Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитет жанындағы көші-қон жөніндегі жұмыс тобына қатысушылар Ресей Федерациясында "өзін-өзі жұмыспен қамтитындар" ретінде еңбек қызметін жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері азаматтарының болу мерзіміне қатысты мәселелерді қарады.
Отырысқа ЕЭК-тің, Одақ елдері уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ көші-қон және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі сарапшылар қатысты.
Комиссияның Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Олег Артамонов Ресейде "Кәсіптік табыс салығы" арнайы салық режімін белгілеу жөнінде эксперимент жалғасып жатқанын, соның шеңберінде Одақ елдерінің азаматтары "өзін-өзі жұмыспен қамтитындар" ретінде тіркелуі мүмкін екендігі туралы хабарлады.
Ресей ФСҚ деректері бойынша, 2023 жылдың тоғыз айы ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің "өзін-өзі жұмыспен қамтитын" 183 мыңнан астам азаматы тіркелген", – деп атап өтті ЕЭК өкілі.
Жұмыс тобының қатысушылары – Ресей ІІМ өкілдері Ресей Федерациясында еңбек қызметін "өзін-өзі жұмыспен қамтыған" ретінде, азаматтық-құқықтық келісім-шарт (соның ішінде мердігерлік келісім-шарт немесе ақылы қызмет көрсету шарты және басқа да ұқсас шарттар) бойынша жүргізетін адамның Одақ мемлекеттерінің бірінің азаматы болуы оның Ресей Федерациясының аумағында болу мерзімін ұзартуға негіз бола алатыны туралы айтты.
Талқылау қорытындысы бойынша ЕАЭО азаматтарының – кәсіптік табыс салығын төлеушілердің болу мерзімін ұзарту механизмі мәселесіне орайлас жалпы тәсілдемені әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.