тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6936
26 майдың 2017
Үкіметаралық кеңес АӨК саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тәртібін мақұлдады
Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын (ҒЗТКЖ) ұйымдастыру тәртібін Одақ елдерінің ғылыми және инновациялық әлеуетін тиімді пайдалану, агроөнеркәсіптік салада ғылыми зерттеулердің қайталануын болдырмау және АӨК саласындағы ғылыми және инновациялық қызметте кооперацияны өрістету үшін әзірледі.
26 майдың 2017
ЕАЭО-да ерекшелікті субсидияларды ерікті келісу бойынша келісімге қол қойылды
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Қазанда өткен отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің өнеркәсіптік тауарларға ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) ерікті келісу және Комиссияның оларды ұсынуға байланысты тергеп-тексеру жүргізуі тәртібі туралы келісімге қол қойды.
26 майдың 2017
ЕАЭО-да «бірыңғай терезені» енгізу бойынша жұмыс жандандырылады
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Қазанда өткен отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің премьер-министрлерін «бірыңғай терезе» механизмін дамыту жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті.
25 майдың 2017
ЕЭК министрі Карине Минасян: «Цифрлық экономикада тұтынушылар мен инновациялық стартаптар негізгі әрекет етуші тұлғаларға айналады»
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян Иннополисте (Ресей) «Өнеркәсіптік Ресейдің цифрлық индустриясы – 2017» бүкілресейлік конференциясы шеңберіндегі «Цифрлық экономика – жаңа технологиялық құрылысқа көшу» жалпы сессиясында Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) цифрлық экономиканы дамытудың ықтимал векторлары туралы айтып берді.
25 майдың 2017
ЕЭК министрі Сергей Сидорский: «Комиссия қызметінің негізгі бағыты ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік ынтымақтастығына инновацияларды енгізу болып табылады»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері 2016 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі өсімінің оң қарқынына шықты. Жалпы Одақ бойынша ол 0,9%-ды құрайды. Кооперациялық жеткізулер 1,2%-ға өсті. ЕАЭО-да өнеркәсіптік өсуді қалпына келтіру едәуір дәрежеде интеграциялық процестермен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Минскіде өткен Беларусь өнеркәсіптік форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский мәлімдеді.
25 майдың 2017
ЕАЭО-да авиатасымалдаудың ортақ нарығын қалыптастыру бойынша «жол картасын» дайындау аяқталды
ЕАЭО елдерінде әуе қатынасы туралы көптарапты келісім жасасудың орынды екендігі туралы шешім әртүрлі халықаралық интеграциялық бірлестіктердің авиатасымалдауды реттеу практикасын зерделегеннен және 2018-2020 жылдары авиатасымалдаудың ортақ нарығын қалыптастыру бойынша «жол картасының» іс-шараларын іске асырғаннан кейін қабылданатын болады. Бұл туралы 24 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінде Одақ елдерінің көлік ведомстволарының өкілдері уағдаласты.
24 майдың 2017
ЕЭК министрі Татьяна Валовая: «БҰҰ алаңы интеграциялық бірлестіктер арасындағы диалог үшін бірегей болып табылады»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде интеграцияны тереңдету Еуразиялық мемлекеттер «бестігін» Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орнықты даму мақсаттарын іске асыруға жақындатады. Мұндай мәлімдемені Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОСОС) дамуын қаржыландыру жөніндегі жыл сайынғы форумында жасады. Іс-шара 22-25 мамыр аралығында Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде өтуде. ЕЭК министрі Татьяна Валовая іс-шараның министрлік сегментіне қатысуда.
23 майдың 2017
ЕЭК Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығымен ынтымақтастықты дамытуда
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Олег Артамонов Батумиде (Грузия) өткен «Грузияның және Еуразия елдерінің зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту перспективалары» атты конференцияда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың әзірленіп жатқан жобасының негізгі ережелерін таныстырды. Іс-шараны Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы Грузияның Әлеуметтік қызмет көрсету агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Тағы да көрсету