Экономикалық дамуға нысаналы жәрдемдесудің икемді механизмдерін тұжырымдау 2025-Стратегиясында көзделген. Бұл бағыт өзіне бірлескен нысаналы жобаларды іске асыруды, мүше мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі және халықтың кірістері бойынша теңестіру үшін алғышарттар жасауды кірістіреді.
Кездесуге қатысушылар ЕАЭО деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен жобалардың мүмкін болатын ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын, қаржыландырудың механизмдері мен дереккөздерін қарады. 2025-Стратегиясын тиімді іске асыру қазіргі бар даму институттарын іске қосу не дербес одақтық институционалдық құрылым құру арқылы Одақ шеңберінде бірлескен қаржыландыруды көздейді.
ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев ағымдағы жылдың 2025-Стратегиясын тиімді әрі дер кезінде іске асыру үшін шешуші жыл болып табылатынын атап көрсетті.Оны орындау бірлескен интеграциялық бағдарламалар мен жобалар арқылы экономиканың озыңқы дамуы үшін жағдайлар жасауға бағдарланған.
«ЕАЭО-да бар әлеуетті жандандыру ЕАЭО ЖІӨ-нің өсімі бойынша жылына 4,5% – 5,5%-дық деңгейге жетуге болады деп санауға мүмкіндік береді.Озыңқы экономикалық даму өз кезегінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша жақындастырудың қажетті шарты болып табылады», — деп атап өтті Сергей Глазьев.Комиссияның бағалауы бойынша, 2025-Стратегиясының іс-шараларын іске асыру үшін қажетті инвестициялар көлемі және экономикалық өсудің жоғары қырқынын ұстап тұру жыл сайын кем дегенде ЕАЭО ЖІӨ-нің 1,1%-ын құрауға тиіс.
«Экономиканың жоғары өнімді секторларына салымдарды жүзеге асыру, сондай-ақ жаңа технологияларды ендіру, импортты алмастыру, экспортқа бағдарланған салаларды дамыту бойынша күш-жігерді біріктіру маңызды болып көрінеді», — деді Сергей Митянский.Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Данияр Амангельдиев қазіргі уақыт Одақта кооперациялық байланыстарды жолға қоюдың неғұрлым қолайлы сәті деп мәлімдеді. ЕАЭО шеңберінде қызметі Одақта экономикалық дамуды теңестіруге бағытталатын арнаулы даму институтын құру мәселесін қарау қажет.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының ЕЭК өкілдерінің қатысуымен болатын кеңесі Одақтың экономикалық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 2019 жылдан бері өткізіліп келеді.