Жаңылыктар

14.09.2021

ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ жаңа редакциясы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) халықаралық негізі болып табылатын Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үндестірілген жүйесінің (ҮЖ) жетінші басылымы күшіне енеді.


ҮЖ-нің 2022 жылғы басылымы – Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) тұрақты негізде жүргізетін номенклатураны жан-жақты қайта қараудың кезекті бесжылдық циклінің нәтижесі. ДКҰ ақпараты бойынша, ҮЖ басылымы әлемдік сауданың сипаты мен құрылымының өзгерісіне, жаһандық сипаттағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерге негізделген 350-ден астам түзету сериясын қамтиды.

Еуразиялық экономикалық комиссия 2020-2021 жылдары сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін (ЕАЭО БКТ) халықаралық негізге сәйкес келтіру жөнінде белсенді жұмыс жүргізді.

Комиссия Кеңесі 14 қыркүйекте осы құжаттардың жаңа редакциясын бекітті.

«Бұл ретте келесі жылдың қаңтарынан қолданыла бастайтын ЕАЭО БКТ жаңа редакциясында кедендік әкелу бажының ставкалары қолданыстағы деңгейінде сақталған және толық шамасында Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерді ескереді»,- деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

ЕАЭО СЭҚ ТН жаңа редакциясын бекітумен бір мезгілде Комиссия Одақ құқығын өзектілендіру жұмысын жүргізеді.