тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6867

05 майдың 2017 ЕЭК министрі Валерий Корешков: «ЕЭК пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ынтымақтастық туралы уағдаласты» Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Фармакопеясы – дәрілік препараттардың сапасына қойылатын талаптардың негізгі жинағы – өңірлік сапа стандарттарының бірі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) әлемдік фармакопеялар және фармакопеялық органдары тізбесіне енгізілетін болады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков пен ДДСҰ Негізгі дәрілік заттар және медициналық өнімдер жөніндегі департаментінің директоры Сьюзанн Хилл ДДСҰ штаб-пәтерінде (Женева, Швейцария) айтты. Сонымен қатар, ЕЭК министрі Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер мен қауымдастықтар федерациясы Кеңесінің отырысында сөз сөйледі және ІСН хатшылығының директоры Дон Ронанмен кездесті. ​
03 майдың 2017 Еуразиялық экономикалық комиссияның тұтынушылардың теміржол көлігі ұйымдары олардың құқықтарын бұзғаны туралы өтініштерін қарау қағидалары ЕЭК Кеңесінің шешімімен қабылдануы мүмкін «Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) теміржол тасымалы саласында қызметтер көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру кезінде теміржол тасымалдаушыларының және инфрақұрылымдық кәсіпорындардың қызметтер көрсетуіне адал және экономикалық негізделген тарифтер белгілеу мәселесі ерекше мәнге ие. Біз тұтынушылар үшін өз құқықтарын қорғау бойынша саналы мүмкіндіктер жасауымыз және барлық мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуіміз қажет», – деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Ержан Нұрахметов ЕЭК-тің тұтынушылардың теміржол көлігі ұйымдарының тасымалдау бойынша теміржол көлігі қызметтерін көрсетуге тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі іс-әрекеттерімен өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы өтініштерін қарау қағидалары туралы келісімнің жобасын қарауға арналған кеңесте.​
02 майдың 2017 Сергей Сидорский: «Біздің мақсатымыз – агроөнеркәсіптік кешенге инновациялық технологияларды енгізуді жылдамдату» Еуразиялық ауыл шаруашылығы технологиялық платформасының қызметі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің ауыл шаруашылығында бірінші кезекті міндеттерді бірлесіп шешу үшін ғылыми әлеуетті жұмылдыруға бағытталуы тиіс, деп есептейді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский. «Бұл, ақыр соңында, инновациялық өнімдер әзірлеуге және оларды АӨК-ке енгізуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз қосылған құнның барлық тізбегі Одақта жүргізілгенінде болып отыр», – деп мәлімдеме жасады Сергей Сидорский Еуразиялық ауыл шаруашылығы технологиялық платформасының ЕЭК-те өткен Үйлестіру кеңесінде. ​
Тағы да көрсету