Жаңалықтар

20 Jan 2025 Андрей Слепнев: "ЕАЭО Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді аяқтады" Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Иран Президенті Масуд Пезешкианның бизнес-қоғамдастықпен консультациялық кездесуіне қатысты. "Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдер ЕАЭО-да аяқталды. Жақын арада олар Иранда да аяқталады деп күтеміз", – деп ЕЭК министрі іс-шарада сөз сөйлеген сөзінде құжаттың алдағы айларда іске қосылатынына сенім білдіре келіп осылай атап өтті. Бұл ретте Андрей Слепнев сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың барлық қолда бар өсу әлеуетін іске асыру үшін мемлекетаралық деңгейде өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, сонымен бірге әріптес елдердің іскер топтары арасындағы байланысуды нығайтуға жәрдемдесу де қажет екенін атап көрсетті. Ол Иранның ЕАЭО жанындағы байқаушы мәртебесін ескере отырып қалыптасқан өзара іс-қимыл механизмдері шеңберіндегі жұмысты қоса, бизнесті келісімді имплементациялауға белсене қатысуға шақырды. ЕЭК министрі айтқандай, бұл қолда бар уағдаластықтардың толық ашылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
17 Jan 2025 Бішкекте ЕАЭО-дағы кедендік реттеудің мәселелері талқыланды Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиевпен кездесті. Еуразиялық экономикалық одақта кедендік реттеудің ЕАЭО кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін ендіру, кедендік шекараларды кесіп өтуді оңайлату, өткізу пункттерін жайластыру кезінде перспективалы технологияларды пайдалану, электрондық навигациялық пломбаларды қолдану, сондай-ақ кедендік ақпарат алмасу сияқты өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Одақтың бүкіл аумағында бірыңғай кедендік әкімшілендіруді қамтамасыз ету үшін сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Жұмыс сапары барысында Руслан Давыдов Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінде болып, "Смарт Бажы" кеден органдарының жаңа ақпараттық жүйесін ендіру үдерісімен де танысты. Комиссияның кеден блогының басшысы әріптестерімен бұдан бұрынғы кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын, сондай-ақ алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. ЕАЭО кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімге Одақ елдерінің басшылары 2024 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойды.
14 Jan 2025 Тамақ өніміне арналған техникалық регламентке орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға енгізілген өзгерістерді қабылдады. Бағдарламадан 42 позиция алынып тасталды, оның төртеуі – олардың өзекті емес екендігіне байланысты, 38-і бойынша тараптар бұрын тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірлеген болатын. 48 стандартты әзірлеу мерзімі ауыстырылды, бұл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық стандарттау жоспарларын өзектілендіруіне және жобаларды түзету қажеттігіне байланысты болды. Бұдан басқа, Бағдарлама МемСТ әзірлеу бойынша, соның ішінде жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі ветеринариялық дәрілік заттардың (фармакологиялық белсенді заттар мен олардың метаболиттерінің) қалдық мөлшерін анықтау әдістеріне арналған 17 позициямен толықтырылды. Бағдарламаға өзгерістер қабылдау туралы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
14 Jan 2025 ЕАЭО Жапониядан, Таиландтан, Түркиядан және Малайзиядан әкелінетін құйылған алюминий доңғалақ дискілеріне демпингке қарсы баж енгізеді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жапониядан, Таиландтан, Түркиядан және Малайзиядан әкелінетін алюминий доңғалақ дискілеріне демпингке қарсы баж енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шара диаметрі 13-20 дюйм жаңа әрі бұрын пайдалануда болған дискілерді қоса, құрсыммен толық жинастырылған немесе жинастырылмаған дискілерге де қатысты болады. Оның қолданылу мерзімі бес жылды құрайды. Баж кедендік құнның 9,38-42,82% мөлшерінде өндірілген елге байланысты белгіленген. Шешім ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2023 жылғы 1 наурызда "Алюминий өндірушілердің, жеткізушілердің және тұтынушылардың бірлестігі" қауымдастығының өтініші бойынша бастаған демпингке қарсы тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қабылданды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша аталған елдерде шығарылатын тауардың демпинг импорты бар екені және Еуразиялық экономикалық одақ экономикасының саласына материалдық нұқсан келтіретіні белгіленді. Демпингті елдерден әкелінетін құйылған алюминий доңғалақ дискілерін өндірушілердің баға саясаты біздің өз компанияларымыздың ішкі нарықтағы үлесін жоғалту жағдайында тауарды өткізу бағасын оның өзіндік құнының өсуіне мөлшерлес арттыра алмауына әкелді. Нәтижесінде оларды сату шығынды, ал өндіріс рентабельділігі нашар болды", – деп түсіндірді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
14 Jan 2025 ЕЭК Магистралдық құбыржолдарға арналған техникалық регламентке орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаның жаңа редакциясын бекітті Еуразиялық экономикалық одақтың «Сұйық және газ тәрізді көмірсутегін тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 049/2020) орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарлама жаңа редакциясында бекітілді. Өзгерістер Бағдарламада көзделген мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және қабылдау нәтижелерін, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарды қолдануды ескере отырып, техникалық регламентке орайлас дәлелдемелік базаны өзекті жай-күйде ұстау үшін дайындалған. Бағдарламаға сәйкес 24 МемСТ әзірлеу көзделген, оның 14-і-Қазақстан мен Ресейдің ұлттық стандарттары негізінде әзірленеді. 2024-2025 жылдары он, 2025-2026 жылдары төрт, 2025-2027 жылдары тоғыз мемлекетаралық стандарт әзірлеу көзделген, тағы бір МемСТ 2029 жылға дейін әзірленуі мүмкін. Бағдарламаның жаңа редакциясында қолданыстағы құжатта көзделген 16 мемлекетаралық стандарт сақталған. Бұдан басқа, Бағдарламаға сегіз жаңа мемлекетаралық стандарт енгізілген.  
14 Jan 2025 Алқа декларация тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті қолдану мүмкіндіктерін кеңейтті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібін және осы құжаттың құрылымын өзектілендірді. Онда акциздік маркалар туралы мәліметтерді көрсету мүмкіндігі пайда болады. Комиссия Алқасы акцизделетін тауарларға қатысты оңайлату қолдануда бұрын көптеген жыл бойы болып келген шектеудің күшін жойды. Бүгін қабылданған шешім акцизделетін тауарларға қатысты бергенге дейін шығарумен байланысты ең сұранысқа ие УЭО оңайлатуының бірін қолдану мүмкіндігін практикалық іске асыруды қамтамасыз етеді. "Қабылданған өзгерістер оңайлатылған өтінішті қолдану мүмкіндіктерін және тиісінше уәкілетті экономикалық операторлар үшін оңайлатуларды кеңейтеді, бұл осы институттың негізгі халықаралық үрдістерге сәйкес одан әрі дамуына ықпал ететін болады", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов. Тауарларға декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш – бұл оңайлатылған кедендік құжат, онда кедендік бақылау үшін ең аз мәліметтер көрсетіледі және тауар тауарларға арналған декларацияның жалпыға бірдей белгіленген нысаны берілгенге дейін іс жүзінде шығарылады. Уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) аталған құжатты белсенді пайдаланады, олар үшін декларация берілгенге дейін тауарлар шығару ұсынылатын оңайлатудың бірі болып табылады. Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты. Осыған ұқсас мәліметтер толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" № 257 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларацияда көрсетіледі. 
Тағы да көрсету