тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6852

08 шілденің 2019 ЕЭК пен Тынық мұхит альянсы Әріптестік туралы декларацияға қол қойды Комиссия мен Тынық мұхит альянсы жөніндегі негіздемелік келісімнің қатысушы мемлекеттері арасында Әріптестік туралы декларация жасасылғанан кейін Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая «ЕЭК пен Колумбияның, Мексиканың, Перудің және Чилидің жас, бірақ екпінді дамып келе жатқан интеграциялық бірлестігі – Тынық мұхит альянсы арасындағы диалогты рәсімдеу - ұзақ уақыт жүргізілген келіссөз процесінің нәтижесі болды және екі құрылымның бірін бірі жақынырақ білуге және неғұрлым тиімді ішкі даму мен барлық мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында тәжірибе алмасуға деген екі жаққа бірдей мүдделілігін бейнелейді»,- деп мәлімдеді. Құжатқа 5 шілдеде Лимада Тынық мұхит альянсының мемлекет басшылары деңгейіндегі 14-саммиті барысында қол қойылды.
03 шілденің 2019 Ұзақ мерзімді төменгі инфляция ЕАЭО елдері тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне ықпал етеді «Соңғы жылдары Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде елеулі прогреске қол жеткізді. Орталық және ұлттық банктер айқынсыздықтың өсуі мен шикізаттық тауарлар бағасының ауытқуы нәтижесіндегі трансшекаралық әсерлердің күшеюі жағдайында тұрақтылық саясатын жүргізудің сын-қатерлерінен ойдағыдай өте алды. Одақ елдерінде инфляция қарқынын кемітудің және біртіндеп конвергенциялаудың орнықты үрдісі байқалуда, бұл сайып келгенде халықтың әл-ауқатына оң ықпал етеді»,- деді Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Тоты Қалиасқарова «ЕАЭО елдеріндегі ақша-кредит саясаты: мүмкіндіктер мен үйлестіруді шектеулер» дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінде. Іс-шара Армения Республикасы Орталық банкінің ұйымдастыруымен 27-28 маусымда Дилижанда (Армения) өтті.
Тағы да көрсету