Гүлнұр Төлеуғазықызы Смағұл 1981 жылы Қарағанды облысында (Қазақстан) дүниеге келген. Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (экономист мамандығы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Салық комитетінде бастады.
2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.
2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және ДСҰ-ға кіру департаментінің сауданы реттеу басқармасының бас маманы, бастығы болып қызмет атқарды.
2010-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.
2019 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті директорының орынбасары болды.
2024 жылғы 4 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.