1 желтоқсанда онлайн-форматта өткен бірінші Эфиопия-Еуразия бизнес-форумында іскер және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасымен ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Форумда Еуразиялық экономикалық комиссия атынан Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян өкілдік етті.
1 желтоқсанда онлайн-форматта өткен
бірінші Эфиопия-Еуразия бизнес-форумында іскер және сарапшылық қоғамдастықтың
өкілдері Еуразиялық
экономикалық одақ елдерінің Эфиопия Федеративтік Демократиялық
Республикасымен ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Форумда Еуразиялық
экономикалық комиссия атынан Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян өкілдік етті.
«2019 жылы Сочиде өткен «Ресей – Африка»
саммиті африкалық мемлекеттерге Ресей Федерациясымен ғана емес, басқа да
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер: Армениямен Беларусьпен, Қазақстанмен және Қыргызстанмен
өзара пайдалы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпім берді. Бұл
ретте Африка
одағымен ынтымақтастық рәсімиленген соң Африка континентінің бірқатар елдері
тарапынан ЕЭК-пен диалогты тереңдетуге деген өскелең қызығушылықты байқап
отырмыз, көп жағдайда бұл ЕАЭО шеңберіндегі ұлтүсті реттеудің әртүрлі
аспектілеріне назар аударуға негізделген», — деп мәлімдеді Гоар Барсегян.
Эфиопияның Төтенше және Өкілетті Елшісі
Аргау Алемайеху Тегену Одақ елдерімен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды
дамытуға мүдделілік білдірді. Эфиопия
Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық дипломатия және диаспора істері
жөніндегі мемлекеттік министрі Цион Текелу іскер қоғамдастықпен диалогтың
маңызын атап көрсетті, сондай-ақ Эфиопиядағы инвестициялық және бизнес-ахуалды
жақсартуға бағытталған реформалар туралы айтып берді.
РҒА Африка институтының директоры Ирина Абрамованың
пікірінше, Эфиопияның инвесторлары үшін өз аумағы арқылы өтетін Қытайдың жаңа
Жібек жолымен байланыс, сондай-ақ Эфиопия экономикасының өсу қарқынына
байланысты жұмыстар айрықша тартымдылыққа ие.
Бизнес-форум шеңберінде инвестициялар, сауда-экономикалық
өзара іс-қимылды дамытудағы қаржы құралдарын пайдалану, инновациялық
технологиялар трансфері және Одақ елдерінің бизнесі үшін Эфиопияда
артықшылықтар жүйесін құру мәселелері де талқыланды.
Іс-шараға Эфиопияның ресми және іскер топтарының, ЕАЭО
мемлекеттерінің сарапшылық және іскер қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Анықтама
ЕАЭО-ның
Африка мемлекеттерімен тауар айналымы соңғы 10 жыл ішінде 20 млрд доллардан
асып, 3 есе дерлік өсті. Бұл ретте сауда-экономикалық және инвестициялық өзара
іс-қимылды арттыру үшін елеулі резерв сақталып отыр.