Жаңалықтар

13 ақпанның 2025 Андрей Слепнев: "Күшейе түскен бәсекелестікті ескере отырып, халықаралық нарықтарда бизнеспен бірлескен жұмысты жандандыру қажет" Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы ұйымдастырған "2025 – жаңа мүмкіндіктер жылы" халықаралық форумының қатысушыларына осындай шақырумен қайырылды. "Егер 2024 жылғы сауда бойынша цифрларды алып қарасақ, олар жеткілікті түрде айқын айғақты. Одақішілік сауда 10% өсті және бұл бір жыл бұрынғы байсалды өсімнен кейінгі жай. ЕАЭО-ның үшінші елдермен сыртқы саудасы тауар айналымы бойынша іс жүзінде өзгерген жоқ, бұл ретте экспорт 1,2%, ал сауда сальдосы 17,3% қосты", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Оның сөзінше, мұндай цифрлар Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі сауданы оқшаулау, шектеу немесе қандай да бір жолмен тұрақсыздандыру әрекеттері сезілерліктей болса да, өз мақсатына жете алмағанын көрсетеді. Сауда дамып келеді, бизнес алға басып, әріптестермен қарым-қатынасты жалғастырудың жолдарын іздеп таба түсуде. Андрей Слепнев форум тақырыбына жүгіне отырып, қазір ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктер, соның ішінде жаңа сыни шақырыстарға жауап та болып табылатынын атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл сыни шақырыстарды екі негізгі тармаққа тіреуге болады. Біріншісі — Ресей мен Беларусь үшін өзіндік ерекшелікті және санкциялық қысымнан тұрады. Екіншісі — әлемдік сауда жүйесінің қазірдің өзінде жаһандық трансформация кезеңіне толық көлемде енуіне байланысты. ЕЭК министрі: "Біз қазір сауда соғыстары кезеңін бастан өткеріп жатырмыз және өз перспективамызды осы тұрғыда түсінуіміз керек", – деп, қатысушылар назарын соған аударды. "Бәрінен бұрын, халықаралық әріптестердің Одақпен өзара іс-қимылға қызығушылығы сауда саласында өте зор екенін айтқым келеді. Бүгінде біз Иранмен бұрын-соңды болмаған еркін сауда туралы келісімді имплементациялаумен айналысудамыз, Үндістанмен белсенді консультациялар жүргізілуде, осы жылдың өзінде-ақ БАӘ-мен келісімге қол қойылуын күтудеміз", – деп хабардар етті Андрей Слепнев. Ол басқа бағыттардың ішінен Оңтүстік Шығыс Азия нарығын түйінді бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетті. Ондағы жағдаят бүгінде өте тез өзгеруде, бұл соның ішінде АҚШ-тың Қытайға қатысты шараларына байланысты. Өңірде қазірдің өзінде ЕАЭО-ның Вьетнаммен еркін сауда туралы келісімі қолданылады, Индонезиямен келіссөздер ойдағыдай жүргізілуде. "Бәсекелестік барған сайын арта түседі, сол себепті біздің экспорттық күш-жігеріміз осы бәсекелестікке төтеп беру әрі осы нарықтардағы өз мүдделерімізді қорғап қалу үшін одан әрі жандандырылуы керек. Бұл реттеуші ретінде бізге де, елдеріміздің бизнес-қоғамдастығына да қатысты", – деді министр сөзінің соңында.  
12 ақпанның 2025 Арзыбек Кожошев БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесті Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Татьяна Молчан көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады, өзара іс-қимылдың перспективалары мен түйінді бағыттарын белгіледі. Тараптар құзыреттіліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, тәжірибе алмасуға және көліктің жүру жолындағы кедергілер санын азайту бойынша тиімді жұмыс істеуге диалог мүмкіндік беретінін атап өтті. "Біз ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасын халықаралық нормалармен және стандарттармен үндестіруге ұмтыламыз, бұл соның ішінде БҰҰ келісімдері мен конвенцияларында тіркелген халықаралық тасымал мен транзитті жеңілдетуге бағытталған", – деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Ол өткен жылы Еуразиялық экономикалық форумға қатысқаны үшін БҰҰ ЕЭК өкілдеріне алғысын білдіріп, 2025 жылғы мамырда Минскіде өтетін ЕАЭО-ның басты іскерлік іс-шарасына қатысуға шақырды. Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитетінің 87-ші сессиясы шеңберінде өтті. 
12 ақпанның 2025 ЕАЭО-да түсті металлургиядағы кооперациялық ынтымақтастықты дамытудың басымдықты бағыттары айқындалды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың қолда бар интеграциялық әлеуетін ескере отырып, түсті металлургиядағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа перспективалық бағыттары бойынша ұсыным қабылдады. "Бұл — қаржылық жәрдемдесу механизмін қолдану мүмкіндігін ескере отырып, түсті металлургияның инновациялық өнімдерінің бірлескен өндірісі, салада озық технологияларды ендіру, осы салада жасыл күн тәртібін іске асыру, сондай-ақ түсті металдардың сынығын қайта өңдеу саласында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру", — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян. ЕАЭО түсті металлургия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін ЕАЭО сайтында орналастырылған осы саладағы кооперацияның перспективалық бағыттарының тізбелерін пайдалану ұсынылады. Тізбелер — ашық және мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін. "Ұсынымды қабылдау ЕАЭО елдерінде саланы дамытудың ағымдағы басымдықтарын ескере отырып, түсті металлургиядағы кооперацияны одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Кооперацияның перспективалық бағыттарының тізбелері, атап айтқанда, ферромолибден, титан, ванадий-алюминий лигатурасы, мыс сым, бериллий қоласы, алюминийден жасалған бірқатар бұйым (алюминий ұнтақтары мен пасталары, жеңіл балқитын алюминий доңғалақ дискілері, алюминий құрсаулар мен велосипед рамалары) сияқты түсті металлургия өнімдерін өндіруді қамтиды. 
12 ақпанның 2025 ЕЭК Еуропалық экономикалық комиссиямен кеден саласындағы ынтымақтастықты дамытады БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитетінің 87-ші сессиясының аясында ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен жұмыс кездесуін өткізіп, кеден саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Тараптар көлік дәліздерін дамыту, кедендік транзит және өткізу пункттерін жайластыру жөнінде пікір алмасты. Сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға және СЭҚ қатысушыларының шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде "бірыңғай терезе" механизмін енгізудің маңыздылығы да атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының, соның ішінде 2013 жылдан бастап қолданылып жүрген Өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастығын тереңдетудің маңыздылығы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 
11 ақпанның 2025 Арзыбек Кожошев БҰҰ ЕЭК-те ЕАЭО-дағы көлікті көміртексіздендіру жұмысы жайында айтты ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Ішкі көлік комитетінің Женевада өтіп жатқан 87-ші сессиясына қатысты. Іс-шараның түйінді тақырыбы көлікті көміртексіздендіру болды. "Бүгінгі таңда біздің өмірімізді көліксіз елестету қиын, нақ сол мемлекеттер экономикасының көптеген секторы мен саласын дамытудың түйінді факторы болып табылады. Бұл ретте көлікті ұзақ мерзімді дамыту стратегияларын әзірлеу кезінде қоршаған орта үшін ықтимал салдарды назарға алу қажет", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық комиссияның климаттық күн тәртібі жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті және ЕАЭО елдері қабылдап жатқан экономикалық саясат шаралары орнықты экономикалық өсуді қолдауға бағытталғанын атап өтті. Және де министр ЕАЭО-да Интеллектуалды көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасы мақұлданғанын атап көрсете келіп, Комиссияның цифрландыру және жолдарда хабарлау мен мониторингтің озық әдістерін ендіру жөнінде жүргізіп жатқан жұмысын бөлекше атап көрсетті. Арзыбек Қожошев таңдаулы технологияларды ілгерілету және іздеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның 2023 жылдан бастап "Жасыл Еуразия" халықаралық климаттық конкурсын өткізетінін хабарлады. Осыны өткізу барысында қазірдің өзінде оған 12 елден 300-ден астам практикашы қатысты. "Барлық деңгейдегі тығыз ынтымақтастық тек көлік саласын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға және климатқа деген теріс әсерді азайта алады", — деп атап өтті ЕЭК министрі.  
11 ақпанның 2025 Руслан Давыдов Женевада ЕАЭО-дағы кедендік реттеудің перспективалы бағыттарын таныстырды БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитетінің 87-ші сессиясында шекарадан өтуді жеделдету мен оңайлатуға, сондай-ақ кедендік рәсімдерді дамыту мен үндестіруге қатысты түйінді аспектілер талқыланды. Женевадағы іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов қатысты, ол сондай-ақ "2030 жылға қарай бағытталған жолдағы ішкі көлік секторындағы ойдағыдай іс-қимылдар мен шақырыстар" тақырыбындағы министрлік конференциясының да қатысушысы болды. Руслан Давыдов Еуразиялық экономикалық одақтағы шекарадан өтуді оңайлату және транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тәжірибе мен іске асырылып жатқан перспективалық жобалар туралы айтып берді. Ол 2024 жылғы 26 желтоқсанда ЕАЭО-ға қатысушы елдердің көшбасшылары қол қойған Кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімді таныстырып, Еуразиялық "бестікке" кірмейтін елдер де осы келісімге қосылуы мүмкін екенін атап өтті.  "Құжат нормалары барлық қатысушы елдің аумағы бойынша тасымалдау кезінде бірыңғай электрондық транзиттік декларацияны пайдалануды көздейді, бұл СЭҚ қатысушыларының уақыт және қаржы шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді", – деді Руслан Давыдов. Комиссияның кеден блогының басшысы ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды ендіруге және транзиттік тасымалдардың қаржылық кепілдіктерінің тиімді құралы болып табылатын кепілгерлік институтын дамытуға бөлекше назар аударды. ЕАЭО-да өткізу пункттерін жайластыруға қойылатын бірыңғай талаптарды және оларда цифрлық технологияларды ендірудің үздік практикасын жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса назар аударылды. "Өткізу пунктінің базалық элементі заттар интернетін, үлкен деректерді және жасанды интеллектті пайдалануға негізделген серпілісті технологияларды біріктіретін оның бірыңғай ақпараттық жүйесі болуға тиіс. Бұл мемлекеттік бақылаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыра отырып, тауарлардың, көлік құралдарының және жеке тұлғалардың ЕАЭО шекарасы арқылы өтуін жеделдетуге ықпал ететін болады", – деп атап өтті Руслан Давыдов.
11 ақпанның 2025 Медициналық бұйымдардың ЕАЭО-дағы олардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына сәйкестігін сақтау үшін стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 11 ақпандағы отырысында стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде медициналық бұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ерікті негізде медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына, оларды таңбалауға және олардың пайдалану құжаттамасына қойылатын талаптарға сәйкестігін толық немесе ішінара сақтау қамтамасыз етіледі. Өзгерістер бұрын тізбеге енгізілген үш стандарттың 2022-2023 жылдары қабылданған жаңа нұсқалары туралы деректерді енгізуді көздейді. Бұлар МемСТ Р ИСО 14155-2022 "Адамның субъект ретінде қатысуымен жүргізілетін медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер. Тиісті клиникалық практика", МемСТ Р ИСО 15223-1-2023 "Медициналық бұйымдар. Дайындаушы ұсынған ақпаратты беру үшін қолданылатын рәміздер. 1-бөлім. Негізгі талаптар" және МемСТ Р МЭК 62366-1-2023 "Медициналық бұйымдар. 1-бөлім. Пайдалану жарамдылығын ескере отырып, медициналық бұйымдарды жобалау". 
Тағы да көрсету