тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6857
16 желтоқсанның 2020
ЕЭК пен Еурокомиссия техрегламенттерді қолдануды талқылады және Еуропалық "жасыл" мәміле мәселелерін қарады
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еурокомиссияның техникалық диалогының кезекті раунды болып өтті. Бейнеконференцияға ЕЭК-тің сауда саясаты, техникалық реттеу және аккредиттеу, өнеркәсіп саясаты және агроөнеркәсіптік саясат департаменттерінің өкілдері қатысты. Еуропалық комиссия делегаттары сапына сауда, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта, климат, энергетика, денсаулық сақтау және салық салу жөніндегі бас директораттардың өкілдері, сондай-ақ Еуроодақтың Ресейдегі өкілдігінің мүшелері кірді.
15 желтоқсанның 2020
ЮНКТАД-тың құқықтық шолулары ЕАЭО-ның бәсекелестік құқығын жетілдіруге көмектеседі
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Арман Шаққалиев БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) бәсекелестік және тұтынушылар құқықтарын қорғау бөлімшесі өткізген белорус бәсекелестік заңнамасын шолу онлайн-таныстырылымына қатысты.
14 желтоқсанның 2020
ЕЭК: Одақтың еркін сауда туралы келісімдері бойынша жұмыстың перспективалары олардың күтілетін нәтижелеріне байланысты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі Сергей Чернышев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша «Валдай» халықаралық клубы ұйымдастырған «ЕАЭО: алда не бар?» пікірсайысына қатысты. Кездесуде Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері талқыланды. Пікірсайысқа қатысушылар, атап айтқанда, өзара саудадағы кедергілерді жою жұмысын, ЕЭК құзыретін кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Одаққа қатысушы елдер экономикасының көлемі мен құрылымындағы айырмашылықтарға байланысты сын-қатерді сөз етті. Атап өтілгеніндей, бірқатар проблеманы 11 желтоқсанда ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары қабылдаған Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары шешуге мүмкіндік береді.
11 желтоқсанның 2020
ЖЕЭК Өзбекстанға және Кубаға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беруді мақұлдады
11 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Өзбекстан Республикасына және Куба Республикасына ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беруге шешім қабылдады. Одақпен өзара іс-қимылдың осындай форматы туралы бұдан бұрын осы елдердің президенттері бастама білдірген еді.
11 желтоқсанның 2020
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекітті
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 11 желтоқсандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекітті.
11 желтоқсанның 2020
ЕАЭО елдері ортақ газ нарығын құрудың екінші кезеңіне көшу туралы шешім қабылдады
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 11 желтоқсандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың бірінші кезеңінің іс-шараларын орындауды аяқтауды қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Соның ішінде - газ-көлік жүйелерінің еркін қуаттары туралы ақпараттың қолжетімділігін және толық ашылуын қамтамасыз ету; мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан газ-көлік жүйелеріне қолжетімділіктің бірыңғай қағидаларын әзірлеу және келісу; газдың биржалық сауда-саттығын жүзеге асырудың Одақ елдерінің уәкілетті органдарымен келісілген тәртібін бекіту.
11 желтоқсанның 2020
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары заңсыз кірістерге қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу жөніндегі келісімге қол қою туралы шешім қабылдады
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері 11 желтоқсандағы отырыс қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімге қол қояды.
11 желтоқсанның 2020
ЖЕЭК мүшелері ЕАЭО елдерінің үкіметтеріне ырықтандыру жоспарларын тездетуді тапсырды
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтағы қызметтер көрсетудің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндамасын мақұлдады. Құжат Одақ мемлекеттері органдары мен ЕЭК-тің 2019–2020 жылдары ырықтандыру жоспарларын орындау мониторингі мен бақылау жасау қорытындылары бойынша дайындалған.
Тағы да көрсету