаушы), кеден, құқық қорғау органдары мен аккредиттеу органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шаралар іске асырылуда. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясын нормативтік реттеу мәселелері бойынша стандарттау және ынтымақтастық саласындағы саясат жөніндегі Жұмыс тобы (БҰҰ ЕЭК 6 ЖТ) шеңберіндегі Нарықты қадағалау жөніндегі консультативтік топтың (MARS Group) 17-отырысында мәлімдеді. Жұмыс тобының отырысы 8-9 шілдеде Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде бірінші рет өтті.
Тағы да көрсету