Жаңалықтар

27.06.2022 (Обновлено: 06.07.2022 14:47)

Бірінші Еуразиялық экономикалық форумның негізгі тезистері дайындалды



Атап айтқанда: импортты алмастыру жөніндегі нақты кооперациялық жобаларды іске асыруды, Одақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Одақтың цифрлық күн тәртібін толық мәнінде іске асыруды, есеп айырысулар үшін төлем жүйелері мен банк карталарының ұштасуы бойынша жұмысты жандандыруды қоса, халықаралық қаржы-есеп айырысу механизмдерін қалыптастыруды жеделдету, мүше мемлекеттердің «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастығын дамыту, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру жөніндегі жұмысты жеделдету, сауда және инвестициялық келісімдерді, соның ішінде ШЫҰ, АСЕАН және БРИКС елдерінің қатысуымен одан әрі өнімді дамыту, Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграцияны дамытудың негізгі басымдықтары болуға тиіс. Бұл туралы «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері» бірінші Еуразиялық экономикалық форумының нәтижелері бойынша тақырыптық сессиялардың қарарлары негізінде дайындалған негізгі тезистерде айтылады.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылған бірінші Еуразиялық экономикалық форум 26 мамырда Бішкекте (Қырғыз Республикасы) болып өтті. Форум Еуразиялық экономикалық комиссияның және Қырғыз Республикасының қолдауы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің қатысуымен өтті.

Іс-шараға қоғамның барлық түйінді секторларының: мемлекеттік ведомстволардың, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық құрылымдардың, саяси топтар, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің жастар қозғалысының өкілдері болып табылатын 2000-нан астам адам қатысты. Сондай-ақ форумға шетелдік делегаттар қатысты.

Форумды өткізудің мақсаттары: ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығын дамытудың перспективалық бағыттарын талқылау, қатысушы елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы кооперациялық байланыстарды кеңейту бойынша ұсыныстар дайындау, Одақ мемлекеттерінің инвестициялық және инновациялық әлеуетін біріктіру бойынша шаралар мен механизмдерді тұжырымдау, экспорттық әлеуетті дамыту болып табылады.

Форумның шарықтау шегі ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен өткен жалпы отырыс болды, онда Одақ мемлекеттерінің көшбасшылары жаһандық трансформация жағдайындағы интеграциялық процестерді дамытуды пайымдаумен бөлісіп, негізгі аспектілерді ортаға салды.

Жалпы отырыстың қорытындылары және пікірсайыс алаңдарының жұмыс нәтижелері бойынша қатысушылар болашақта Еуразиялық интеграцияны дамыту және тереңдету үшін ЕАЭО нормативтік құқықтық актілерін дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін ұсыныстар мен идеяларды білдірді.

Негізгі тезистердің толық мәтіні.