тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6867

02 маусымның 2025 ЕАЭО шырын өндірілетін тропикалық жемістерден жасалған пюреге арналған кедендік әкелу бажын уақытша нөлге түсірді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі банан, манго, киви, нектарин, сондай-ақ шабдалы, өрік және алмұрт жемістерінен жасалған пюреге қатысты кедендік әкелу баждарының уақытша нөлдік ставкаларын белгіледі. "Бұл жемістердің концентрацияланған пюресі шырын өнімін, соның ішінде балалар тағамын өндіру үшін қолданылады. Бірақ олардың көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағында өспейді немесе өнеркәсіптік өңдеу үшін жеткіліксіз мөлшерде өседі. Осыған байланысты бизнес соңғы жылдары бағасы айтарлықтай өскен импорттық өндірістің шикізатын сатып алуда", — деп түсіндірді ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Бұл ретте ол шараның қолданылу мерзімі ЕАЭО мемлекеттерінде жеке бау-бақша шаруашылығын дамыту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды ескере отырып есептелгенін және ол пюренің әр түрі үшін бір жылдан үш жылға дейін құрайтынын атап көрсетті. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
02 маусымның 2025 ЕЭК Кеңесі 2026 жылдың соңына дейін жеңіл өнеркәсіп тауарларының кейбір түріне кедендік әкелу бажының ставкасын ұлғайтуды мақұлдады ЕЭК Кеңесі 2026 жылдың соңына дейін жеңіл өнеркәсіп тауарларының кейбір түріне кедендік әкелу бажының ставкасын ұлғайтуды мақұлдады Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қоса алғанда 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта "мақта-қағаз иірілген жібінен жасалған өзге де төсек-орын жабдықтарына" (ЕАЭО СЭҚ ТН 6302 21 000 0 коды) қатысты 1 кг үшін 12%-ға дейін, бірақ 0,44 еуродан кем болмайтын кедендік әкелу бажының ставкасын арттыру туралы шешім қабылдады. "Төсек-орын жабдығын өндіруге арналған иірілген жіптің бізге негізінен үшінші елдерден түсетінін ескере келгенде, кедендік-тарифтік реттеудің қабылданған шарасы отандық кәсіпорындарды қосымша қолдауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Бұл ретте ол ЕАЭО елдерінің өндірушілері өз сипаттамалары бойынша импорттық төсек-орын жабдықтарынан кем түспейтін өнімдер шығаратынын және кең ассортиментті ұсынатынын атап өтті. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
02 маусымның 2025 Виталий Вовк: "Станок жасау өнімінің ЕАЭО шеңберіндегі бәсекеге қабілеттілігі мүше мемлекеттер тарапынан қолдауды талап етеді" Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасарлары Виталий Вовк пен Лаура Садықова "Металл өңдеу-2025" металл өңдеу өнеркәсібіне арналған жабдықтардың, аспаптар мен құралдардың халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты. Көрменің іс-шаралары және оның алаңында өткен "Инвестициялар. Даму. Кооперация" халықаралық сауда-өнеркәсіп конгресі шеңберінде аса маңызды компоненттер өндірісін өзіндік қуаттарда дамыту қажеттігі атап өтілді. ЕЭК өкілдері Беларусь пен Ресейдің бірқатар станок-аспап өнімдерін өндірушілерімен кездесті. Келіссөздер барысында Виталий Вовк: "Қазір, біріншіден, ЕАЭО елдері үшін аса маңызды жиынтықтауыштар өндірісін жолға қою, екіншіден, ішкі бәсекелестік туғызбау үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің станок жасау кәсіпорындарын мамандандыруды жүргізу аса маңызды", — деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ қазіргі кезеңде Еуразиялық станоктар мен жиынтықтауыштардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тапсырыстарды қамтамасыз ету және дайын өнімді өткізу кепілдіктерін беру бөлігінде Одақ елдерінің елеулі қолдауы қажет екенін атап өтті. Блок өкілдері көрмеге қатысушыларды мүше мемлекеттер кәсіпорындарының кооперациялық тізбектеріне тартуға шақыра отырып, оларға өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру механизмі туралы айтып берді.
02 маусымның 2025 Тамақ өніміне арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер күшіне енді 2 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2024 жылғы желтоқсанда қабылдаған Еуразиялық экономикалық одақтың тамақ өніміне арналған техникалық регламентіне орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер күшіне енді. Өзгерістерге сай, ерікті қолдану стандарттарының тізбесі 17 мемлекетаралық стандартпен, әдістерге арналған стандарттардың тізбесі бір мемлекетаралық стандартпен толықтырылды. 10 мемлекетаралық стандарт өзектендірілген редакциясында баяндалған. ЕАЭО елдерінің 14 ұлттық стандарты алынып тасталды, өйткені олардың негізінде тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленді. Өзгерістерді ЕЭК Кеңесі бекіткен Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің 36-тармағының "б" тармақшасын ескере отырып, Одақ елдерінің стандарттау жөніндегі уәкілетті органдарының ұсыныстары негізінде Комиссия дайындады.
30 майдың 2025 Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі" Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович.    ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
30 майдың 2025 ЕЭК ДЖДҰ-мен өзара іс-қимылды дамытады Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий мен ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Владимир Субботин 25-29 мамырда Парижде өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) бас сессиясына қатысты. Іс-шараға ДЖДҰ-ға мүше 183 елдің, соның ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің делегаттары қатысты. Жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің халықаралық саудасы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жануарлар ауруларына қарсы күрес әдістері бойынша жаңа халықаралық стандарттар әзірлеу жұмысының аралық қорытындылары, сондай-ақ жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналау мәселелері қаралды. Сессия аясында Валентин Татарицкий бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Оның ДЖДҰ бас директоры Эммануэль Субейранмен және ДЖДҰ-ның Еуропа, Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша ӨЖС өңірлік комиссияларының өкілдерімен келіссөздері барысында ЕЭК пен ДЖДҰ арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, соның ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарына ДЖДҰ стандарттарының талаптарын түсіндіру бойынша әдістемелік көмек көрсету және ветеринария бойынша семинарлар өткізу бөлігінде бұдан арғы ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылды нығайту туралы, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілеріне ДЖДҰ-ның халықаралық стандарттары мен ұсынымдарын ендіруді жалғастыру туралы уағдаласты. Комиссия мен Одақ елдері органдарының ветеринария органдары өкілдерінің ДЖДҰ-ның, сондай-ақ ДЖДҰ-ның Еуропа, Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша өңірлік комиссияларының іс-шараларына бұдан арғы қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. "Одақ актілерінде ДЖДҰ-ның прогрессивті практикалық тәжірибесін қолдану, сондай-ақ біздің мүше мемлекеттеріміздің ДЖДҰ кодекстеріне қабылдап, енгізу үшін жоспарланатын стандарттардың өзгерістерін талқылауға белсенді қатысуы біздің елдеріміздің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарының әлеуетін өсіре түсуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында эпизоотиялық салауаттықты, жануарлардың аса қауіпті ауруларымен және антибиотикке төзімділікпен күресудің бірыңғай стратегиясын әзірлеуді қамтамасыз етеді", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Валентин Татарицкийдің ДЖДҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша Өңірлік комиссиясының президенті Баокс Хуангпен кездесуінде ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, атап айтқанда Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері арасында жануарлардан алынатын өнімдермен сауданы жүзеге асыру кезінде эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. ЕЭК министрі сондай-ақ Беларусь, Қазақстан және Ресей ветеринария органдарының өкілдерімен осы саладағы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесулер өткізді.  Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) 1924 жылы құрылған және жануарлардың денсаулығының жай-күйімен, соның ішінде ветеринариялық бақылау саласындағы халықаралық стандарттарды әзірлеумен, әлемдегі эпизоотиялық ахуал мониторингімен, халықаралық карантиндік іс-шаралармен қоса, жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы күресумен айналысатын үкіметаралық ұйым болып табылады.
Тағы да көрсету