тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6867
09 шілденің 2018
Беларусь Иранмен ЕСА құруға алып келетін уақытша келісімнен экспорттың екі есе өсуін күте алады
Сарапшылардың болжамдары бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім жасасудың нәтижесі Беларусь Республикасынан бұл елге экспорттың екі есе өсуі болуы мүмкін. Бұл туралы 9 шілдеде Минскіде өткен Беларусь Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшыларына арналған жыл сайынғы семинарда ЕЭК-тің Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина мәлімдеді.
06 шілденің 2018
ЕЭК пен АХҚО ынтымақтастық перспективаларын талқылады
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ресми ашылуымен байланысты оның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) институттарымен және Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) ынтымақтастығы қаржы нарықтарын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың негізі бола алады. Бұл туралы Astana Finance Days конференциясы шеңберінде Астанада өткен «ЕЭК – АХҚО: ынтымақтастық көкжиектері» жалпы сессиясы барысында ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов мәлімдеді.
06 шілденің 2018
Татьяна Валовая: «Криптовалюталардың бар болуының даулылығына қарамастан, цифрлық экономиканың қаржылық технологиялармен байланысты атрибуттары дамитын болады»
Әлемдік және Еуразиялық қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ашылуының маңыздылығын ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая «Блокчейн-технологиялар мен криптовалюталардың келісілген макроэкономикалық саясатты іске асыруға және ЕАЭО шеңберінде ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға ықпалы» панельдік сессиясында атап өтті. ЕЭК министрі модератор болған іс-шара 4 шілдеде АХҚО-ның ресми ашылу рәсімімен орайластырылған Astana Finance Days конференциясы шеңберінде өтті.
06 шілденің 2018
Сергей Сидорский: «ЕАЭО-ның Сингапурмен ынтымақтастығының перспективалық бағыттары өнеркәсіптік кешендерді жаңғыртуға инвестициялар тарту және бірлескен индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымдар қалыптастыру болып табылады»
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) сауда-экономикалық және өнеркәсіптік саладағы диалогты дамыту, өзара пайдалы негізде бірлескен жобаларды іске асыру және ынтымақтастықтың жаңа архитектурасын құру үшін Сингапурмен және тұтастай алғанда Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен сындарлы өзара іс-қимылды жолға қоюға мүдделі. Бұл туралы ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский Сингапур Республикасының Сауда және өнеркәсіп мемлекеттік министрі Ко По Кунмен жұмыс кездесуі барысында мәлімд
06 шілденің 2018
Қазақстан Республикасы ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде цифрлық бастамаларды ұсынды
4 шілдеде Астанада өткен «ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі Қазақстан Республикасының цифрлық бастамалары» дөңгелек үстелінде Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібінде іске асырылуы мүмкін: «Ашық деректерді пайдалану», «Шағын және орта бизнес үшін ашық цифрлық платформа» және «Электрондық лицензиялау» әлеуетті бастамаларын таныстырды.
05 шілденің 2018
Бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЕАЭО-да реттеуші «құмсалғыштар» құрылатын болады
Астанада 3 шілдеде реттеуші «құмсалғыштар» жүйесін құру жөніндегі сарапшылық алаңның екінші отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) реттеуші «құмсалғыштардың» жұмысы және олардың мақсаты талқыланды.
05 шілденің 2018
ЕЭК «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтасатын болады
4 шілдеде Астанада Astana Finance Days конференциясы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
04 шілденің 2018
ЕЭК министрі Сергей Сидорский: «ЕАЭО-Қытай өзегі төңірегіндегі үлкен Еуразиялық әріптестік - әлемдік экономикадағы сын-қатерлерге тиімді жауап»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің Еуразиялық интеграция және Жібек жолы сияқты жаһандық жобаларға қатысуы өңір елдері үшін өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады және кооперациялық байланыстардың сан алуандығын орнатады. Бұл туралы ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский Брюссельде Кран-Монтана форумының 29-жыл сайынғы сессиясында мәлімдеді.
Тағы да көрсету