Жаңалықтар

22.03.2022

ЕАЭО елдеріне электромобильдер әкелуге арналған тарифтік жеңілдік 2023 жылдың соңына дейін беріледі

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО елдеріне шектеулі санда әкелінетін электромобильдерге қатысты кедендік бажды төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік ұсыну туралы шешім қабылдады.

Кедендік баж төлеуден босату тек Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын азаматтарға беріледі. Бұл ретте Ресей Федерациясында азаматтығы және (немесе) тұрақты тұрғылықты жері бар адамдарға электромобильдерді иелену, пайдалану және билік ету құқығын беруге жол берілмейді.

«Күтіліп отырғанындай, тарифтік жеңілдікті электромобильдерге, олардың өндірісі мен зарядтау станциялары желісін дамытуға сұранысты ынталандыруға бағытталған басқа да шаралармен кешенді түрде қолдану осындай көлік құралдарын, сондай-ақ ЕАЭО-да оларды шығару үшін бұдан да кеңірек тарату мақсатында мүмкіндіктер терезесін жасауға ықпал ететін болады», — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

Электромобильдерге қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 15% құрайды. ЕЭК Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 29 шешіміне сәйкес баж 2020 жылғы 4 мамырдан бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта 0% мөлшерінде қолданылды.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі