Жаңылыктар

05.10.2021

ЕАЭО-да азаматтық қорғаныс және ТЖ-дан қорғау мақсатына арналған өнімге қатысты техникалық регламент бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың «Азаматтық қорғаныс және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатына арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қабылдады. Техрегламентті Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп Ресей ТЖМ әзірледі.

Техрегламент төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін арттыруды, сондай-ақ ұсынылатын техникалық шешімдер бөлігінде өнімге қойылатын талаптарды біріздендіру есебінен шүғыл шешімдер қабылдау кезіндегі мемлекетаралық өзара іс-қимылдың ұтқырлық деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Мысалы, қорғау-герметикалық құрылғыларға, желдеткіш агрегаттар мен сүзгілерге, бергіштерге, авариялық-құтқару машиналарына, робот техникалық құралдарына, зардап шеккендерді іздеу аспаптары мен құралдарына және басқаларға қолданылады.

Техрегламент:

-азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарындағы адамдардың зақымдануы және қаза болуы;

-азаматтық қорғаныс өнімдерін пайдалану кезіндегі жарақаттану және адамдардың қаза болуы;

- төтенше жағдайларда авариялық-құтқару құралдары мен деректерді беру құралдарының істен шығуы;

-төтенше жағдайлар мониторингінің техникалық құралдарының қателері мен анық еместігі;

-басқару органдары мен халықты шұғыл құлақтандыруды және хабардар етуді кешіктіру немесе бұзу қаупі қатерлерін ескереді.

 

Техрегламент 2023 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді әрі Одақ аумағында өнімге қойылатын бірыңғай талаптарды және оны нарыққа жіберу рәсімін айқындайды, осындай өнімнің қолданылу қауіпсіздігін және оның сәйкестікті бағалаудың бірыңғай құжаттарын ресімдеу арқылы бірыңғай экономикалық кеңістіктегі еркін айналысын қамтамасыз етеді.

 

Белгіленген тәртіпке сәйкес реттелетін өнімге қатысты өнеркәсіптің бірінші рет енгізілетін бірыңғай міндетті талаптарға бірқалыпты көшуі мақсатында техникалық регламентті қолдану үшін өтпелі ережелер белгіленетін болады.

«Жаңа техникалық регламенттің қабылдануымен бірыңғай техникалық регламенттердің жалпы саны 50-ге жетті. Тағы да 3 техникалық регламент дайындықтың жоғары сатысында тұр. Сөйтіп, Одақтағы бүкіл өзара айналыстағы өнім бірыңғай экономикалық кеңістіктегі оның еркін айналысы мақсатында дәйекті қамтылады»,- деп түсіндірме жасады ЕЭК-тің Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев.