тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6886
26 сәуірдің 2021
ЕАЭО-да Ортақ газ нарығы туралы келісім жобасы әзірленді
Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығы туралы келісімінің жобасын әзірледі және Еуразиялық экономикалық комиссияға тапсырды. Бұл туралы ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 26 сәуірде Комиссияның штаб-пәтерінде өткен ЕАЭО-да келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жою және тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комитеттің отырысында хабарлады.
26 сәуірдің 2021
ЕЭК саңырауқұлақ жіпшумағына қойылатын фитосанитариялық талаптарды белгілейді және өздігінен жүретін машиналардың паспорттарын ресімдеу тәртібін нақтылайды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаеваның төрағалығымен өткен реттеуші әсерді бағалау жөніндегі жұмыс тобының отырысында карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану және өздігінен жүретін машиналардың паспорттарын ресімдеу мәселелері қаралды.
26 сәуірдің 2021
ЕЭК ЕАЭО-ның өнеркәсіптік құрылыстағы аса ірі инвестициялық жобаларын таныстырды
Сочиде өткен осы саладағы халықаралық чемпионат шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Жаслан Әзенов 2025 жылға дейін іске асыру перспективасымен Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік құрылыс саласындағы аса ірі инвестициялық жобаларға шолуды ұсынды. Құжат INFOLine ақпараттық-талдау агентігімен бірлесіп дайындалған.
16 сәуірдің 2021
Гоар Барсегян Тунистің Ресейдегі Елшісі Тарак Бен Салемді қабылдады
ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегянның Тунистің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарак Бен Салеммен жұмыс кездесуінде тунис тарапының бастамасы бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық және Тунис Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен диалогын жандандырудың мүмкін болатын жолдары талқыланды.
16 сәуірдің 2021
Михаил Мясникович: «Экономикалық өсу үшін ЕАЭО елдері бірін бірі өзара толықтырып әрі қолдай отырып, сенім мен ынтымақтастықты нығайтуы қажет»
15 сәуірде «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінде студенттерге, аспиранттарға және ғылыми-академиялық қоғамдастыққа арналған лекциясы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы, экономика ғылымының докторы, профессор, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Михаил Мясникович интеграциялық процестерді күшейту арқылы орташа мерзімді перспективада озыңқы даму мақсаттарына және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің жаһандық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қалай қол жеткізуге болатыны туралы айтып берді. Іс-шара экономиканы және қоғамды дамыту проблемалары жөніндегі XXII Сәуір халықаралық ғылыми конференциясы шеңберінде өтті.
16 сәуірдің 2021
ЕАЭО елдерінің бизнесі 2025 жылға дейінгі стратегияларды іске асыруға қосылады
16 сәуірде ЕЭК штаб-пәтерінде Мәскеуде ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық комисияның бизнеспен өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың іскерлік қоғамдастығының 2025 жылға дейінгі стратегияларды іске асыруға қатысу мәселелері қаралды.
15 сәуірдің 2021
Ұлттық заңнаманы біріздендіру ЕАЭО елдерінің селекция мен тұқым шаруашылығындағы кооперациясына көмектеседі
Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ұйымдастырылған кеңес шеңберінде ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының, бизнес-қоғамдастығының, салалық қоғамдық ұйымдарының, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының меншікті тұқымымен өзін өзі қамтамасыз етуін арттыру мәселелері талқыланды.
15 сәуірдің 2021
ЕАЭО-дағы мәдениеттер диалогы экономикалық интеграцияны адамдарға жақындата түседі
14 сәуірде Санкт-Петербургте он бесінші рет өткізілген жас журналистердің «Мәдениеттер диалогы» жыл сайынғы халықаралық медиафорумына қатысушылар осындай тұжырымға келді. Форум тарихында бірінші рет Еуразия тақырыптамасына дербес отырыс арналды. Одақ елдерінің журналистері мен блогерлері қандай проблемалар бар екенін және аудиторияның ЕАЭО қызметіне қызығушылығын арттыру үшін не қажет екендігін ашық айтты. Бәрінен бұрын, елдер мен адамдарға көбірек араласу және бір-біріне деген сенім, мәдени салаға интеграциялану қажет, ал Комиссияға — адамдарды қызықтыратын нәрселер туралы ашық айту керек.
Тағы да көрсету