Жаңылыктар

05.10.2021 (Обновлено: 09.02.2022 09:46)

ЕЭК Кеңесі цифрлық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалауға қатысты ЕАЭО құқығына өзгерістер енгізуді тапсырды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің цифрлық нарықтарындағы бәсекелестікті бағалауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен Комиссияның арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату үшін ЕЭК Кеңесі 5 қазанда Комиссияға ЕАЭО елдерінің үкіметтерімен бірлесіп Одақ құқығына тиісті өзгерістерді дайындауды тапсырды.

Тапсырмаға сай, өзгерістер цифрлық нарықтардың өнімдік және географиялық шекараларын айқындау ерекшеліктеріне, олардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемі мен үлесін есептеуге, нарыққа шығу үшін ықтимал тосқауылдардың болуы факторын бағалауға қатысты болады.

Бұдан басқа, Комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықты қарау жөніндегі өкілеттіктерін растау мақсатында нақты тауар нарығының Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлеріне сәйкестігі туралы талдамалы қорытынды дайындау рәсімі мен тәртібі айқындалатын болады. Осындай алгоритмді ендіру үшін Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне, Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы арыздарды қарау тәртібіне және Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізу талап етіледі.

«Біз Кеңестің тапсырмасын орындаумен үстіміздегі жылы – келесі жылдың бірінші жартысында жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе туралы 2022 жылғы шілдеде ЕЭК Кеңесінің отырысында баяндалатын болады»,- деп түсіндірме берді ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев.