тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6867
25 майдың 2017
ЕАЭО-да авиатасымалдаудың ортақ нарығын қалыптастыру бойынша «жол картасын» дайындау аяқталды
ЕАЭО елдерінде әуе қатынасы туралы көптарапты келісім жасасудың орынды екендігі туралы шешім әртүрлі халықаралық интеграциялық бірлестіктердің авиатасымалдауды реттеу практикасын зерделегеннен және 2018-2020 жылдары авиатасымалдаудың ортақ нарығын қалыптастыру бойынша «жол картасының» іс-шараларын іске асырғаннан кейін қабылданатын болады. Бұл туралы 24 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінде Одақ елдерінің көлік ведомстволарының өкілдері уағдаласты.
24 майдың 2017
ЕЭК министрі Татьяна Валовая: «БҰҰ алаңы интеграциялық бірлестіктер арасындағы диалог үшін бірегей болып табылады»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде интеграцияны тереңдету Еуразиялық мемлекеттер «бестігін» Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орнықты даму мақсаттарын іске асыруға жақындатады. Мұндай мәлімдемені Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОСОС) дамуын қаржыландыру жөніндегі жыл сайынғы форумында жасады. Іс-шара 22-25 мамыр аралығында Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде өтуде. ЕЭК министрі Татьяна Валовая іс-шараның министрлік сегментіне қатысуда.
23 майдың 2017
ЕЭК Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығымен ынтымақтастықты дамытуда
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Олег Артамонов Батумиде (Грузия) өткен «Грузияның және Еуразия елдерінің зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту перспективалары» атты конференцияда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың әзірленіп жатқан жобасының негізгі ережелерін таныстырды. Іс-шараны Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы Грузияның Әлеуметтік қызмет көрсету агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.
23 майдың 2017
Көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары жүйесін енгізудің өтпелі кезеңі 2018 жылғы 1 шілдеге дейін аяқталады
23 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары жүйесіне өту мерзімдері, бірқатар тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.
22 майдың 2017
Өндіріс қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі кәсіпорындарға әкімшілік жүктемені төмендетеді
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласында техникалық регламенттердің талаптарын сақтауға тәуекел-бағдарланған тәсілдемелерді қолдану жоспарлануда. Бұл туралы Сочиде (Ресей) 18-19 мамырда өткен «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және тәуекелді талдау» атты халықаралық конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков айтып берді.
22 майдың 2017
ЕЭК Одақ елдерін импортты алмастыруға дайындайды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің Ресей Федерациясында іске асырылатын импортты алмастыру бағдарламасына қатысуға дайын кәсіпорындарының алдын ала тізбесін қалыптастырды. Бағдарламаға қатысу үшін 17 өнеркәсіп саласынан 62 жоба іріктеп алынды. ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорскийдің төрағалық етуімен Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында ЕАЭО-да импортты алмастыру мәселелері бойынша құжаттар топтамасы қаралды.
22 майдың 2017
2017 жылғы күзде «Грекия - ЕАЭО» бизнес-форумы өтеді
2017 жылғы 18-20 мамырда Афинада Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно Грекия үкіметінің және бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Грек Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.
22 майдың 2017
ЕЭК пен ЕАДБ банктің ықтимал қаржыландыруы үшін интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды таңдайды
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) өнеркәсіптік кооперация саласындағы басым жобаларды қаржыландыратын болады. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский ЕЭК-те өткен интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қарау жөніндегі арнайы жұмыс тобының алғаш ұйымдастырылған отырысында осындай мәлімдеме жасады. «Осылайша, біз нақты қаржылық құрылыммен – Еуразиялық даму банкімен практикалық өзара іс-қимыл арқылы Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды шынайы қолдауға алғаш рет шығып отырмыз», – деп атап өтті Сергей Сидорский.
Тағы да көрсету