тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Сағынтаев Бақытжан
Әбдірұлы
Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті
Қаржы департаменті
Істерді басқару департаменті
Құқықтық департамент
тақырыбы бойынша жаңалықтар «ЕЭК Алқасының Төрағасы»
15 тамыздың 2025
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары
Бүгін ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияның бірқатар маңызды мәселелерін қарады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев баспасөз қызметкерлері алдына шығып, отырыс қорытындыларын хабарлады. ЕАЭО ішінде және үшінші елдермен теміржол жүк тасымалы саласындағы цифрландыру процестерін жеделдету жайы баяндалды Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы цифрлық көлік құжаттарына қазірдің өзінде көшті. Осы саладағы Қытаймен ынтымақтастықтың ілгерінді беталысы атап өтілді – электрондық қолтаңбаны қолдануды қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қытайдың теміржол тасымалдаушыларының өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қойылды.
31 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалалимен келіссөз жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 31 шілдеде ЕЭК штаб-пәтерінде Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Казем Джалалимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелерін, соның ішінде интеграциялық бірлестіктің халықаралық қызметінің басымдықтарына қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Иранмен тауарлардың 90 пайызына қатысты баж салығынсыз режимді қарастыратын еркін сауда аймағы туралы толыққанды келісім аясындағы ынтымақтастығының перспективалық бағыттары жөнінде жан-жақты пікір алмасылды. ЕЭК Алқасының басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңа форматтың арқасында ЕАЭО мемлекеттері мен Иранның сауда-экономикалық қатынастары дамудың жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті. «Біз елдеріміздің тауар айналымының айтарлықтай ілгерілегенін байқап отырмыз, ол 2024 жылы 14,6%-ға артып, 5,9 млрд АҚШ долларын құрады. ЕАЭО мемлекеттерінен Иранға экспорт көлемі 18%-ға өсті», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының Төрағасы Комиссия 2025-2028 жылдарға арналған еркін сауда аймағы туралы Келісімді іске асыру жөніндегі жол картасын егжей-тегжейлі әзірлеуге үлкен мән беретінін хабарлады. Құжат 2025 жылдың қыркүйегінде Бірлескен комитет отырысында бекітіледі деп жоспарлануда. Бұл өзара іс-қимылдың барлық жоспарланған бағыттарын келісілген түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО елдері мен Иранның бірқатар бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуеті бар екендігі туралы ортақ пікірге келді, әсіресе көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпорындар арасындағы кооперациялық байланыстарды кеңейту, АӨК, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы ынтымақтастық перспективалы екенін атап өтті.
26 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Мигель Диас-Канель Бермудесті Ұлттық көтеріліс күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет – Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудесті және бүкіл куба халқын Ұлттық көтеріліс күнімен құттықтады. «Бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ЕАЭО мен Куба елдерінің ынтымақтастығы халқымыздың мүддесі үшін тұрақты түрде нығайып келеді», – делінген Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хатында. ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Комиссия атынан және жеке өз атынан Куба Республикасына тұрақты экономикалық даму, ал оның халқына амандық пен бақ-береке тіледі.
24 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Амур облысында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты
ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Амур облысындағы ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның атынан және өз атынан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге және бүкіл Ресей халқына көңіл айтты. «Көптеген адамның өмірін қиған қайғылы оқиға туралы хабарды қатты күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларына ортақтаса отырып, қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.
Тағы да көрсету
Бағыт бойынша материалдар
30 қыркүйектің 2025
ЕЭК төрағасы Минсктегі Иннопром пленарлық сессиясына қатысты
Пленарлық отырыста өнеркәсіптік өзара әрекеттестік пен интеграцияны дамыту бағыттары айқындалды АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО, ТМД, Иран, Куба үкімет басшыларымен бірге "Иннопром. беларусь" халықаралық өнеркәсіп көрмесінің аясында "Жаңа технологиялар одағы: болашақ өнеркәсібін құру" пленарлық отырысына қатысты.
24 қыркүйектің 2025
Абу-Даби үкіметі мен ЕЭК жасанды интеллект саласында ынтымақтастық орнатады
Комиссия ЕАЭО елдерінің цифрлық егемендігін сақтайтын Цифрлық одақ тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төрағасы Бақытжан Сағынтаев Біріккен Араб Әмірліктерінде Абу-Даби үкіметінің цифрлық кеңсесінің басшысы Мохаммед Абдул Хамид Әл-Асқармен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
02 қыркүйектің 2025
ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндері" өткізілуі мүмкін
Сағынтаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. ШЫҰ штаб-пәтерінде "ЕАЭО күндерін" өткізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау басталды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қытайда өткен "ШЫҰ плюс" саммитінде айтты, деп хабарлайды Еуразиляқы экономикалық комиссия.
01 тамыздың 2025
ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді – Сағынтаев
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. ЕАЭО мемлекеттері мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Иранның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Казем Джалалимен кездесуінде айтты.