КО СЭҚ ТН бойынша тауарларды жіктеу​

Бет мазмұны
КО СЭҚ ТН бойынша тауарларды жіктеу​         

Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН) бойынша тауарлар жіктелімі сыртқы экономикалық қызметтің (әрі қарай - СЭҚ) қатысушылары үшін барынша өзекті мәселелердің бірі болып табылады.       

Біріншіден, кедендік әкелім/ әкетілім бажының ставкасы, тиісінше кедендік төлемдердің мөлшері де, тауарлар мен көлік құралдарына тарифтік емес шаралардың, тыйым салулар мен шектеулердің қолданылуы да тауардың қандай КО СЭҚ ТН жіктеу кодына жатқызылғанына байланысты болады. 

Екіншіден, тауардың сол немесе басқа КО СЭҚ ТН жіктеу кодына жатқызылуы көп жағдайда, арнаулы техникалық білімнің болуын әрі тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оның өндірілуі тәсілдерін және т.б. анықтауға байланысты қосымша сараптамалар өткізілуін талап етеді.  

Соның ішінде, тауарларды жіктеудің дәлдігі зор маңызға ие, әрі Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден саясатын әзірлеу кезінде қолданылатын сыртқы сауданың кеден статистикасының шынайылығын жоғарылату әрі оның тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің процесінде жүзеге асырылуы бойынша нақты шаралар қолдану үшін де зор маңызға ие.   

Кеден одағы Кеден кодексінің (әрі қарай – КО КК) ережелеріне сәйкес СЭҚ қатысушысы кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауардың кодын өз бетімен анықтайды.   

Тауарларды мәлімдеу кезінде олардың дұрыс жіктелмегені анықталған жағдайда, кеден органы тауарларды дербес жіктеуді жүзеге асырады (КО КК 52 бабы 3 тармағы). 

Кеден ісі саласындағы уәкілетті органдар мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдер қабылдайды (КО КК 52 бабы 5 тармағы).  

  Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған кеден органдары олардың жариялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу бойынша шешімдер қабылдауы және түсінік беруі мүмкін (КО КК 52 бабы 6 тармағы).  

 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын бірыңғай түсіндіруді қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағының комиссиясы (Еуразиялық экономикалық комиссия) кеден органдарының ұсыныстары негізінде тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөнінде шешімдер мен түсіндірулер қабылдайды және жариялайды (КО КК 52 бабы 7 тармағы).  

Жіктеу белгілері мен ережелері бар:  

1.   Жіктеу белгілері – жіктеудің негізіне (арналуы, шикізат түрі, құрылымы, конструкциясы, жасалу технологиясы, әрлеу түрі және т.б.) қойылған нысанның (тауардың) қасиеті немесе сипаттамасы. Тауарларды жіктеудің негізінде пайдаланылған шикізат, химиялық құрамы, қолданылуы сияқты және т.б. белгілері жатады. 

2.  Тауарлардың жіктелуінде алты ереже қолданылады – бұл СЭҚ ТН түсіндірудің Негізгі Ережелері (әрі қарай – СЭҚ ТН ТНЕ).  

Қазіргі заманғы қолданылып келе жатқан СЭҚ халықаралық практикасындағы тауарлар номенклатурасын құрудың тарихы ұзақ.  

Тауарлардың экспорты мен импортын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін Кеден одағында халықаралық жіктеуіш, яғни Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН)  қолданылады.  

Оны қалыптастыру негізіне Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың Үйлестірілген жүйесі туралы Халықаралық конвенцияның ережелері мен халықаралық сауда-саттықтың тәжірибелері қаланған. Сөйтіп, КО СЭҚ ТН негізіне ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН, ТМД СЭҚ ТН, Ресейдің СЭҚ ТН, ал кейін КО СЭҚ ТН қалыптастырылуларына негіз ретінде пайдаланылған Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың Үйлестірілген жүйесінің номенклатурасы мен Еуропалық қоғамдастықтың Аралас номенклатурасы салында. Тауардың бастапқы кодтық белгісінің алты саны ҮС номенклатурасына сәйкес, ал жетінші әрі сегізінші сандары – Еуропалық қоғамдастықтың Аралас номенклатурасы, тоғызыншы саны ТМД СЭҚ ТН. Тауар кодының оныншы саны тауарларды ұлттық деңгейде нақтылауға арналған. 

Үйлестірілген жүйе – бұл тауар позициялары мен субпозицияларын, оларға қатысты айқын белгілері бойынша топтарға және  бөлімдерге топтастырылған сандық кодтарды, ескертулерді, ал сонымен қатар, Үйлестірілген жүйені түсіндірудің негізгі ережелерін қамтитын номенклатура. 

Үйлестірілген жүйенің негізгі принципі – сол немесе басқа елдің сыртқы саудасы туралы ұлттық және халықаралық мәліметтерінің міндетті салыстырмалылығы.  

Конвенцияның негізгі ережелерінде мыналар анықталған: оған қосылған жекелеген елдер мен елдер тобы, Үйлестірілген жүйенің негізінде сол Үйлестірілген жүйенің Номенклатурасында келтірілген алты таңбалы сандық кодтан тыс қосымша құрылымдық элементтердегі тауар субпозицияларын аса нақты дәрежедегі дәлдікпен нақтылай отырып, өздерінің тауар номенклатураларын және кедендік тарифтерін әзірлей алады.  

Үйлестірілген жүйенің Жіктеу схемасы келесі үш шартты сақтайды:​  

-   тауарлар әр топта оларды бір белгі бірлестіретіндей етіп топтарға бөлінеді. Жіктеудің барлық звенолары дербес болады және оларды өз іштерінде бөлуге болады;  

-   бір уақытта тауарлар тек бір ғана басты белгісі бойынша жіктеліп отырады;  

-   тауарларды жіктеу барынша ортақ белгілері бойынша, кейін барынша нақты (айрықша) белгілеріне қарай жүзеге асырылады. 

           Сөйтіп, Үйлестірілген жүйені әзірлеп шығару халықаралық сауда процедураларын жеңілдетуге, тарифтік және тарифтік емес кедергілерден өтуге, халықаралық сауда құжаттарын стандарттауға, электронды түрде деректер алмасудың мүмкіншілігіне қол жеткізуге бағытталған жалпы жағдайлардың бөлігі болып табылушы еді.  

Қазіргі уақытта 170-тен астам мемлекет өздерінің кедендік тарифтерін және тауар номенклатураларын тауарларды сипаттау мен кодтаудың Үйлестірілген жүйенің негізінде әзірлеп отыр.      

Осылайша, Үйлестірілген жүйе – сыртқы сауда статистикасының талаптарын ескеретін алғашқы халықаралық номенклатура болып отыр.  

Үйлестірілген жүйенің номенклатурасын құрумен қатар, оны қолданудың Халықаралық Конвенциясын қалыптастыру процесі жүргізіліп жатты.​  

Конвенцияда Үйлестірілген жүйені құрудың мақсаттары, оның қолданылу саласы мазмұндалды, Үйлестірілген жүйені Конвенцияға қатысушы елдердің қолдануының құқықтық механизмі, олардың міндеттемелері, жүйені одан әрі жетілдіру жұмысының тәртібі бекітілді.  

Конвенцияға сай, уағдаласатын тараптар мынадай міндеттемелерді алады:  

-    Үйлестірілген жүйенің барлық тауарлық позицияларын және субпозицияларын пайдалану, ал сонымен қатар соларға қатысты кодтарды ешбір толықтырулар мен өзгертулерсіз пайдалану;

-    Үйлестірілген жүйені түсіндіру үшін жіктеудің негізгі ережелерін, барлық ескертулерін қолдану; Үйлестірілген жүйенің бөлімдерінің және топтарының көлемдерін өзгертпеу;

-    Үйлестірілген жүйеде қабылданған кодтаудың тәртібін сақтау;​ 

-    тауарлардың экспорты мен импорты бойынша өз статистикалық мәліметтерін жариялау;  

-    Үйлестірілген жүйеге қарағанда көбірек сан бойынша тауарларды жіктеу үшін ұлттық номенклатура аясында кедендік тарифтер немесе статистикалық номенклатура бойынша ішкі бөлімдер құруға тыйым салынбайды (олардың Үйлестірілген жүйеде қабылданған алты таңбалы сандық кодтан тыс қосылу шартымен).​                  

Келесілер КО СЭҚ ТН бірдейі заңды күші бар ажырамас құрылымдық элементтері болып табылады:  

-    СЭҚ ТН түсіндірудің негізгі ережелері;  

-    жіктеу бөлімі;  

-    бөлімдер, топтар, позициялар, субпозициялар, ішкі субпозицияларға ескертпелер, сонымен қатар, қосымша ескертпелер.  

КО СЭҚ ТН-да жіктеу топтамаларына тауарларды бір мәнді жатқызылу қағидаты мүлтіксіз сақталады.   

Түсіндірудің негізгі алты ережесі нақты бір тауарды белгілі бір тауар позициясына енгізуді, содан соң тиісті субпозицияға ал одан әрі ішкі субпозицияға енгізуді  көздейді.   

Жоғарыда аталған алгоритмнің сақталмауы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды әкелінетін және әкетілетін тауарларды мәлімдегенде қателіктерге апарып соқтыра алады.      

СЭҚ ТН негіздері, соның ішінде тауар коды қалайша қалыптасатындығы туралы білім, кеден органдарының қызметкерлеріне де СЭҚ қатысушыларына да қажет болады, өйткені СЭҚ ТН қате кодымен тауардың мәлімделуі қосымша төлемдер есептеліп, айыппұл ықпал шараларына апара алады.  

КО СЭҚ ТН он таңбалы кодының құрылымы ондық жүйе бойынша  құрылған және де топтың, тауар позициясының, субпозициясының және ішкі субпозициясының кодтарын қамтиды және әрбір белгі 0 – 9 дейін өзгеретін (түрленетін) келесі сандар тобынан тұрады.   

Тауар тобы бастапқы екі санды, тауар позициясы төрт санды, субпозиция – алты,  және ішкі субпозиция – он санды қамтиды.   

Тауар декларациясының 31 бағанындағы тауардың сипаттамасы  (әрі қарай - ТД) міндетті және қосымша сипаттамалары көрсетіле отырып, СЭҚ ТН талаптарына сәйкес толық болуға (егер Кеден одағының кедендік заңнамасымен көзделген болса) және 33 ТД бағанында КО СЭҚ ТН бойынша тауар кодына сай келуі тиіс.  

Номенклатураның жіктеу бөлігі негізгісі килограмм болып табылатын, қосымша деп аталатын тауарлардың өлшем бірлігі туралы мәліметтерді қамтиды.  

Ескертпе – СЭҚ ТН жіктеу бөлігінің алдынан жүретін және де жіктеу топтаманың әрқайсысының мағынасын нақтылайтын мәтіндік  материал (КО СЭҚ ТН аталған жалпы белгілері бар тауарлардың жиынтығы) Жіктеу топтама  бөлімдерді, топтарды, тауар позицияларын, субпозицияларды және ішкі субпозицияларды қамтиды.​  

Барлық ескертпелер КО СЭҚ ТН секілді заң күшіне ие болады.   

Ескертпелердің функциялары:  

1)  тауарларды жіктеу топтамаларынан шығарады;  

2)  тауарларды жіктеу топтамаларына қосады;  

3)  тауар позицияларының мәтіндерін толтыра бермеу мақсатымен терминдердің мағыналарын ашады; 

4)  ұғымдарды түсіндіреді, өйткені СЭҚ ТН-да бар сол немесе басқа сөздер, терминдер көпшілік танитын ұғымына сай келмеуі мүмкін, ал сонымен қатар, қолданыстағы МемСТ әрқашан да номенклатурада қолданыла бермейді;  

5)  қандайда бір тауарларды белгілі бір тәртіппен кодтауды ұсынады.  

КО СҚ ТН түгелдей қолданылады деп айтылмаса, Ескертпелер тек өзі үстіне орналасқан жіктеу топтамаларға қолданылады. Егер де мұндай ескерту болмаған болса, бұл ескертпенің қолданылуын барша номенклатураға қолдануға болмайды, тек бөліммен, немесе топпен шектеліп қойған жөн.  

Сөйтіп, аса дәлдікпен жіктеу үшін тауардың құрылғысы және арналуын, оның жұмыс принципін, оның жасалған материалын жақсы білу, кейде тауардың жасалу технологиясын да білу жөн, тауар позицияларындағы сипаттамаларда көптеген тауарлар сипатталатын тар мағыналы  терминдерді де білу керек.​       

Соның негізінде құрылған ҮЖ мен КО СЭҚ ТН тауарларын бір мәнді жіктеу мақсаттары үшін жіктеу кезінде СЭҚ ТН ТНЕ қолданылады.   

Ережелердің арналуы – тауардың жіктеу кодын КО СЭҚ ТН бойынша анықтау тәртібі. 

ТНЕ – тауарларды жіктеудегі іс-әрекеттерді өзінше алгоритмдеу тәсілі боп табылады.  

ТНЕ 1-ден 6-ға дейін нөмірленеді, алайда, кейбір ережелер өз ішінде бөлінеді. 

 Төменде, осының көмегімен СЭҚ ТН-да тауарларды жіктеу жүзеге асырылатын түсіндірудің негізгі ережелері келтірілген.
    
Ереже 1
Ереже 2 а, б
Ереже 3​ а, б, в
Ереже 4​ 
Ереже 5​ а, б
Ереже 6
   
СҚ ТН  ТНЕ көмегімен тауарларды жіктеу топтамаларға бір мәнді жатқызудың принципі сақталады.​  

СЭҚ ТН негізгі алты ережесі нақты бір тауарды белгілі бір тауар позициясына (СЭҚ ТН ТНЕ 1-5) енгізілуін, сосын барып, тиісті субпозициясына  (СЭҚ ТН ТНЕ 6) және одан соң ғана ішкі субпозициясына (СЭҚ ТН ТНЕ 6)  енгізілуін көздейді.   

Бұл КО СЭҚ ТН кодын анықтау бойынша бұл принципті схема, оны сақтамау, тауарларды және көлік құралдарын мәлімдегенде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды жиі қателестіреді.  

СЭҚ ТН сәйкес тауар кодын дұрыс анықтау үшін келесі шарттарды орындау қажет болады: 

-    тауардың нақты атауы мен тауар сипаттамасы; 

-    жіктеуіштің құрылуын білу. 

Сонымен, негізгі ережелерде тауарларды жіктеудің басты қағидаттары қалыптастырылған, ондағы бастауыш бес ереже тауар позициясын анықтауға арналған, ал соңғысы (алтыншысы) – субпозиция мен ішкі субпозицияны анықтауға арналған. 

Түсіндірудің 2, 3, 4, 5 және 6 ережелеріне кіріспес бұрын белгілі бір бөлімдер мен топтарға берілген ескертпелерді зерделеп оқу керек (СЭҚ ТН ТНЕ 1). Егер де СЭҚ ТН ТНЕ 1 көмегімен тауардың кодын анықтау мүмкін болмағанда мыналарды есте ұстаңыз: 

-    2 және 6 ережелер 1 ереже қолданылған соң ғана пайдаланыла алады; 

-    әртекті тауарлар үшін 2б, 3а, 3б, 3в ережелері дәйекті түрде қолданылады;  

-    4 ереже 1-3в  ережелері қолданылған соң ғана пайдаланылады;  

-  2б, 5а, 5б және 6 ережелері қандай тәртіпте болмасын қолданыла береді, тіпті бірімен бірі бір мезгілде (мәселен, картон қаптамасында бөлектелген велосипед 2б және 5б ережелері бойынша жіктелуге тиіс).      

Осылайша, СЭҚ ТН ТНЕ қолдану тәртібінің сақталуы КО СЭҚ ТН бойынша тауардың кодын дәл анықтап шығуға мүмкіншілік береді.​