Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
19 маусымның 2025
Гоар Барсегян: "Өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру – экономикалық интеграцияны тереңдетудің маңызды қадамы"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумында өткен "Ресей-Қазақстан диалогы. Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" бизнес-диалогы барысында мәлімдеді. ЕЭК министрі экономиканың нақты секторының Ресей мен Қазақстан арасындағы ғана емес, тұтастай Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. "Бизнестің бастамасы бойынша ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдаудың жаңа механизмі құрылды. Комиссия 2024 жылғы шілде айынан бастап іске қосқан бұл құрал экономикалық интеграцияны тереңдетуде, кәсіпкерлердің практикалық өзара іс-қимылын дамытуда маңызды қадам болды", — деп мәлімдеді Гоар Барсегян. ЕЭК министрі атап көрсеткендей, механизм Одақ елдерінің түйінді ставкасының 100%-ы деңгейінде кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялауды, сондай-ақ кооперацияны күшейтетін, тәжірибе ауысуға және технологиялық өсуге ықпал ететін ЕАЭО-ның үш және одан да көп мемлекетінің кәсіпорындарының қатысуын көздейді. Оның сөзінше, Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп шығаруды қоса, алғашқы екі жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бұл жобаны іске асыру Ресей және Беларусь кәсіпорындардың қатысуымен астық жинайтын комбайндар өндірісін қамтамасыз етеді. ЕЭК министрі ЕАЭО елдері үкіметтері басшыларының оң тәжірибені ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенге арналған кооперациялық жобаларды қолдау механизмін кеңейту жөніндегі бастаманы мақұлдағанын хабарлады. "Экономикалық әлеуеттер мен ұлттық құзыреттерді біріктіре отырып, біз экономикалық өсудің, орнықты технологиялық дамудың сенімді базасына айналатын интеграциялық кеңістік құра аламыз", – деп түйіндеді Гоар Барсегян. 2024 жылы ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,5% өсті. ЕАЭО елдерінің Қазақстанмен жалпы тауар айналымының шамамен 80%-ы өңдеу өнеркәсібінің өніміне тиесілі.
19 маусымның 2025
Комиссия ҚХР Коммерция министрлігімен ішкі нарықты қорғау шаралары мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің директоры Андрей Захаров ЕЭК пен ҚХР Коммерция министрлігі арасында демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шараларын қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігінің Қорғау шаралары және тергеп-тексеру бюросының басшысы Тао Пэнмен кездесу өткізді. Іс-шараға қатысушылар әлемдік сауданың өзгермелі жағдайында ішкі нарықты қорғау шараларының рөлін талқылады. Кездесу барысында туындаған мәселелерді сындарлы талқылау үшін тергеп-тексеру жүргізетін органдар деңгейінде де, бизнес деңгейінде де екіжақты байланысудың айрықша рөлі атап өтілді. "Комиссия ҚХР Коммерция министрлігімен транспаренттілік пен өзара мүдделерді есепке алу қағидаттарына негізделген ішкі нарықты қорғау шаралары мәселелері бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Ішкі нарықты қорғау департаменті ҚХР Коммерция министрлігінің Қорғау шаралары және тергеп-тексеру бюросымен диалогты одан әрі дамыту үшін ашық күйінде қала береді",– деп атап өтті Андрей Захаров. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Меморандум шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссия алаңында жұмыс істеу туралы уағдаласты.
18 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО елдері вице-премьерлерінің кеңесіне қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 18 маусымда ЕЭК Кеңесінің мүшелері, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері вице-премьерлерінің кеңесіне қатысты. Іс-шараға қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті бағыттарын, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кеңесте 26-27 маусымда Минскіде өтетін Одақ елдері көшбасшыларының саммитіне және IV Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы қаралды.
18 маусымның 2025
ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы көліктік бақылау шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл іске қосылды
Беларусь пен Ресей технологиялық өзара іс-қимылды ретке келтіруді аяқтады және № 46 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету" жалпы процесі бойынша ұлттық сегменттерді пысықтады. Бұл оларға толық форматты ақпарат алмасуды бастауға мүмкіндік берді. № 46 жалпы процесс Одақтың сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады. Оны ендіру ЕАЭО-ға жүк көлігінің кіруі кезінде ұлттық уәкілетті органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыруға арналған. Процесті іске қосуға дайындық барысында Беларусь пен Ресейдің уәкілетті органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелері туралы шоғырландырылған ақпаратты қамтитын 800-ден астам транзакцияны жүзеге асырды. Басталған ақпарат алмасуға 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Қырғызстан қосылуды жоспарлап отыр. ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев: "№ 46 жалпы процесті толық мәнінде іске асыру уәкілетті органдарға алымдарды, айыппұлдарды төлеу және бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты қоса, мүше мемлекеттердің аумағы бойынша көлікті өткізу барысында Одақтың сыртқы шекарасында көліктік бақылау жүргізу нәтижелеріне жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл қорытындысында тасымалдау процесінің сапасы мен қауіпсіздігіне оң әсер етеді", — деп атап көрсетті. Армения ЕАЭО туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізілуіне байланысты № 46 жалпы процесті іске асыруға қатыспайды.
18 маусымның 2025
ЕЭК мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне, қапталған ауыз суға, тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштерге арналған техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне өзгерістер енгізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012), "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары" (КО ТР 029/2012) және "Табиғи минералды суды қоса, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 044/2017) техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелерін өзектілендірді. Тізбелерге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер көрсетілген регламенттерге арналған бағдарламаларға сәйкес әзірлеген мемлекетаралық стандарттар кірді. Атап айтқанда, КО ТР 027/2012 зерттеу әдістеріне арналған стандарттар тізбесіне алты мемлекетаралық стандарт енгізілді және алтауы (өзектілігін жоғалтқандары) алынып тасталды. Ерікті қолдану стандарттарының тізбесі және КО ТР 029/2012 зерттеу әдістеріне арналған стандарттардың тізбесі үш жаңа құжатпен толықтырылды, біреуі алынып тасталды. ЕАЭО ТР 044/2017 зерттеу әдістеріне арналған стандарттар тізбесіне бір стандарт қосылды, екі құжат алынып тасталды, ал тағы бір стандарттың қолданылу мерзімі шектелді. Стандарттар тізбесін әзірлеу тәртібіне сәйкес мұндай өзгерістерді енгізу Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінің осындай стандарттарға қосылуы жағдайымен стандарттау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде жария талқылау рәсімдері жүргізілмей және бейінді Консультативтік комитеттің отырысында қаралмай жүзеге асырылады. ЕЭК Алқасы қабылдаған түзетулер Комиссияның тиісті шешімдері ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
17 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: "ЕАЭО-ның басымдығы өзара пайдалы сыртқы экономикалық байланысты дамыту болып табылады"
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 17 маусымда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуропалық бизнес қауымдастығының (ЕБҚ) бас директоры Тадзио Шиллингпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қазіргі уақытта Комиссия мен Еуропалық 380-ден астам компанияны біріктіретін ЕБҚ-ның өзара іс-қимылының перспективалары талқыланды. "Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін жұмыс істеуде. Біз ЕБҚ-ны іскер топтармен тиімді іс-қимыл жасау үшін сенімді әріптес ретінде қарастырамыз", — деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО қызметінің басымдықтарының бірі сыртқы экономикалық байланысты дамыту болып табылатынын атап өтті. Комиссия халықаралық ынтымақтастық географиясын дәйекті түрде кеңейтуді мақсат тұтады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Еуразиялық кеңістіктегі кәсіпкерлер диалогын одан әрі дамытуға деген өзара мүдделілікті растады. Бақытжан Сағынтаев Тадзио Шиллингті Еуропалық бизнес қауымдастығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, Еуразиялық экономикалық форум аясында толымды да нәтижелі жұмыс істелуіне тілектестігін білдірді.
17 маусымның 2025
ЕАЭО-ның "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламентіне стандарттар әзірлеудің жаңа бағдарламасы бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі туралы техникалық регламентін іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жаңартылған бағдарламаны бекітті. Жаңа бағдарлама 123 позицияны қамтиды, олар, атап айтқанда, 13 мемлекетаралық стандартқа халықаралық стандарттар негізінде өзгерістер енгізуді бағамдайды. Сондай-ақ 109 мемлекетаралық стандарт әзірлеу жоспарланған, олардың 83-і халықаралық стандарттар негізінде, 8-і өңірлік стандарттар негізінде және 18-і Одақ елдерінің ұлттық стандарттары негізінде әзірленеді. Бұдан басқа, өңірлік стандартты (EN) ескере отырып, бір мемлекетаралық стандартты қайта қарау белгіленген. Беларусь 31 мемлекетаралық стандартты, Қазақстан 7 мемлекетаралық стандартты, Ресей 85 мемлекетаралық стандартты жауапты әзірлеуші болып айқындалды.
17 маусымның 2025
ЕЭК Алқасы қол электр құралдарына арналған жиынтықтауыштың жекелеген түрлеріне қатысты бажды уақытша нөлге түсірді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы қол электр құралдарын өндіруге арналған жиынтықтауыштың жекелеген түрлеріне қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу баждарының ставкаларын кедендік құнның 0%-ы мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылдады (ЕАЭО СЭҚ ТН 8483 40 230 2, 8536 50 800 2 және 8545 20 000 1 кодтары). Баждарды уақытша нөлге түсіру 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. "Кедендік-тарифтік реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпорындары өндірген қол электр құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осындай өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, қолда бар өндірістік қуаттарды жүктеуге, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға және оның ассортиментін кеңейтуге, сондай-ақ салаға инвестициялар салу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Бұл ретте ол ЕАЭО-да қол электр құралдарының қажетті типтік мөлшердегі жиынтықтауыштары өндірілмейтінін атап көрсетті. Қажетті өзгерістер Комиссияның басқа актілеріне де енгізілетін болады. Көрсетілген тауарларға қатысты баждардың нөлдік ставкалары 2020 жылғы 5 маусымнан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 30 маусымға дейін қолданылды. Бұл ЕАЭО елдерінде электр құралдарын дайындау бойынша өндірістік қуаттарды ұлғайтуға және ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға ықпал етті.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы