тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6869
28 ақпанның 2017
ЕАЭО елдерінің ішкі су жолдарына кіру оңайлатылуға тиіс
Кеме қатынасы туралы келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішкі су жолдарына кіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Максим Асаул Женевада өткен ББҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының ішкі су көлігі бойынша жоғары деңгейдегі конференциясында айтып берді.
28 ақпанның 2017
Беларусь пен Қырғызстан салық салу саласындағы тосқауылдарды алып тастауда
Беларусь пен Қырғызстан ауыл шаруашылығының және балық шаруашылығының кейбір өнімдеріне ҚҚС бөлігіндегі тосқауылдарды алып тастауда. Салық салуға өзгерістер Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарықтарына тауарлар мен қызметтер көрсетудің еркін тасымалдануы үшін тосқауылдарды жою және олардың пайда болуына жол бермеу жөніндегі жұмыс шеңберінде өтетін болады.
28 ақпанның 2017
ЕАЭО мен Иран арасындағы шекараны кесіп өту рәсімі оңайлатылуы мүмкін
Женевада екіжақты кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул Жунусов пен Иранның Жолдар және қаланы дамыту министрі Аббас Ахунди көлік және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Әңгіме Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран арасындағы шекараны кесіп өту рәсімін оңайлату, транзит және көлік дәліздерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету туралы болды.
28 ақпанның 2017
ЕАЭО-да дәрілер бес есе арзандауы мүмкін
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) сол тауарларға «қатарлас» импортты енгізу есебінен дәрілер бес есе, автомобильдердің қосалқы бөлшектері мен парфюмериялық-косметикалық өнімдер екі-үш есе арзандауы мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов 28 ақпанда Мәскеуде қатысушы елдердің монополияға қарсы органдарының басшыларымен өткен кеңесте хабарлады. Министрдің айтуынша, «қатарлас» импорт ЕАЭО елдерінде импортталатын көптеген тауарларға бағаны едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
28 ақпанның 2017
Балалар ойыншықтары, аттракциондар мен тұрмыстық электр аспаптары ЕАЭО елдерінде қауіпсіздеу болады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (ЕЭК) шағын көлемді, өте күшті, бекітілмеген магниттерді ойыншықтарда пайдалануға тыйым салуды мақұлдады, Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондарға және электр техникасы мен радиотехника бұйымдарындағы қауіпті заттарға арналған техникалық регламенттеріне өтпелі ережелерді белгіледі, техникалық реттеу, өнеркәсіп және АӨК, кедендік ынтымақтастық салаларында басқа бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
27 ақпанның 2017
ЕЭК министрі Татьяна Валовая: «Бразилиямен ынтымақтастық ЕАЭО-ның Латын Америкасымен байланысын нығайта түседі»
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Бразилиямен және Оңтүстік Америка мемлекеттерінің жетекші интеграциялық бірлестіктерімен (МЕРКОСУР) сауда-экономикалық өзара іс-қимылы мәселелері ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валоваяның Бразилияның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонио Луис Эспинола Салгадомен кездесуінде талқыланды.
27 ақпанның 2017
ЕАЭО Еуропалық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда
«Германия бизнесі ЕАЭО құру экономикалық жағынан өзін-өзі ақтайды деп есептейді» - ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян «Жаңа қағидалар, жаңа кеңістіктер – Ресейдегі және ЕАЭО-дағы мүмкіндіктер» атты конференция алдында Ресей-Германия сыртқы сауда палатасы жүргізген зерттеулердің қорытындысына осындай түсіндірме берді. Тигран Саркисян және ЕЭК Алқа мүшелері (министрлер) Карине Минасян мен Мукай Кадыркулов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағында бизнестерін жүргізіп жатқан немесе ЕАЭО елдеріне инвестициялар салу мүмкіндіктерін қарастырып жатқан немістің 400-ден астам іскер тобы өкілдерін жинаған форумның негізгі спикерлері болды.
22 ақпанның 2017
ЕЭК министрі Валерий Корешков: «ЕАЭО-да денсаулық сақтау және халықаралық сауда қажеттіліктеріне сай келетін дәрілер еркін айналыста болады»
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) дәрілердің сапасына қойылатын талаптардың бірыңғай жиынтығын - Фармакопеяны құру сапалы дәрілер мен препараттар шығару үшін ғана емес, сонымен бірге Одақта фармацевтикалық өнеркәсіптің тұрақты дамуы үшін де қажет. Сайып келгенде, ЕАЭО азаматтары қауіпсіз және сапалы дәрілермен қамтамасыз етілетін болады.
Тағы да көрсету