тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6852

03 наурыздың 2021 ЕАЭО-да май өнімі саласындағы инновациялар дамуда ЕЭК-тің Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнянның басқаруымен Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері Белгород облысында Ресейдегі аса ірі тамақ өнімдерін өндірушілердің бірі — «ЭФКО» компаниялар тобы іске асыратын ғылыми-зерттеу инновациялық жобаларымен танысты. ЕЭК делегациясы осы мақсатпен «ЭФКО» АҚ-ның Алексеевск филиалында, Қолданбалы зертеулер орталығында, Инновациялық орталықта және «Бирюч» ғылыми-зерттеу орталығында болды. ЭФКО технологтарының жаңа әзірлемесі — нарықта «Hi!» («саламатты инновациялар») бренді аясында өткізіліп жатқан еттің өсімдік баламалары айрықша қызығушылық тудырды. Бұл технологияларды ендіру және танымал ету экологиялық ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа әлемдік тәсілдемелерін ескере келгенде, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға оң ықпал етеді.
Тағы да көрсету