20 жылдан астам – 1998 - 2022 жылдары Бішкек қаласында Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаментінде жұмыс істеді. Бақылау талдау зертханасы орталығы меңгерушісінің орынбасары, сертификаттау бөлімінің меңгерушісі, Дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаменті дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау басқармасының бастығы, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2022 жылғы 3 наурызда ЕЭК-тің Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.