Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне, 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесін (бұдан әрі – ЕАЭО Іскерлік кеңесі) құру туралы бастама көтерді.
ЕАЭО Іскерлік кеңесін құру идеясын ЕАЭО елдерінің аса ірі бизнес-қауымдастықтары бірауыздан қолдады, бұл Еуразиялық экономикалық комиссия мен Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-қоғамдастығының Өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңесінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі бесінші отырысы барысында да расталды.
ЕАЭО Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге 2015 жылғы 21 мамырда VIII Астана экономикалық форумын өткізу барысында мына Тараптар:
- Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
- Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы;
- Беларусь Республикасының "Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер (жалдаушылар) конфедерациясы" коммерциялық емес ұйымдар одағы;
-Арменияның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) одағы;
-Қырғызстанның кәсіпкерлер одағы қол қойды.
ЕАЭО Іскерлік кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі интеграциялық процестерді кеңейту, ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірыңғай позиция әзірлеу және ЕАЭО шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру мақсатында құрылды.
ЕАЭО Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге сәйкес ЕАЭО Іскерлік кеңесі Беларусь-Қазақстан-Ресей бизнес-диалогының құқықтық мирасқоры болып табылады.
2015 жылғы 26 қарашада Минск қаласында өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының бірінші отырысының қорытындысы бойынша Іскерлік кеңес Төралқасы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандум жобасын мақұлдады.
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Беларусь-Қазақстан-Ресей Бизнес-диалогы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандумның орнына келген Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандум Комиссия Алқасының 2016 жылғы 9 ақпандағы №14 өкімімен мақұлданды және 2016 жылғы 24 мамырда Астана қаласында қол қойылды.
Меморандумға сәйкес ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесі арасындағы өзара іс – қимыл Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің Өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңесі (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) шеңберінде жүзеге асырылады.
Консультативтік кеңес құру туралы шешімді ЕЭК Алқасы 2016 жылғы 25 қазанда қабылдады. Консультативтік кеңес туралы ереже бекітілді.
Консультативтік кеңес Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің кәсіпкерлік қызметті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы мен диалогын қамтамасыз ететін консультативтік орган болып табылады.
Консультативтік кеңес мынадай:
а) интеграцияны дамыту және макроэкономика;
б) кәсіпкерлік қызметті дамыту;
в) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);
г) өнеркәсіп;
д) агроөнеркәсіптік кешен;
е) өзара және сыртқы сауда;
ж) техникалық реттеу;
з) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар;
и) кедендік реттеу;
к) энергетика;
л) табиғи монополиялар;
м) көлік және тасымалдар;
н) еңбек көші-қоны және көші-қон саясаты, әлеуметтік, зейнетақы және медициналық қамтамасыз ету, Одаққа мүше мемлекеттер еңбекшілерінің білімі мен кәсіби қызметі;
о) бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы реттеу;
п) зияткерлік меншік;
р) ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл;
с) цифрлық кеңістікті дамыту және цифрлық экономиканы трансформациялау;
т) ішкі нарықтардың жұмыс істеуі шеңберінде тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою;
у) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы;
ф) Меморандум тараптарының құзыреті шеңберінде өзге де салалардағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Консультативтік кеңес кабинетіне кіру
Байланысу деректері:
Михневич Сергей Владимирович, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің атқарушы хатшысы, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының (РӨКО) Халықаралық көпжақты ынтымақтастық және интеграция басқармасының басқарушы директоры, e-mail: MikhnevichSV@rspp.ru