тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6857
29 наурыздың 2017
1 сәуірден бастап авиатасымалдаушылар ЕАЭО аумағына тауарларды әкелгенге дейін олар туралы ақпарат беруге міндетті болады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала хабарлауды енгізу туралы 2015 жылғы 1 желтоқсандағы № 158 шешімі 2017 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
28 наурыздың 2017
ЕАЭО мен Қытай арасындағы кедендік ақпарат алмасу туралы келісімді жылдың соңына дейін әзірлеу жоспарланып отыр
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің кеден қызметтері мен Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Бас кеден басқармасы Кедендік ақпарат алмасу туралы келісімнің жобасын әзірлеуді жылдың соңына дейін аяқтауға уағдаласты. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Бактыбек Байсеркеев Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің 27 наурызда өткен кезекті отырысында айтып берді.
28 наурыздың 2017
Татьяна Валовая: «ЕАЭО мен Марокко сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделі»
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая мен Марокко Корольдігінің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абделкадер Лешехеб Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Мароккомен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу 2017 жылғы 28 наурызда Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде өтті.
27 наурыздың 2017
Еуразиялық цифрлық министрлер алғашқы кездесуді Ереванда өткізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің байланыс және коммуникациялар саласындағы министрліктері мен ведомстволары басшыларының бірінші кездесуінің ұйымдастырушы болды. Ереванда өткен іс-шарада ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы өзекті мәселелер, ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту, Одақтың цифрлық күн тәртібі, мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету жөніндегі цифрлық платформа құру және барлық қатысушы елдер үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді тіркеуге арналған ортақ тізілімді құру преспективалары талқыланды.
27 наурыздың 2017
ЕАЭО елдері BEPS жоспары шеңберінде электрондық саудаға салық салу қағидаларын үйлестіру және үндестіру бойынша жұмыс жүргізуде
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері BEPS (Base Erosion and Profit Shifting) жоспары – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының салық салынатын базаның жылыстауына қарсы іс-қимыл және пайданы салық салудан тысқары шығару жөніндегі стратегиясы шеңберінде электрондық саудаға салық салу қағидаларын үйлестіру және үндестіру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы «Халықаралық салық салу: теория мен практиканың қазіргі заманғы мәселелері» VІ Халықаралық ғылыми конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі консультативтік комитеттің жауапты хатшысы Нурматбек Мамбеталиев айтып берді.
24 наурыздың 2017
ЕЭК және ФСҚ өкілдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдары арасында ақпарат алмасу мүмкіндіктерін талқылады
23 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян мен Ресей Федералдық салық қызметі (ФСҚ) басшысының орынбасары Алексей Оверчуктың кездесуінде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің салық органдарының ынтымақтастығы және Ресей Федералдық салық қызметінің (ФСҚ) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
23 наурыздың 2017
ЕАЭО бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жолаушылар мен жүктердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Сергей Негрей «Оңтүстік Транс-2017» ХІІІ Халықаралық көлік форумының қатысушыларына Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл стратегиясын таныстырды.
22 наурыздың 2017
Мұнай және мұнай өнімдерін сату бірыңғай биржалық кеңістік шеңберінде өткізілетін болады
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы жұмыс тобының отырысында әзірленіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру бағдарламасы шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерінің биржалық саудасын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мұнай-газ компаниялары мен ғылыми мекемелердің өкілдері қатысты.
Тағы да көрсету