тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6861
22 қазанның 2019
ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің салық жүйелеріне шолу дайындады
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қаржы саясаты департаменті «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық жүйелеріне шолу» баяндамасын ұсынды. Шолуда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің: Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының ұлттық заңнамасына өзгерістер қаралады. Бұдан басқа, олардың салық жүйелерінің жай-күйі талданады, негізгі салықтардың ставкалары және басқа ақпараттық-анықтамалық материалдар келтіріледі.
22 қазанның 2019
ЕАЭО-да стратегиялық жоспарлау жүйесімен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін цифрлық инвестициялық платформа құрылады
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 21 қазанда өнеркәсіптік ынтымақтастық, макроэкономика, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығының жұмыс істеуі салаларындағы мәселелерді қарады.
22 қазанның 2019
2019 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО-ның Моңғолиямен тауар айналымы 15% артты
21 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде Комиссия мен Моңғолия Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті. Топтың тең төрағалары – ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев пен Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Батмонхийн Батцэцэг – тараптардың Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде өнімді диалогты өсірудің стратегиялық мақсаттарына берілгендігін растады.
22 қазанның 2019
ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Тосқауылсыз сауда жағдайларын жасау - ЕАЭО мен ҚХР арасында техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды шарты»
Халықаралық электр техникалық комиссияның Бас ассамблеясы отырысы шеңберінде 21 қазанда Шанхайда (Қытай) ҚХР Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқару вице-министрі Тиан Шихонгпен жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко: «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде техникалық реттеу саласында, бәрінен бұрын тараптарда өндірілген өнімді нарыққа жіберу рәсімдерін оңайлату жөнінде жүзеге асырылатын үлкен жұмыс күтіп тұр», – деп мәлімдеді.
22 қазанның 2019
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Германия ЕАЭО-ның маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылады»
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина Нұр-Сұлтанда (Қазақстан Республикасы) өткен неміс бизнесінің «Еуразиялық экономикалық одақ: маңызы, жетістіктері, даму перспективалары» III халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінде практикалық инвестициялық жобаларды іске асырудағы герман бизнесінің елеулі рөлін атап өтті.
21 қазанның 2019
ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Бақылау және қадағалау органдарының тиімді өзара іс-қимылы ЕАЭО нарығын қауіпті өнімнен қорғауға көмектеседі»
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко оның төрағалығымен ЕЭК-те 17 қазанда өткен жоғары деңгейдегі кеңес барысында: «Еуразиялық экономикалық одақ елдері қадағалау органдарының өзара іс-қимылының дұрыс құрылған тиімді жүйесі нарықтағы қауіпті өнімді анықтауды және оны айналыстан алып қоюды қамтамасыз етеді», – деп мәлімдеді.
21 қазанның 2019
ЕЭК-те цифрлық экономиканы өлшеу жөніндегі жұмыс тобы пайда болады
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен болып өткен Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің он бесінші отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) статистикалық қызметтің қорытындыларын талқылады және мүше мемлекеттермен келісілген статистикалық жұмыстарды жүргізудің 2020 жылға және 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекітті. Бұдан басқа, Консультативтік комитет жанынан цифрлық экономиканы өлшеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы ұсынысты қолдады.
21 қазанның 2019
ЕЭК пен ЕКЭЛҰО екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын нақтылады
Бизнес пен көлік ұйымдарының мүддесіне негіздей отырып, көлік саласындағы проблемалық мәселелер мен кедергілерді анықтау жөніндегі жұмыста Еуразиялық көлік, экспедиторлық және логистика ұйымдары одағы (ЕКЭЛҰО) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) көлік блогының түйінді әріптесі болып қала берді. Новороссийскіде (Ресей Федерациясы) өткен, ЕЭК өкілдері де қатысқан ЕКЭЛҰО Кеңесінің отырысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тағы да көрсету