Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар

2013 жылдың 31 мамырында Жоғарғы Еуразия экономикалық Кеңесінің «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұлттық өнеркәсіптік саясаттарын үйлестірудің негізгі бағыттары" туралы шешімінің қабылдануына байланысты өнеркәсіптік саясат Департаменті аталған бағыттарды іс жүзінде орындау бойынша жұмыстар белсендендірілді, соның ішінде КО және БЭК мүше елдердің өнеркәсіптік кооперациясын тереңдету мен инновациялық дамуы мәселелері бар.ЖЕЭК шешіміне сай Тараптардың өнеркәсіптік серіктестігінің негізгі бағыттарының бірі  ғылым мен техника саласындағы серіктестік болып табылады. Мамандандырылған жұмыс тобының Тараптардың сарапшыларының қатысуымен 2013 жылдың сәуір айында өткізілген отырысында қатысушылар БЭК төңірегінде мемлекет аралық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқау бере алатын құжаттың қажет екендігін қолдады. 

Өнеркәсіптік саясат Департаменті ЕурАзЭҚ, Одақтық мемлекеттің мемлекет аралық бағдарламаларына талдау жасады, Еуропа одағының тәжірибесі зерттеді және нәтижелерді ескере отырып бірқатар жаңа ұсныстары бар БЭК төңірегінде мемлекет аралық бағдарламалар мен жобаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысты әдістердің жобасы дайындалған. Атап айтқанда ЕурАзЭҚ және Одақтық мемлекеттегі мемлекет аралық бағдарламаны орындаудан сол күйі бас тартып, Еуразиялық технологиялық платформалар (ЕТП) - жеке мемлекет аралық бағдарламалар негізінде неғұрлым тиімді құрал қалыптастыру ұсынылады. Концептуалдық негіз ретінде  өнеркәміптік саясат Департаменті осы бағыт бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар үшін төмендегі әдістемелерін қарастыруда:

а) мемлекет аралық жобалардың басым бағыттарын және қаржыландыру көлемдерін орта мерзімді бағдарламалық құжатта -   БЭК жобалық бағдарламасында бекіту ұсынылады, ал Жобалық бағдарламаны орындаудың нақты құралы нақты мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған, біріктірілген мемлекет аралық бағдарламалар болады. 

ә) жобаларды іріктеу және сараптау үшін Тараптардың өкілдері, ЕТП мен ЕЭК өкілдері кіретін жұмыстық орган жасақтау ұсынылады, ал қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін  – мемлекет аралық жобалар жөніндегі жеке орган құру ұсынылады, ондағы Тараптардың өкілдік ету деңгейі ұлттық деңгейде қандай да бір қосымша келісімдерсіз шешім қабылдауға мүмкіндік беретін болуы керек. 

б)​​ жобаларды тиімді қаржыландыру үшін мемлекеттік және бюджеттен тыс қатыстың әр түрлі нұсқасы негізіндегі қолайлы механизм қарастыру жоспарланған.

Аталған әдістерді Тараптардың алдағы уақытта жетілдіруі КО және ЕЭК төңірегінде мемлекет аралық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін құқықтық және ұйымдастырушылық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді: солардың негізінде Комиссия КО және ЕЭК төңірегінде мемлекет аралық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру тәртібі туралы Ереже дайындайтын болады. ​