тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6861
18 майдың 2017
ЕЭК ЕАЭО бірыңғай нарығында контрафактіге және фальсификатқа қарсы күресті күшейтеді
Тараптар Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі бірлескен шараларын талқылады.
18 майдың 2017
ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім Одақ тауарларының қытайлық нарыққа шығуына және Қытаймен неғұрлым табысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді
Бішкекте (Қырғыз Республикасы) өткен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Іскерлік кеңесі Төралқасының алтыншы отырысында талқылаудың басты тақырыбы Еуразиялық экономикалық одақтың Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) сауда-экономикалық келісімін (СЭК) дайындауда ЕАЭО Іскерлік кеңесінің рөлі болды.
18 майдың 2017
ЕАЭО мемлекеттерінің кеден органдары Одақтың кез келген елінде берілген техрегламенттердің талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжатты қабылдауы тиіс
17 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің кеден органдары ЕАЭО-ның кез келген мемлекеті берген сәйкестікті бағалау туралы бірыңғай құжаттарды қабылдауды және Одақ аумағында үшінші елдердің осындай құжаттары бар тауарларын айналысқа жіберуді қамтамасыз етуі тиіс екендігі туралы шешім қабылданды.
18 майдың 2017
ЕАЭО-ның Қытаймен кедендік ынтымақтастығы жаңа келбетке ие болды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов пен ҚХР Бас кедендік басқармасының басшысы Юй Гуанчжоу Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) кедендік әкімшілендіру және одан әрі ынтымақтастық перспективалары саласындағы өзара іс-қимылдардың негізгі мәселелерін талқылады. Кездесу «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумы шеңберінде Бейжіңде өтті.
17 майдың 2017
Мәскеуде «СТАНКИН» ММТУ алаңында Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құрылатын болады
Тараптардың шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің бірлескен орталығы – Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық (СЕИО) Мәскеуде «СТАНКИН» ММТУ алаңында орналасатын болады. Бұл туралы ЕЭК жанындағы Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің 16 мамырдағы отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев хабарлады. Өз кезегінде, «СТАНКИН» ММТУ Стандарттау саласындағы құзыреттер орталығының директоры Алексей Барыкин құрылтай құжаттарының жобалары мен СЕИО құру және оның жұмысын қамтамасыз ету бойынша 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын ұсынды.
17 майдың 2017
ЕАЭО елдері өздерінің ғарыштағы ресурстарын біріктіреді
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері бір метрден аз қашықтыққа рұқсаты бар мультиспектрлік режимдегі түсірілімді жүзеге асыратын қазіргі заманғы спутниктер тобын алады. Бұл «Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ресурстарын біріктіру негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсету бойынша интеграциялық жүйесін құру» жобасын іске асырудың нәтижесі болады. Бұл туралы ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитетінің 16 мамырда өткен он үшінші отырысында мәлімдеді.
17 майдың 2017
ЕЭК Кеңесі балалардың ойын алаңдарының жабдықтарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін ЕАЭО техрегламентін қабылдады
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қабылдады. Онда балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтар мен жабындылардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ олармен байланысты жобалау, өндіру, монтаждау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптар белгіленген. Атап айтқанда, жабдықтың конструкциясы оның беріктігін және орнықтылығын қамтамасыз етуі, ортаның агрессиялық дәрежесін ескере отырып, коррозиядан және ескіруден қорғалған болуы тиіс. Жабдықта баланың денесі немесе киімі кептеліп қалмауы тиіс, үшкір ұштар немесе жиектер болмауы тиіс.
17 майдың 2017
«Металлургия технологиялары және жаңа материалдар» Еуразиялық инновациялық технологиялық платформа бойынша ақпарат нақтыланды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі Комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне оны «Металлургия технологиялары және жаңа материалдар» Еуразиялық инновациялық технологиялық платформасы (ЕТП) қызметінің мақсаттары, міндеттері, негізгі бағыттары туралы ақпараттармен, сондай-ақ құрылтайшылары туралы деректермен толықтырып, өзгерістер енгізді. Бұл қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде құрылған он екінші технологиялық платформа.
Тағы да көрсету