тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6914
25 қыркүйектің 2025
ЕЭК-те ЕАЭО елдері мен Иран маркетплейстерінің ынтымақтастық бағыттары талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияда Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран Ислам Республикасының электрондық сауда алаңдары арасындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылау бойынша консультациялар болып өтті. Кездесуге қатысушылар, тараптардың ірі маркетплейстерінің өкілдері электрондық сауда бүгінде еларалық тауар айналымы өсуінің мағыналы драйвері болып табылатынын атап өтті, интернет-сауда шеңберінде әріптестікті іске асыруға мүдделілікті растады, өзара іс-қимылдың ықтимал форматтары мен бағыттарын және технологиялық интеграцияның әлеуетін талқылады. "ЕАЭО мемлекеттері мен Иран электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие, оның елдердегі айналымы жыл сайын қарқынды өсіп келе жатыр. Осы саладағы бизнестің өзара іс-қимылы тосқауылсыз сауда кеңістігін қалыптастыруға ықпал ететін болады", — деп атап көрсетті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Аскат Беков. Консультациялар Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген Еркін сауда туралы келісімді іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын имплементациялау шеңберінде жүргізіледі.
25 қыркүйектің 2025
Андрей Слепнев: "ЕАЭО мен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісімді іске асыру жөніндегі үш жылдық ынтымақтастық жол картасына қол қойылды"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы осы жылғы мамыр айында күшіне енген Еркін сауда туралы толық форматты келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комитеттің бірінші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Отырысқа Иран тарапынан Бірлескен комитеттің тең төрағасы Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, сондай-ақ ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов қатысты. "Көлемді құжат, мысалы, көлік және логистика және ең алдымен "Солтүстік-Оңтүстік"дәлізі сияқты түйінді бөлімдерді қамтиды. Біз жасыл кеден дәліздерін қалыптастыру, цифрландыру, электрондық транзитке көшу туралы уағдаластық, бұл біздің кәсіпорындарымызға өз өнімдерін Иран нарығына жедел жеткізу мүмкіндігін ашады", — деп атап көрсетті Андрей Слепнев. Сондай-ақ, бұл арада сөз "Еуразиялық агроэкспресс" жобасы бойынша салқын жүктерді тасымалдауды кеңейту, порттар желісі бойынша өзара іс-қимыл және Иран порттары арқылы Үнді мұхитының су айдынына шығу перспективасымен инфрақұрылым жоспарларын үйлестіру туралы болып отыр. Осыған байланысты ЕЭК министрі Үндістан тарапымен еркін сауда туралы келісім бойынша белсенді жүріп жатқан консультацияларды еске салып өтті. Бұдан басқа, Пәкістанмен дәл осындай өзара іс-қимыл "көкжиектен" көрініп тұр және бұл ирандық әріптестердің "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізіндегі ең маңызды буын ретінде сұранысты болуын күшейтеді. Андрей Слепнев Иранның ЕАЭО-дан келетін тауарлар импортына сани шектеулерін алып тастау жөніндегі байсалды жұмысқа тоқталды, оны әріптес тарапынан Еуразиялық "бестік" елдеріне берілген бірегей пұрсаттылық деп атауға болады. "Халал" сертификаттау құжатына қол қоюды бөлек атап өткім келеді, бұл қазір ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы үшін маңызды тақырып. Бұл арада біз метрология бойынша ислам ұйымының стандарттарына сәйкес әрекет етуге келістік", — деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Тараптар стандарттар бойынша жұмысты бастау және саудадағы техникалық тосқауылдарды жою туралы уағдаласты. Реттеуші органдардың жәрдемімен ЕАЭО мен Иранның шағын және орта бизнес тауарларын жеткізу арнасын ұсынатын аса ірі маркетплейстері арасында практикалық диалог басталды. "Баспа-бас айырбасты дамыту, есептеулер, өңірдегі үшінші елдермен сауда саясатын үйлестіру, іскер топтардың ынтымақтастығы сияқты басқа да мәселелер қаралды", – деп атап өтті Андрей Слепнев. Тауарлардың шығу тегін растаудың электрондық жүйесін әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және сауданы реттеу мәселелері бойынша ЕАЭО мен Иранның бизнесі үшін анықтамалық әзірлеу талқыланды. Тараптар Иранның ЕАЭО Фармакопеялық комитетінің жұмысына байқаушы ретінде қатысуын пысықтауға және медициналық аспаптар мен техника, сондай-ақ көлік құралдары мен қосалқы бөлшектер үшін өзара қол жеткізу жағдайларын жақсарту жөнінде консультациялар өткізуге уағдаласты. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің саудасына әсер ететін санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану мәселелерін қарау, навигациялық пломбаларды пайдалану жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, кедендік ынтымақтастық жөнінде кіші комитет құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. ЕЭК Сауда жөніндегі министрінің сөзінше, Иранмен Еркін сауда туралы толық форматты келісім мамыр айында ғана күшіне енсе де, оның нәтижесі қазірдің өзінде көрініп тұр. Қаңтар айынан бастап тауар айналымы 16% өсті және бұл көрсеткіш 2019 жылғы Уақытша келісімнің қолданылу кезеңінен бастап байқалған елеулі өсуді бекіте түседі. Статистика деректері ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымы преференциялық сауда режимі жұмыс істей бастағаннан бері 2,2 еседен астам артқанын көрсетеді. Осыған байланысты ЕЭК Сауда жөніндегі министрі орта мерзімді перспективада сауданы екі есе арттыру және 12 млрд доллар деңгейіне жету жөніндегі бұрын айтылған жоспарды растады.
24 қыркүйектің 2025
Арзыбек Кожошев: "Цифрлық теңсіздік – Еуразиялық интеграция үшін тежеуші фактордың бірі"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев жыл сайынғы "Ресейдің интеллектуалды көлік жүйелері. Көліктің цифрлық дәуірі" халықаралық форумы шеңберіндегі "Интеллектуалды көлік жүйелерінің тиімділігі" пленарлық пікірсайысында осындай ойын білдірді. Министр өз сөзі барысында Еуразиялық интеграцияның көлік қызметін цифрландыру саласындағы түйінді бағыттары бойынша қызметтің нәтижелері туралы хабардар етті. Арзыбек Қожошев "Ұлттық интеллектуалды көлік жүйелерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге, олардың операторлардың жауапкершілігі ауысатын аймақтарда қалай өзара іс-қимыл жасайтыны жайында ойлану қажет" екенін жеке атап өтті. Форумның "алаңдарында" Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым блогы мен "Көліктің цифрлық дәуірі" көліктің цифрлық технологияларын дамыту қауымдастығының өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. 2026-2027 жылдарға арналған құжат бірлескен іс-шаралар мен консультациялар өткізуді, сондай-ақ көліктегі цифрлық технологиялар, соның ішінде интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе ауысуды, статистикалық деректер ауысуды, сондай-ақ талдамалық материалдар мен баяндамалар дайындауды бағамдайды. Бұдан басқа, форум шеңберінде министр көрме экспозициясын ресми аралауға қатысты, онда АТС және автомобиль жолдарының цифрлық инфрақұрылымы саласындағы озық шешімдер ұсынылды. "Біздің елдерімізде белгілі бір тәжірибе жинақталды, тиімді шешімдер ендіріліп, қолданылуда. Оларды бөлісу және пайдалану географиясын кеңейту қажет", — деп түйіндеді Арзыбек Кожошев.
23 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев Әбу-Даби халықаралық қаржы орталығының төрағасы Ахмед Джасиму Аль Заабимен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Әбу-Даби халықаралық қаржы орталығының (ADGM) төрағасы Ахмед Джасиму Аль Заабимен жұмыс кездесуін өткізді.
23 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев: "ЕАЭО мен БАӘ елдерінің әлеуетін ұштастыру өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін еселеп арттырады"
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Әбу-Дабидің тақ мұрагері Халед ибн Мұхаммед бин Заид Аль Нахаянмен жұмыс кездесуін өткізді.
23 қыркүйектің 2025
ЕЭК Алқасы ЕАЭО елдерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен жұмысының нәтижелерін мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын іске асыру бойынша 2024 жылға арналған мониторинг нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады.
23 қыркүйектің 2025
ЕЭК үш жылға өнеркәсіптік майлы спирттерге арналған кедендік әкелу бажын нөлге дейін төмендетті
Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы өнеркәсіптік майлы спирттерге (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3823 70 000 0) қатысты кедендік әкелу бажын 2028 жылғы 31 қазанға дейін 0% мөлшерінде белгіледі. Қазіргі уақытта баж мөлшерлемесі 5% деңгейінде белгіленген.
23 қыркүйектің 2025
ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану басталады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды бақылауды енгізу туралы шешім қабылдады. Шешім 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. «Келісімде тауарлардың санаттары мен пайдаланылатын көлік түрлерін ескере отырып, қадағалау тетігін біртіндеп енгізу көзделген. Іске асыру үш кезеңге бөлінді, олардың жалпы ұзақтығы 1,5 жылды құрайды», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов. Бірінші кезеңде 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап навигациялық пломбалар мыналарға қатысты қолданылатын болады: – транзиттің, экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тасымалданатын, сондай-ақ өзара сауда аясында мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын санкциялық және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, оның ішінде алкоголь мен темекі; – транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын киім, аяқ киім, техника сияқты тауарлардың жекелеген санаттары. – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0 және 2939 80 000 0 позицияларында жіктелетін, автомобиль көлігімен тасымалданатын және экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетілетін құрамында никотин бар өнім, никотин шикізаты. 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 63 шешімі күшін жояды. Бұл шешімде ЕАЭО тауарлары болып табылатын темекі өнімдері мен спиртке қатысты кедендік транзит рәсімін қолдануды көзделген болатын. Аталған тауарлар экспорт кедендік рәсімімен Одақтың кедендік аумағы арқылы шығу орнындағы кеден органына дейін тасымалданатын. Аталған тауарларды тасымалдау Келісімге сәйкес қадағаланатын болады. Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылып, 2023 жылғы 3 сәуірде күшіне енген болатын.
Тағы да көрсету