тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 175

06 қыркүйектің 2024 ЕАЭО елдерінің бірыңғай фармацевтикалық нарығын құру. Пациенттер қандай пайда көреді? ЕАЭО-ға мүше елдерде ұлттық рәсімдер бойынша тіркелген барлық дәрі-дәрмектер Еуразиялық экономикалық одақ ережелерімен сәйкестендірілуі тиіс болатын өтпелі кезеңнің аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Ол 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады, ал әрі қарай нарықта Одақ талаптары бойынша тіркеу рәсімінен өткен дәрі-дәрмектер ғана қалады. Бұл процесс ауқымды әрі елдеріміздің денсаулық сақтау жүйелері мен пациенттері үшін өте маңызды, сондықтан мамандар мен сала қатысушыларын оның қалай жүріп жатқаны алаңдатады. «Қазақстанның фармацевтикалық шолуы» ақпараттық-талдамалық басылымының редакциясы қазіргі уақытта елдер бойынша тіркеу көрінісінің қандай болып жатқаны, өтінім берушілер мен реттеушілердің қандай қиындықтарға кезігетіні, дәрі-дәрмектерді тұтынушылардың қандай пайда көруі мүмкін екені туралы сұрақтармен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына жүгінді. Біздің сұрақтарымызға ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары МАМБЕТАЛИЕВА Чинара Мырзакматовна жауап берді.
24 ақпанның 2021 «Бизнес ЕЭК күн тәртібін айқындауға, ал біз – бизнесті естуге тиіспіз» «Бәсекелестік және құқық» журналында жарияланған, № 1, 2021 ж. Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы блогы өткен жылы бәсекелестікті қорғау саласында басты ньюсмейкерлердің бірі болды. Реттегіштің ауқымы және жоспарлары: бәсекелестікке қарсы диджитал- практикалармен күрес, бейіндік гайдлайндар әзірлеу, үшінші елдердің компанияларына ЕЭК өкілеттіктерін кеңейту, ұлттық деңгейдегі комплаенс жүйесін енгізу және бизнеспен өзара іс-қимыл жасаудың интерактивтік форматы. 2020 жылғы блок жұмысының басты қорытындылары қандай? 2021 жылға қандай мақсаттар қойылған? Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Арман Абайұлы Шаққалиев әңгімелейді. Монополияға қарсы «цифрмен» реттеу туралы.
24 ақпанның 2021 ЕАЭО цифрлық нарықтарды реттеудің жаңа әдістерін игереді – ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-да бизнес жұмысының жағдайын тұрақты түрде жақсартып отырады және оның бағыттарының бірі монополияға қарсы реттеу механизмдерін жетілдіру болып табылады. 18 ақпандағы Монополияға қарсы форум барысында ЕЭК ұсынғандай, Еуразиялық одаққа монополияға қарсы комплаенс үшін жаңа тәсілдемелер қажет, өйткені қазіргі бар нормалар бірыңғай стандарттарға келтірілмеген. Мәселе соның ішінде цифрлық нарықтарға да қатысты, оларды дамыту пандемияның және оған ілеспе шектеулердің ықпалымен жанданды. ЕЭК қазір бәсекелестікті қорғау бойынша қандай шараларды пайдалануда, ол туралы «Еуразия.Экспертке» берген сұхбатында Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Арман Шаққалиев әңгімелеп берді.
Тағы да көрсету