тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6869
23 қыркүйектің 2025
ЕЭК Алқасы ЕАЭО елдерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен жұмысының нәтижелерін мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын іске асыру бойынша 2024 жылға арналған мониторинг нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады.
23 қыркүйектің 2025
ЕЭК үш жылға өнеркәсіптік майлы спирттерге арналған кедендік әкелу бажын нөлге дейін төмендетті
Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы өнеркәсіптік майлы спирттерге (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3823 70 000 0) қатысты кедендік әкелу бажын 2028 жылғы 31 қазанға дейін 0% мөлшерінде белгіледі. Қазіргі уақытта баж мөлшерлемесі 5% деңгейінде белгіленген.
23 қыркүйектің 2025
ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану басталады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды бақылауды енгізу туралы шешім қабылдады. Шешім 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. «Келісімде тауарлардың санаттары мен пайдаланылатын көлік түрлерін ескере отырып, қадағалау тетігін біртіндеп енгізу көзделген. Іске асыру үш кезеңге бөлінді, олардың жалпы ұзақтығы 1,5 жылды құрайды», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов. Бірінші кезеңде 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап навигациялық пломбалар мыналарға қатысты қолданылатын болады: – транзиттің, экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тасымалданатын, сондай-ақ өзара сауда аясында мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын санкциялық және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, оның ішінде алкоголь мен темекі; – транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын киім, аяқ киім, техника сияқты тауарлардың жекелеген санаттары. – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0 және 2939 80 000 0 позицияларында жіктелетін, автомобиль көлігімен тасымалданатын және экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетілетін құрамында никотин бар өнім, никотин шикізаты. 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 63 шешімі күшін жояды. Бұл шешімде ЕАЭО тауарлары болып табылатын темекі өнімдері мен спиртке қатысты кедендік транзит рәсімін қолдануды көзделген болатын. Аталған тауарлар экспорт кедендік рәсімімен Одақтың кедендік аумағы арқылы шығу орнындағы кеден органына дейін тасымалданатын. Аталған тауарларды тасымалдау Келісімге сәйкес қадағаланатын болады. Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылып, 2023 жылғы 3 сәуірде күшіне енген болатын.
23 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев Абу-Даби Үкіметінің цифрлық кеңсесінің басшысы Мухаммед Абдель Хамид аль-Аскармен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 23 қыркүйекте Біріккен Араб Әмірліктерінде Абу-Даби әмірлігі Үкіметінің цифрлық кеңсесінің басшысы Мухаммед Абдель Хамид аль-Аскармен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен БАӘ-нің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. ЕЭК Алқасының басшысы Комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп, елдердің цифрлық егемендігін сақтайтын және таңдаулы технологиялық шешімдердің қадамдастырылуы мен сыйысымдылығын қамтамасыз ететін Digital Union тұжырымдамасын дамыту бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады. "Осыған байланысты БАӘ-мен практикалық тәжірибе ауысу, әсіресе экономикалық ынтымақтастықтың жаңа форматы тұрғысында өте мағыналы болып көрінеді", — деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық жүйелер саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін пысықтауға келісті.
22 қыркүйектің 2025
Рустан Дженалинов: "ЕАЭО-да электрондық көлік жүкқұжаттарын қолдану бойынша эксперимент жүргізу үшін технологиялық құжаттардың барлық пакеті жасалды"
ЕАЭО-да е-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттарын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шарттарын "бестік" елдерінің өкілдері 22 қыркүйекте ЕЭК көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Рустан Дженалиновтың төрағалығымен өткен бейінді жұмыс тобының отырысында талқылады.
21 қыркүйектің 2025
Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Никол Пашинян мен бүкіл армян халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
19 қыркүйектің 2025
ЕЭК-те кедендік декларациялау мәселелері талқыланды
17-18 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның салалық Консультативтік комитеті жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
19 қыркүйектің 2025
ЕАЭО аясындағы мемлекеттік сатып алуларды цифрлық форматқа көшіру жоспарлануда
Еуразиялық экономикалық комиссияның Мемлекеттік сатып алулар және бәсекелестік саясаты департаментінің директоры Жанар Адикова Мәскеуде өткен қаржы форумында Еуразиялық экономикалық одақ аясында мемлекеттік сатып алуларды цифрландырудың жаңа бағыттары туралы айтып берді.
Тағы да көрсету