тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6852
03 қазанның 2019
ЕЭК Коллегиясынын Төрагасы Тигран Саркисян жана Армения Республикасынын Президенти Армен Саркисян евразиялык интеграциянын актуалдуу маселелерин талкуулашты
Евразия экономикалык комиссиясынын (ЕЭК) Коллегиясынын Төрагасы Тигран Саркисян 3-октябрда Ереванда Армения Республикасынын Президенти Армен Саркисян менен жолугушту.
03 қазанның 2019
ЕЭК пен ИАҚҰ өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
3 қазанда Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының (ИАҚҰ) Бас директоры Ерлан Байдәулетпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен ИАҚҰ коммерциялық және сауда топтары арасында өзара іс-қимылды жолға қоюға жәрдемдесуге уағдаласты.
03 қазанның 2019
ЕАЭО-да агро және биоиндустриялық парктер құрыла бастайды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) одақтас елдердің бизнесімен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) агро және биоиндустриялық парктер құру жөніндегі жол картасын әзірлейді. Мұндай парктер импорт алмастыру және халықаралық кооперация мен экспортты дамыту шеңберінде қалыптасатын болады.
02 қазанның 2019
ЕАЭО мен Сингапур Еркін сауда туралы келісімге қол қойды
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) 1 қазанда болған отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Сингапур Республикасының арасындағы жалпыға бірдей сауда мәмілесі пакетінің алғашқы келісімдеріне қол қойылды. Құжатқа Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, Одақ елдерінің вице-премьерлері, сондай-ақ Сингапурдың аға министрі, әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері жөніндегі министр-үйлестіруші Тарман Шанмугаратнам қол қойды.
02 қазанның 2019
ЕЭК табиғи монополиялар саласындағы ұлттық заңнаманы жақындату жөнінде ұсыныстар дайындайды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің табиғи монополиялар саласындағы реттеуші практикалары мен нормативтік базасына талдау жасауды және жүйелеуді жүргізді. Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің 16-отырысында Бішкекте (Қырғызстан) қаралған зерттеу нәтижелері Еуразиялық «бестік» елдерінің заңнамасын үндестіру мен жетілдіру жөніндегі ауқымды жұмыстың басталуына себепші болды.
02 қазанның 2019
ЕЭК министрі Александр Субботин экономиканың нақты секторындағы «күшті Одақ – күшті бизнес» тұжырымдамасын іске асыру туралы әңгімеледі
Өнеркәсіптік кооперация үшін қажетті жағдайлар жасау, импортты алмастыру мен экспорт, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері экономикасының қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктура жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыру «күшті Одақ – күшті бизнес» теңдестірілген жүйесі шеңберінде ғана мүмкін болады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин «ЕАЭО елдері мен олардың әріптестері өнеркәсібінің экспорттық-импорттық мүмкіндіктері - Еуразия континентінің транзиттік әлеуетінің негізі» панельдік сессиясында мәлімдеді. Іс-шара 1 қазанда Ереванда «Еуразия континентінің көлік әлеуеті» халықаралық форумы шеңберінде болып өтті.
02 қазанның 2019
ЖЕЭК мүшелері кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мөлшерін келісті
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері 1 қазанда Ереванда (Армения) болған отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мөлшерін келісті.
01 қазанның 2019
ЕЭК Кеңесі тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу және олардың төленуіне бақылау жасау жөнінде ЕАЭО туралы шартқа өзгерістерді мақұлдады
30 қыркүйекте Ереванда (Армения) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкіметтері басшылары орынбасарларының және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы болып өтті. ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуі, интеграция, кедендік-тарифтік және техникалық реттеу, халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық, ЕАЭО елдері экономикасын цифрландыру, салық саясаты және басқа бірқатар сала бойынша мәселелерді қарады.
Тағы да көрсету