тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6867
30 қазанның 2020
Андрей Слепнев ЕАЭО мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытудың «жол картасын» әзірлеуді ұсынды
28 қазанда ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ван Шоувэнь төрағалық еткен бірінші отырысында сауда-экономикалық қатынастардың дамуы қаралды. Тараптар келісімді іске асыруға бағытталған«жол картасын» әзірлеуді талқылады.
30 қазанның 2020
ЕАЭО-да даму институттары шеңберінде қуып жетуші экономикаларды қаржыландырудыңмүмкіндіктері қаралады
Еуразиялықэкономикалық комиссия Алқасы Еуразиялықэкономикалық одақмемлекеттерінің Үкіметтерімен,Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) әріЕуразиялық тұрақтандыру және даму қорымен (ЕТДҚ) бірлесіп,жұмыс істеп тұрған даму институттары шеңберінде ЕАЭО-ның қуып жетуші экономикаларын дамыту үшіннысаналы қаржыландырудың механизмдері мен бағдарламаларын ендіру туралы Қырғыз Республикасыныңұсынысын пысықтайды. 30 қазандағы отырыста ЕЭК Кеңесі осындай тапсырма берді.
30 қазанның 2020
ЕАЭО-да қауіпсіз емес өнім туралы хабардар етудің бірыңғай жүйесі жұмыс істей бастайды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды аяқтау мерзімі — 2021 жылғы 1 шілде деп айқындады.
30 қазанның 2020
ЕЭК Кеңесінің қорытындылары
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 30 қазандағы отырысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Куба РеспубликасынаЕуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы шешімінің жобасымақұлданды. Түпкілікті шешімді Одақ мемлекеттерінің басшыларықабылдайтын болады.
28 қазанның 2020
Дәрілік заттарды тіркеу қағидалары ұлттық тіркеу дерекнамаларына 2025 жылға дейін өзгерістер енгізу мүмкіндігін түсіндіреді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренконың төрағалық етуімен 26 қазанда өткен Дәрілік заттар жөніндегі сарапшылық комитеттің үшінші отырысында Дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістердің жобасы қаралды. Өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысын реттеудің ортақ тәсілдемелерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы қағидаларды қолдану практикасын ескере отырып дайындады.
28 қазанның 2020
Тимур Жақсылықов: «ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру капитал мен қаржылық қызметтер көрсетудің еркін қозғалысы үшін қазіргі бар тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді»
Қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Қаржылық қауіпсіздік аумағы» V халықаралық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерін іске асыру жұмысы туралы айтып берді.
28 қазанның 2020
ЕАЭО-да озыңқы даму стратегиясын іске асыру ұсынылды
28 қазанда Мәскеуде Президент-отельде өткен «Интеграция: озыңқы даму стратегиясы» атты ЕАЭО іскерлік форумына қатысушылар пандемия салдарын қалай жою және Еуразиялық экономикалық одақты озыңқы өсу траекториясына қалай шығару туралы ұсыныстарын білдірді.
28 қазанның 2020
Кедендік құжаттар құрылымының жаңа версиялары қабылданды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 27 қазанда негізгі кедендік құжаттар құрылымы жиынтықталымының жаңа версиясын (тауарға арналған декларация, транзиттік декларация және оның бөлінбес бөліктері – тауарға арналған декларацияны түзету мен кедендік құн декларациясы), сондай-ақ тауарға арналған декларацияны бергенге дейінгі тауар шығару туралы өтініш құрылымының жаңа версиясын бекітті.
Тағы да көрсету