тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 11

23 қазанның 2025 Андрей Слепнев: "ЮНКТАД ашық өңіршілдіктің бастауында халықаралық жүйенің "қайта жиналуына" жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады" Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Женевада (Швейцария) БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) он алтыншы сессиясында жалпы жарыссөз барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. "ЕАЭО — интеграция деңгейі жоғары ашық бірлестік. Нарықтарды, капиталдарды, еңбек ресурстарын, инновацияларды, инфрақұрылымды біріктіру есебінен, сондай-ақ әріптес елдермен ауқымды жобалар есебінен дамудың жаңа драйверлерін жасайтын ашық өңіршілдіктің тиімділігін тиянақтай айтамыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі.  Климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігі туралы айта отырып, Андрей Слепнев төмен эмиссиялық технологиялар мен отынның ауыспалы түрлерін қоса, қолжетімді ең таңдаулы технологияларды кеңінен халықаралық алмасу мен кемсітусіз пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетті. "Кедендік реттеу, сауда рәсімдерін оңайлату, тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалап отыру механизмдерін ендіру салаларында перспективалы цифрлық технологияларды ендіру мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау үшін ЮНКТАД алаңын пайдалануды жалғастыруға сенеміз", — деп мәлімдеді Андрей Слепнев.  Андрей Слепневтің Швейцарияға жұмыс сапары шеңберінде Бразилия Сыртқы істер министрлігінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы Филип Фокс-Драммонд Гоумен кездесуі болып өтті. Бразилия Оңтүстік Американың ортақ нарығының мүшесі болып табылады, ЕЭК-те онымен ынтымақтастық туралы меморандум қолданылады. Түркіменстанның Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Назар Агахановпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, соның ішінде "Солтүстік-Оңтүстік"дәлізінің желісі бойынша өзара іс-қимыл талқыланды. Сондай-ақ, Андрей Слепнев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіне барып, оның бас директоры Татьяна Валоваямен келіссөздер жүргізді және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ДСҰ жанындағы тұрақты өкілдерімен жұмыс консультацияларын өткізді. 
23 қазанның 2025 ЕАЭО елдері көлік саясатын және ЕАЭО-дағы халықаралық автотасымалға байланысты жағдаятты талқылады Бұл мәселелерді талқылау алаңы ЕЭК Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитетінің 30-шы отырысы болды.   Отырысқа ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының, қоғамдық ұйымдардың, салалық одақтардың және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Іс-шараға сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер — Иран Ислам Республикасы мен Куба Республикасынан өкілдер қатысты.   Іс-шараға қатысушылар халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының жүргізуші азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында уақытша болу мерзімінің қысқаруына байланысты қалыптасып отырған қазіргі жағдаятты талқылады. Кеңесте қазіргі уақытта жағдаятты реттеу бойынша жедел шаралар қабылданып жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралды: нысаналы индикаторлардың (көрсеткіштердің), Еуразиялық көлік дәліздерінің (маршруттарының) паспорттарының және оларға қойылатын ең төменгі талаптардың жобалары келісілді. Бұл құжаттар Көлік саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің кезекті отырысында қаралатын болады. Консультативтік комитет мүшелері сондай-ақ Еуразиялық көлік дәліздеріне (маршруттарына) кіретін теміржол, автожол және порт инфрақұрылымын дамыту бойынша ЕАЭО елдері қабылдаған шараларды талдауды, көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижелерін, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін (маршруттарын) дамыту үшін жаңа технологияларды қолданудың таңдаулы халықаралық тәжірибелері және оларды қолдану жөніндегі ұсынымдарды қарады. Болашақта үшінші елдердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін инфрақұрылымдық жобалар пулын қалыптастыру жоспарлануда. Мұндай пулды қалыптастыру алгоритмі қосымша пысықталатын болады. Сондай-ақ, тараптар жүзеге асырылып жатқан көлік саясатына сай дамудың салалық аспектілерін талқылады. Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде "бестік" елдерінің интеллектуалды көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру үшін "жол картасы" қаралды, ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының жүруіне, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсаттар алу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттардың тізбелері мақұлданды. Комитетке сондай-ақ теміржол көлігі бөлігінде интеграциялық жұмыстың нәтижелері ұсынылды, оның қорытындысы бойынша Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің жолаушы-азаматтарының теміржол көлігімен жүруіне әсер ететін рәсімдерді оңайлату және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігін пайдалана отырып, Еуразиялық туристік маршруттарды дамыту туралы ұсыным мақұлданды. Консультативтік комитет Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастықты дамыту мәселесін, сондай-ақ Көлік және инфрақұрылым департаменті дайындаған ЕАЭО мен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісімді іске асыру шеңберінде құрылған Көлік және транзит саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарады. Ұсыныстар Иран аумағы арқылы жүк тасымалдауды ұйымдастыру, сондай-ақ шекаралық өткелдердің жұмысын, терминалдық инфрақұрылымды дамытуды қоса, "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің маршруттарында көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелердің кең ауқымын қозғайды. Консультативтік комитет қабылдаған шешімдер Көлік саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесіне кезекті отырыста ұсынылатын болады.
22 қазанның 2025 Бресте Максим Ермолович пен ЕАЭО ұлттық бәсекелестік органдарының басшылары бәсекелестік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады ЕАЭО елдерінің бәсекелестік саласындағы уәкілетті ведомстволарының басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің кеңесі Бресте 21 қазанда "5+1" форматында болып өтті. "Іс-шараның күн тәртібі толымды, талқылауға арналған мәселелер ауқымы кеңейіп келеді және кездесулерді осындай деңгейде жиі өткізу қажеттілігі бар", — деп баса көрсетті министр.    Кездесу барысында ЕАЭО ұлттық бәсекелестік ведомстволарының нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызудың қолданыстағы критерийлерін қайта қарау жөніндегі ұстанымдары, бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді қарау кезінде сараптама жүргізу механизмдері талқыланды. Тараптар сондай-ақ ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексеру және қарау шеңберінде жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы Комиссияның дәлелді ұсынысының орындалуын қарады. 2026 жылға арналған бәсекелестік пен секторлық зерттеулердің жай-күйін бағалауды жүргізу үшін нарықтардың тізбелерін айқындау мәселесі, сондай-ақ оларды іріктеу критерийлері бойынша пікір алысу болып өтті.  "Зерттеулер үшін нарықтарды іріктеу 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, ал олар бойынша жұмыс келесі жылдың басында басталады", — деп түйіндеді ЕЭК министрі.  Сондай-ақ, Максим Ермолович бәсекелестік бойынша блоктың халықаралық тректегі маңызды жетістіктерін, соның ішінде өңірлік деңгейде бәсекелестікті реттеуге шолу дайындау және ЮНКТАД-пен, ЭЫДҰ-мен, өлшеу бірлігі жүйесіндегі МКС-пен ынтымақтастық туралы қысқаша таныстырып өтті. БҰҰ тарапынан 5 желтоқсанды Дүниежүзілік бәсекелестік күні деп тануға жәрдемдесу, сондай-ақ халықаралық алаңдарда ЕАЭО бәсекелестік органдарының бастамаларын өзара қолдау мәселелері талқыланды. Кеңеске ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет болып табылатын Өзбекстанның бәсекелестік органының басшысы қатысты. Кеңеске қонақ ретінде Тәжікстанның бейінді ведомствосының басшысы да қатысты. 
22 қазанның 2025 ЕЭК делегациясы Бресте ТМД-ның бәсекелестік жөніндегі іс-шараларына қатысты ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович бастаған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы 22 қазанда Брестегі Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МСМК) жұмысына қатысты. Іс-шарада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттеріндегі бәсекелестік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, дәрілік препараттар мен медициналық көрсетілетін қызметтер нарығындағы баға белгілеу қаралды. Бұдан басқа, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды бірлесіп тергеп-тексеру жөніндегі штаб жұмысының нәтижелері ұсынылды және мақұлданды. Белорус әмбебап тауар биржасының жұмысы таныстырылды. "ТМД елдеріндегі әріптестеріміздің тәжірибесі туралы тұрақты ақпарат ауысу бәсекелестіктің жалпы қағидаларын белгілеу және қолдану бойынша мүмкіндіктерімізді кеңейтуге жол ашады. МСМК салалық әріптестікті дамытудың шын мәнінде құнды құралы болып табылады", — деп атап өтті Максим Ермолович. ЕЭК министрі Комиссияның өзі басқаратын блогының қызметіндегі неғұрлым елеулі оқиғаларды, соның ішінде құқық қолдану практикасы мен Комиссияның нарықтардағы секторлық зерттеулерінің нәтижелерін, стратегиялық құжаттармен жұмыс істеуді, бәсекелестікті адвокаттандыруды және халықаралық ынтымақтастықты таныстырды. "Комиссия қазір ЕАЭО-ның ортақ биржалық нарығының тұжырымдамасын әзірлеу үстінде. Жұмысқа ЕАЭО жанындағы байқаушы елдер де қатысады. Біз сондай-ақ ТМД елдерінің тәжірибесін зерделеуге дайынбыз және бұл мәселені МСМК жұмысының күн тәртібіне қосуды ұсынамыз", — деп мәлімдеді ЕЭК министрі. ЕЭК-тің МСМК-мен және ұлттық бейінді органдармен өзара іс-қимылына, сондай-ақ осы қарсаңда өткен ұлттық бәсекелестік органдары басшылары мен Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі кеңесінің қорытындыларына бөлекше назар аударылды.
22 қазанның 2025 ЕЭК-те ЕАЭО шеңберіндегі келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру талқыланды 22 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян төрағалық ететін Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің отырысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмін қалыптастыруды талқылады. "Агроөнеркәсіптік кешен үшін бұл — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұйымдарының өзара тиімді ынтымақтастығын ынталандыратын бірлескен жобаларды қолдаудың жаңа шарасы. Үкімет басшылары нормативтік құқықтық базаны әзірлеу үшін қажетті шешімдер қабылдады, сол себепті, бүгінгі таңда Комиссия Одақ бойынша әріптестерімен бірлесіп кооперациялық жобаларды іріктеу және оларға ЕАЭО бюджеті қаражаты есебінен қаржылық көмек көрсету туралы ережені әзірлеуге кірісті", – деп атап өтті Гоар Барсегян.  Комитет мүшелері АӨК-те биотехнологияларды қолдану кезіндегі мемлекетаралық өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары мен механизмдері туралы ЕЭК ұсынымын қабылдау қажеттігін қолдады. "Микробтық биотехнология саласындағы технологиялық егемендікті қолдаудағы жетістік мүше мемлекеттердің биотехнология саласындағы күш-жігерін шоғырландыруға байланысты", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі өнімді жануарларға арналған жемшөп және жемшөп қоспалары нарығының жай-күйі мен даму перспективалары туралы Комиссия дайындаған шолу мақұлданды, ол технологиялық инновацияларды, ішкі өндірісті дамытуды, ынтымақтастықты нығайтуды және инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтитын кешенді тәсілдемені ендіру арқылы ЕАЭО елдерінің жемшөп өндірісінің тиімділігін, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Құжат жұмыста пайдалану үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жіберілетін болады.
22 қазанның 2025 Максим Ермолович: "ЕЭК бәсекелестік саласындағы жұмыс бағытын ТМД шеңберінде кеңейтуге дайын" Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр Максим Ермолович бастаған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы 21 қазанда Бресте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды бірлесіп тергеп-тексеру жөніндегі штабтың жұмысына қатысты. Отырысқа қатысушылар бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу және бәсекелестік саласындағы бұзушылықтардан зардап шеккендерді азаматтық-құқықтық қорғау бойынша баяндамаларды талқылады, оларда осы бағыттар бойынша ЕЭК жұмысы туралы ақпарат көрсетілген. "Біз зардап шеккен шаруашылық жүргізуші субъектінің ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы себеп болған залалының орнын толтыру мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы мәселені реттеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап өтті ЕЭК министрі.  Жасанды интеллектің бәсекелестіктің жай-күйіне әсері және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарықтарындағы бәсекелестіктің проблемалық мәселелері қаралды. Максим Ермолович ЕАЭО-да бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықты алдын ала ескерту және оның жолын кесудің жасанды интеллекті қолдану тудырған проблемаларын сарапшылық пысықтау үшін ЖИ бойынша құрылған жұмыс тобы туралы хабардар етті.  "Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО шеңберін кеңейтуге және өз жұмысына ТМД елдерінің басқа да бәсекелестік органдарын тартуға дайын", – деп атап көрсетті Максим Ермолович.  ЕЭК министрі сонымен қатар Комиссияның фармацевтика саласындағы секторлық зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
20 қазанның 2025 Ваагн Казарян: "ЕАЭО-да таңбалауды дамыту үшін Одақ құқығын және ИАЖ арқылы өзара іс-қимылды іске қосуды бұлжытпай сақтау қажет" 17 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян Астанада өткен "Цифрлық таңбалау: Нарықтың ашықтығы — экономикалық өсудің негізі" халықаралық форумында сөз сөйлеп, бейіндік келісім күшіне енген сәттен бергі жеті жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды таңбалауды ендіру қорытындылары туралы айтып берді, сондай-ақ одан әрі дамудың негізгі тәуекелдерін белгіледі. "Таңбалау жүйесінің қолданыстағы конфигурациясы кезінде таңбаланатын тауарлар санының кеңеюі тек оң нәтижені ғана беріп қоймай, сонымен қатар Одақ кеңістігінде тауарлардың қозғалыс еркіндігін шектеуге қауіп төндіреді", – деп атап өтті Ваагн Казарян.  ЕЭК департаментінің директоры қазіргі уақытта екі сынамды тәуекел тобы тіркеліп жатқанын түсіндірді. Олардың біріншісі бірқатар ЕАЭО елінің Одақ құқығының ережелерін таңбалауды ендіру туралы хабарламаларды жіберу мерзімін сақтау бөлігінде орындамауына байланысты. Екіншісі, қазірдің өзінде таңбалауға жататын не болашақта жоспарланатын тауар топтарының көп санын ескере отырып, интеграциялық сегментті қолданбай, екіжақты негізде таңбалау жүйесінің операторлары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ағымдағы ұйымдастыруға қатысты. "Белгіленген тәуекелдерді жою заңсыз өнім айналымына неғұрлым тиімді қарсы тұру үшін таңбалау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті Ваагн Казарян. Осымен бір мезгілде, форум шеңберінде электрондық сауда және тауарларды таңбалау бөлімінің бастығы Илья Қабанов ЕАЭО мемлекеттерінде нарықты ағарту, контрафактілік өнім деңгейін төмендету, заңды өндірушілер санын арттыру, адал өндірушілердің рентабельділігін арттыру және бюджетті толықтыру деңгейін арттыру сияқты таңбалауды ендірудің негізгі қол жеткізілген нәтижелері туралы баяндады. 
20 қазанның 2025 Виталий Вовк ЕАЭО шеңберіндегі қаржылық кооперация механизмінің мүмкіндіктері туралы айтып берді Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк ТМД Экономикалық даму іскерлік орталығының Инвестициялар және экономикалық даму комитетінің отырысында қаржылық кооперация механизмін таныстырып сөз сөйледі. Іс-шара бизнес өкілдері, билік органдары мен даму институттары арасындағы диалогты дамытуға, тәжірибе ауысуға және өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту үшін бірлескен шешімдер әзірлеуге бағытталған. Іс-шарада ТМД және ЕАЭО кеңістігінде өнеркәсіптік интеграцияны дамытудың түйінді бағыттары, кооперациялық жобаларды қолдау құралдарын қолдану практикасы, инвестицияларды тарту механизмдері және индустриялық инфрақұрылымды құруды ынталандыру шаралары талқыланды. "Жаһандық технологиялық нарықтарды қайта іске қосу және нақты сектордағы логистикалық қайта бөлу жағдайында инвестициялар ағыны мен технологиялар трансферінің өсуін қамтамасыз ету, айрықша реттеуші режимі бар экспортқа бағдарланған өндірістік-технологиялық аймақтарды құруды ынталандыру қажет. Өнеркәсіпті сапалы дамытудың тағы бір құралы Еуразиялық технологиялық платформаларды қайта жүктеу және бизнес пен ғылым бастамаларының тоғысуына қызмет ететін Еуразиялық құзырет орталықтарын қалыптастыру болуы мүмкін. Олар жобаларды бірыңғай режимде емес, мемлекетаралық жобалық конвейер форматында қалыптастыратын жағдайлар жасау қажет", – деп атап өтті Виталий Вовк. Виталий Вовктың пікірінше, бұл бастамаларды іске асыруға өнеркәсіптегі бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылай қолдаудың ұлтүсті механизмі мүмкіндік береді. "Біздің құралымыз икемді әрі әмбебап – ол қазіргі бар кез келген мемлекеттік қолдау шараларымен оңай үйлеседі. Механизм шеңберінде инновациялық өнеркәсіптік өнім шығаруға бағытталған ҒЗТКЖ қаржыландыру көзделген. Сондай-ақ ТМД әріптестерінің қатысуымен құрылған ЕАЭО елдерінің бірлескен кәсіпорындарының айрықша жағдайларда механизмге қатысу мүмкіндігі де маңызды болып табылады", — деп атап көрсетті Виталий Вовк.  Виталий Вовк мүше мемлекеттердің бизнесін қаржылық кооперация механизміне белсендірек қосылуға шақырды.
Тағы да көрсету