Жаңалықтар

10.06.2022

Төмен кернеулі жабдыққа арналған техрегламентке өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі төмен кернеулі жабдыққа арналған техрегламентке өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, оның қолданылу саласынан бұрын пайдаланылған төмен кернеулі жабдық алып тасталады. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың машина жасау өніміне, лифтілерге және жарылыс қаупі бар орталардағы жұмыс үшін жабдыққа арналған үш техникалық регламентінің қолданылу саласынан төмен кернеулі жабдық алып тасталды.

Ұғымдық аппарат, пайдалану құжаттамасында көрсетілетін мәліметтердің құрамы, сертификаттау нысанында қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растауға жататын төмен кернеулі жабдықтың тізбесі нақтыланды.

  Өзгерістерді Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитеті ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп әзірледі. Құжат техрегламенттің қолданылу саласын нақтылауға, Одақтың басқа да қабылданған техрегламенттері ережелерінің қосарласуын болдырмауға бағытталған.

Өзгерістер ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

ЕЭК Алқасының жеке шешімімен өзгерістер күшіне енгенге дейін берілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қолдану бойынша өтпелі ережелер белгіленетін болады. Өтпелі кезеңнің мерзімі қалыптасқан практиканы ескере отырып белгіленеді.