тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6857

11 шілденің 2018 ЕЭК Кеңесінде вице-премьерлер ЕАЭО ішкі нарығының неғұрлым сезімтал бес проблемасын талқылайды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мемлекеттері арасындағы өзара саудадағы неғұрлым сезімтал кедергілер, сондай-ақ оларды жою жөніндегі іс-шаралар Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитеттің бесінші отырысында талқыланды. Мұндай кедергілердің арасында - электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану мәселесі, жекелеген салаларда мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларға қол жеткізу, ЕАЭО елдерінен әкелінетін жекелеген тауарларға бақылау бағаларының төмен деңгейін қолдану жағдайларын болдырмау, Одақтың барлық елдерінде ветеринариялық бақылау (қадағалау) жүйесін өзара тану, Одақ мемлекеттерінен жеткізілетін алкоголь өніміне қатысты қамтамасыз етуші төлем алу бар.​
11 шілденің 2018 ЕЭК пен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі ЕАЭО-ның өнеркәсіптік блогының алты жылдық жұмыс қорытындысын талқылады Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «бестік» елдері қолдаған және ЕАЭО туралы шартқа енген Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) келісілген өнеркәсіптік саясат жүргізу жөніндегі тәсілдемелерді қалыптастырды. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіптік блогының интеграциялық жұмысының тұтастай бірқатар бағыттары бойынша айтарлықтай практикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осы туралы ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік блогының 2012-2018 жылдар кезеңі ішіндегі жұмыс қорытындыларына арналған жұмыс кездесуі кезінде мәлімдеді.​
Тағы да көрсету