2009 жылдан 2014 жылға дейін Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігінде жұмыс істеді. Содан кейін бес жыл бойы Қырғыз Республикасының Экономика министрлігінде жұмыс істеді, онда Кеден саясаты және тарифтік емес реттеу басқармасын, содан кейін Сауда саясаты және лицензиялау басқармасын басқарды. 2019 жылдан бастап 2021 жылдар аралығында Қырғыз Республикасы Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, онда соның ішінде стратегиялық даму саясаты және жоспарлау бөлімін басқарды. Сондай-ақ 2019 - 2021 жылдар аралығында Банктерді тарату жөніндегі агенттіктің Директорлар кеңесінің төрағасы болды. ЕЭК-ке Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің кеңесшісі қызметінен келді.
Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің «Экономика үздігі» төсбелгісімен, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден қызметінің «Кеден ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» медалімен, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік салық қызметінің «Салық ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» медалімен, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің «Биримдик» медалімен және басқа да ерекшелік белгілерімен марапатталған.
2022 жылғы 5 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.