Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы
1963 жылы 13 қазанда Қазақстанның Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал селосында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты (1990 ж., тақырыбы: «Қала және село халқының тұрмыс деңгейі мен жағдайлары: әлеуметтік-экономикалық аспекті»).
Еңбек қызметі:
1985-1988 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институты саяси экономия кафедрасының оқытушысы.
1988-1992 жылдары – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті социология кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті.
1992-1993 жылдары – «Маруе» туристік-коммерциялық фирмасының президенті.
1993-1997 жылдары – «Қазмет» АҚ бас директоры.
1997-1998 жылдары – «Лукойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары.
1998-2002 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары.
2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы.
2008-2012 жылдары – Павлодар облысының әкімі болды.
2012 жылы – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
2012 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін — «Нұр Отан» халық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2013 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
2019 жылғы 1 наурыздан бастап 24 наурызға дейінгі аралықта – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
2019 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болды.
2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі болып істеді.
2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 қаңтар аралығында – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен (2008 ж.), «Парасат» орденімен (2013 ж.), lll дәрежелі «Барыс» орденімен (2021 ж.) марапатталған.