Жаңалықтар

18.03.2022

ЕЭК Кеңесі Одақта суперкомпьютерлік желі құру жөнінде мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді тапсырды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «Еуразиялық ақпараттық-есептеу инфрақұрылымы» жаңа мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

«Бүгінде суперкомпьютерлік технологиялар – стратегиялық сала, экономиканың одан әрі өсуі оларсыз жүзеге асырылмайды. Суперкомпьютер тиімді техникалық және экономикалық даму үшін қажетті құрал болды. Бұл ретте әлемнің жетекші экономикалары соңғы онжылдықта кім тез өнімнің жоғары мәніне қол жеткізеді және сапада, есептеп шығарудың жылдамдығы мен көлемдерінде бәсекелестік артықшылыққа ие болады деп нағыз бәсеке өткізуде. Солай бола тұра, ЕАЭО кеңістігінде ұқсас азаматтық суперкомпьютерлік инфрақұрылым жоқ»,- деді ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

Артак Камалянның сөзінше, жаңа мемлекетаралық бағдарламаның мақсаты барлық кәсіпорындардың, ғылыми мекемелердің, оқу орындарының, мемлекеттік ведомстволардың, инновациялық даму субъектілерінің әлемдік кластағы жоғары өнімді есептеу ресурстарына кеңінен қол жеткізуі үшін ЕАЭО-ның ақпараттық-есептеу инфрақұрылымын құру болып табылады.

 Құрылатын инфрақұрылымды тиімді пайдалану технологияларын әзірлеу, инновациялық экономиканың барлық субъектілеріне оны қолдану мүмкіндігін беру, жұмыс істеуінің бизнес-моделін, қажетті нормативтік құқықтық базаны, стандарттарды, сертификаттау жүйесін қоса, тұтынушы үшін қолайлы орта жасау, сарапшылық қоғамдастық пен білім беру желісін құру ұсынылады.

 ЕЭК сарапшыларының пікірінше, бұл міндеттерді орындау жекелей алғанда біздің елдеріміздің де, тұтастай Еуразиялық экономикалық одақтың да технологиялық тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

 Бұдан басқа, ақпараттық-есептеу инфрақұрылымын құру жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны іске асыру Одақта суперкомпьютерлік технологияларды пайдалана отырып, жаңа нарықтардың пайда болуына серпім береді.