Жаңалықтар

27.04.2022

Максим Ким ЕЭК-тің Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Максим Александрович Ким 1991 жылы Қырым облысында туған. 2014 жылы Харьков ішкі істер ұлттық университетін бітірген.

2015 — 2022 жылдары Федералдық техникалық реттеу және метрология агенттігінде Техникалық реттеу және стандарттау басқармасының 1 разрядты маманынан бастап Метрология, мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы бастығының орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2022 жылғы 25 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.