тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6857

09 шілденің 2025 ЕАЭО өндірушілері өнеркәсіптік тауарларының мемлекеттік сатыпалымға қол жеткізу мүмкіндігі кеңейтілді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2020 жылы ЕЭК Кеңесі бекіткен Мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым мақсаттары үшін тауардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, Қағидалар құбырлар, лазерлер, микродисплейлер үшін өндіріс талаптарымен, медициналық бұйымдардың, оптикалық құралдардың, жылжымалы теміржол құрамы мен инфрақұрылымы компоненттерінің жаңа тауарлық атауларымен, химия өнеркәсібі тауарларымен толықтырылды. Атап өтсек, бұл ЕАЭО елдерінде енгізілген преференциялар, шектеулер мен тыйымдар жағдайында мемлекеттік сатыпалымдағы ұлттық режимді кеңейтуге бағытталған 2025 жылғы өзгерістердің екінші пакеті (Қағидалар мамыр айында мемлекеттік сатыпалымға қатысуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 51 тауар атауымен толықтырылды). Қабылданған актілер ЕАЭО мемлекеттерінің өндірушілерінің өздері және өз тауарлары туралы мәліметтерді Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне кіргізуіне және мемлекеттік сатыпалымға кедергісіз қатысына мүмкіндік береді. Қағидаларда мемлекеттік сатыпалым мақсаттары үшін тауарлардың шығарылған елін айқындауға және растауға қатысты бірыңғай тәсілдеме енгізілді. Мемлекет отандық жеткізушілер үшін преференциялар белгілеген немесе шетелдік тауарлар үшін шектеулер енгізілген жағдайларда бұлар мемлекеттік сатыпалымда ұлттық режимді қамтамасыз етуге көмектеседі. ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң өзгерістер күшіне енеді. Комиссия сайтында "Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті" бөліміндегі "Жиі қойылатын сұрақтарға сұрақ-жауап" қосымша парағында тауар және оның өндірушісі туралы мәліметтерді Еуразиялық өнеркәсіп тауарлары тізіліміне кіргізу тәртібі, Комиссияның осындай мәліметтерді кіргізуге өтінімді қарау алгоритмі туралы анықтамалық ақпарат жарияланған.
09 шілденің 2025 Комиссияның құпиялы ақпаратты ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру рәсімі оңайлатылды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕЭК-те таралуы шектеулі құжаттармен жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер енгізді. Бұл құжат, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне қатысты. Енді бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініште немесе осыған байланысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру материалдарында қамтылуы мүмкін құпиялы ақпарат Комиссияның бейінді министрінің шешімі бойынша мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына берілетін болады. Бұған дейін мұндай шешімді ЕЭК Алқасы қабылдайтын, бұл ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша материалдарды әрдайым жедел беруге мүмкіндік бермеді. Бұл Одақтың бәсекелестік құқығының бұзылу белгілеріне жедел ден қою процесін баяулатты. Комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде құпиялы ақпаратты қорғау тәртібі 2014 жылғы Құпиялы ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауапкершілік туралы келісіммен қамтамасыз етіледі. Ведомстволық бағыныстылығы бойынша материалдарды беру Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (ЕАЭО туралы шартқа № 19 қосымша) тармағында көзделген.
08 шілденің 2025 ЕАЭО-дағы таңбалаудыңбіріздендірілген қағидалары қызыл және қара уылдырыққа, велосипедтерге, жағармайларға, антисептиктерге қолданылады Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ұсыныстарын қарап, тауарлардың бірқатар жаңа санатына қатысты цифрлық таңбалаудың жалпы қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сөзбекіренің және албырт балықтардың уылдырығы, велосипедтер мен велосипед жақтаулары, жағармайдың жекелеген түрлері, майлау материалдары және арнайы автомобиль сұйықтықтары, микробқа қарсы әсері бар косметикалық өнімдер, сондай-ақ дезинфекциялау құралдары туралы болып отыр. "Таңбаланатын тауарлар санын кеңейтутұтынушылардың өнімнің түпнұсқалығына көз жеткізуіне, сондай-ақзаңсыз айналымды азайту есебінен нарықтың адал қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін Одақтың жалпы таңбалау жүйесін дамытудыайғақтайды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол тауарлардың жаңа топтарын таңбалау бұрынғыдай біріздендірілген қағидалар бойынша жүргізілетінін атап көрсетті. Бұл ретте Комиссия Кеңесінің 2019 жылғышешімімен бекітілген ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелері ескеріледі. Сөйтіп, таңбалау кодтарын өзара тану қамтамасыз етіледі, бұл тауарлардың Одақ аумағындағы айналысы кезінде оларды қайта таңбалау қажеттігін болдырмайды.
08 шілденің 2025 ЕЭК Кеңесінің шешімі құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялықпломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыруүшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы шешім қабылдады. Аталған Келісім күшіне енді. ЕАЭО елдері тасымалдарды қадағалап отырудыіске қосу үшін қажетті іс-шараларды аяқтайды, Комиссия содан кейін тиісті шешім қабылдайды. Ұсынылып отырған бұл реттеу құрамында никотин бар өнімдерге, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0, 2939 80 000 0 тауар позицияларында сыныпталатын, Одақ аумағынанэкспорттың кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігіменәкетілетін никотин шикізатына қатысты болады. Бұл тауарларды қадағалап отыруКелісімге сәйкес тасымалдауды қадағалап отырудың бірінші кезеңінен басталады. ЕЭК Кеңесінің шешімі кәсіпкерлердің Комиссияның сарапшы тобының жұмысына тікелей қатысуы кезіндегіұсыныстары негізінде дайындалды. Оны іске асыру ЕАЭО-да құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
08 шілденің 2025 Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттің күшіне ену мерзімі ауыстырылды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресейдің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің күшіне ену мерзімін 2028 жылғы 1 қыркүйекке ауыстырды. Бұл ЕАЭО-ныңтехникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес әзірленіп жатқан түзетулер шеңберінде құжаттың бірқатар талаптарын өзектілендіруге және техникалық регламентті іске асыру үшін қажетті екінші деңгейдегі актілерді – стандарттар тізбесін және энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігінің заттаңбаларын әзірлеуді және қабылдауды аяқтауға мүмкіндік береді. ЕЭК Кеңесінің осы шешімімен Комиссия Кеңесініңэнергия тұтынатын құрылғылардың әртүрлі заттаңбаларының нысаны мен оларды ресімдеу қағидаларын белгілейтін шешімінің күшіне ену мерзімі 2028 жылғы 1 наурызға ауыстырылды. Сондай-ақ, техникалық регламентке орайлас бірқатар қосымшада белгіленген жекелеген талаптардың күшіне ену мерзімі үш жылға ауыстырылды.
08 шілденің 2025 2025 жылғы 8 шілдедегі ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары 8 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы болып өтті. Еуразиялық интеграцияның, соның ішінде сауда, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым, цифрландыру, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы 30-дан астам мәселе қаралды. Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін бекіренің және албырт балықтардың уылдырығын, велосипед жақтауларын, жағармайдың жекелеген түрлерін, майлау материалдары мен арнайы автомобиль сұйықтықтарын, микробқа қарсы әсері бар косметикалық өнімдерді, дезинфекциялау құралдарын қоса, тауарлардың бірқатар жаңа санатына қатысты цифрлық таңбалаудың ортақ қағидаларын белгіледі. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыру үшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы да шешім қабылдады. Бұл шешімді іске асыру құрамында никотин бар заңсыз өнімнің ЕАЭО-да таралуын болдырмауға көмектеседі. ЕЭК Кеңесі Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізді. Қабылданған түзетулер ЕАЭО құқығымен белгіленген медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау рәсімін оңтайландыруға бағытталған. Бұдан басқа, ЕАЭО-ның "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің күшіне ену мерзімі 2028 жылғы 1 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес әзірленіп жатқан түзетулер шеңберінде құжаттың бірқатар талабын өзектілендіруге және техникалық регламентті іске асыру үшін қажетті екінші деңгейдегі актілерді – стандарттар тізбесін және энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігінің заттаңбаларын әзірлеуді және қабылдауды аяқтауға мүмкіндік береді.
07 шілденің 2025 ЕАЭО жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды әкелу рәсімін оңайлатады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды, соның ішінде қазіргі заманғы магнитті-резонанстық томография жүйелерін әкелу рәсімін оңайлатуға бағытталған шешім қабылдады. Осы мақсатта ЕАЭО кедендік аумағына әкелу кезінде лицензия, қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе бірыңғай тізілімнен мәліметтер беру талап етілмейтін өнімнің радиожиілік белдеулерінің тізімі кеңейтілді. "Сәйкесті жүйелер көзбен шолу, орнату және пайдаланудың жоғары сапасы тұрғысынан бірқатар артықшылыққа ие. Олардың техникалық сипаттамалары электромагниттік бөгеуілдің пайда болуына әкелмейді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Қабылданған шешім аталған тауарларды әкелу кезінде ұйымдардың қаржылық және уақыт шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Тағы да көрсету