Перейти на старую версию сайта

Жаңалықтар

16.04.2021 (Обновлено: 07.10.2021 16:52)

Михаил Мясникович: «Экономикалық өсу үшін ЕАЭО елдері бірін бірі өзара толықтырып әрі қолдай отырып, сенім мен ынтымақтастықты нығайтуы қажет»

15 сәуірде «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінде студенттерге, аспиранттарға және ғылыми-академиялық қоғамдастыққа арналған лекциясы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы, экономика ғылымының докторы, профессор, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Михаил Мясникович интеграциялық процестерді күшейту арқылы орташа мерзімді перспективада озыңқы даму мақсаттарына және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің жаһандық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қалай қол жеткізуге болатыны туралы айтып берді. Іс-шара экономиканы және қоғамды дамыту проблемалары жөніндегі XXII Сәуір халықаралық ғылыми конференциясы шеңберінде өтті.

15 сәуірде «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінде студенттерге, аспиранттарға және ғылыми-академиялық қоғамдастыққа арналған лекциясы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы, экономика ғылымының докторы, профессор, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Михаил Мясникович интеграциялық процестерді күшейту арқылы орташа мерзімді перспективада озыңқы даму мақсаттарына және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің жаһандық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қалай қол жеткізуге болатыны туралы айтып берді. Іс-шара экономиканы және қоғамды дамыту проблемалары жөніндегі XXII Сәуір халықаралық ғылыми конференциясы шеңберінде өтті.

Өткен 2020 жыл әлемдік даму логикасына елеулі түзетулер енгізді. Өткен жылдың әлемдік экономикалық дағдарысы технологиялық және әлемдік шаруашылық салттарының ауысуына себепші болды. Пандемия теріс процестерді тездете түсті. Олардың негізінде 2014-2019 жылдардағы ұзақ мерзімді тоқыраушылық, стратегиялық шешімдердің көп жыл бойы кейінге қалдырылып келгені, энергетикалық нарықтардың қолайсыз конъюнктурасы жатыр. ДВҚ бағалаулары бойынша, 2020 жылы әлемдік ЖІӨ азаюы 3,5% шегінде тұр.

Пандемия мен дағдарыс басқа да бірқатар проблеманы: қолдампаздық пен көпжақты сауда жүйесі дағдарысының өсуін, ұзақ мерзімді міндеттемелерден біржақты бас тартуды, әлемнің жетекші экономикаларының кооперациялық күн тәртібінен оқшауланған дамуға көшуге ұмтылысын шиеленістірді. 

«Жоғарыда көрсетілгендердің бәрі – кейінге қарай қадам деп топшылаймын. Қалыптасқан жағдаяттағы дамудың неғұрлым тиімді жолдарының бірі — өңірлік интеграцияны тереңдету және соның негізінде халықаралық экономикалық қатынастардың жаңартылған жіксіз архитектурасын құру болып табылады», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович. 

Өзі құрылғаннан бергі алты жылдық кезең ішінде ЕАЭО дамудың айтарлықтай сатыларынан өтті, Одақ елдері экономикалық моделінің ажыратқысыз элементі ретінде қалыптасты және әлемдік экономика архитектурасының бір бөлігі болды. Алғашқы бес жыл ішінде ЕАЭО ЖІӨ көлемі 21% артып, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2 трлн долл. дерлік жетті. Осы кезең ішінде ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 13,2%, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 15% дерлік өсті. Бұл көрсеткіштер, мысалы, өнеркәсіп өндірісі 5,4%, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 6,1% дерлік өскен ЕО-дан жоғары. ЕАЭО мемлекеттерінің өзара сауда көлемі 27,7% артты. Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу – 2020» (Doing business) жыл сайынғы рейтингінде 190 экономиканың ішінен ЕАЭО 29 орын алады, 12 позиция бойынша өсу болды, бұл ретте Қазақстан мен Ресей өз позицияларын тиісінше 13 және 16 пунктке жақсартты. 

Бүгінде ЕАЭО-да тауарлар нарығы жұмыс істейді, қызметтер көрсету нарығын (ол 53 секторда қолданылады) қалыптастыруда айтарлықтай ілгерілеуге қол жетті, бірыңғай Кеден кодексі қабылданды, жүріс-тұрыс еркіндігі мен еңбекшілердің әлеуметтік кепілдіктері (мысалы, 2021 жылғы қаңтарда Зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді) қамтамасыз етіледі. 49 бірыңғай техникалық регламент қабылданды, 12 000-нан астам халықаралық стандарт қолданылады, соның арқасында шамамен тауарлардың 85%-ы қазірдің өзінде бірыңғай техникалық нормалар бойынша сертификатталған. 

Михаил Мясниковичтің пікірінше, 2021 жылдың бастауы біршама тәуір. COVID-19 пандемиясының Одақ елдерінің экономикасына теріс ықпалы

біртіндеп әлсіреуде: мысалы, Беларусьта 2021 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемімен салыстырғанда 8,3% артты, Одақ мемлекеттерінің өзара сауда көлемі 2021 жылғы қаңтарда 3,3% артты. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша, 2021 жылы әлемдік экономиканың циклды қалпына келуі күтілуде. Мысалы, Ресей Федерациясының ЖІӨ өсу қарқыны 3,0%, ал 2022 жылы 3,9%-ға дейін құрауы мүмкін деп бағдарлануда. 

ЕЭК Алқасының Төрағасы Одақ деңгейінде коронадағдарысты барынша азайту үшін қабылданған үйлестірілген іс-қимыл туралы айтты. 

«Бұл вирустың тарау жылдамдығын шектеді, біз ресурстарды, дәрілерді және медициналық бұйымдарды басқаруды қамтамасыз еттік, дағдарыстан кейінгі тиімді қалпына келтіру жағдайларын жасауға ұмтылдық. Ресей Федерациясының коронавирусқа қарсы дер кезінде тиімділігі жоғары вакциналар әзірлеуінің, оларды ЕАЭО елдеріне жеткізудің және өндірістерін оқшаулаудың орасан зор маңызы болды, бұл интеграциялық ынтымақтастықтың миллиондаған адамдардың мүддесіне қызмет етуінің оң мысалы бола алады», — деп санайды Михаил Мясникович. 

2020 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекіткен Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында интеграцияны дамыту және Одақтың мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті векторларды, түйінді шаралар мен жаңа механизмдерді айқындау міндеті баяндалған. 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттар 2014 жылы қол қойылған Одақ туралы шарттың әлеуетін ашады және ЕАЭО үшін жаңа интеграция салаларын дамытады.

 

«Біз экономикалық одақ болғанымызға қарамастан, Стратегияларға білім беру, денсаулық сақтау, туризм, спорт және т.б. енді. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде біз іске асырып жатқан процестерге белгілі бір әлеуметтік бейілділік болуға тиіс деп топшылаймыз», — деп атап көрсетті Комиссия Алқасының басшысы. Таяуда Комиссия Кеңесі Стратегияларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ізеуірттелген жоспарын бекітті. 

Михаил Мясниковичтің пікірінше, коронодағдарыстан кейінгі тауар нарықтарындағы үлкен бәсекелестікке байланысты ЕАЭО елдері бірін бірі өзара толықтырып әрі қолдай отырып, ынтымақтастықты нығайтуы қажет. 

«Бізге интеграциялық жобаларды жеңілдікті кредиттеу мәселесін игеріп шығу керек. Қазір біз бірлескен жобаларды ЕАЭО даму институтарының қаржыландыруы үшін пайыздық ставкаларды азайту (субсидиялау) құралдары бойынша нақты ұсыныстарды пысықтаудамыз. Еуразиялық бірлескен корпорациялар мен компаниялар құру қажет», — деп мәлімдеді ол. 

Сол күні Михаил Мясникович пен Экономика жоғары мектебінің ректоры Ярослав Кузьминов ЕЭК пен ЭЖМ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Құжат екі жылға есептелген және, соның ішінде, ЭЖМ ҰЗУ білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыруды, студенттерді, аспиранттарды және профессор-оқытушылар құрамын Еуразиялық экономикалық интеграцияны ғылыми сүйемелдеу мен оның одан арғы даму векторларын айқындау процесіне тартуды, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды бағамдайды

 

Анықтама

«Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университеті экономиканы және қоғамды дамыту проблемалары жөніндегі Сәуір халықаралық ғылыми конференциясын жыл сайын өткізеді. Бұл алаң жас және беделді ғалымдардың, билік, бизнес және сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің кездесу орны болып табылады.Конференцияда қоғамдық дамудың өзекті проблемалары талқыланады және мәселелердің кең спектрі бойынша пікірсайыс өткізіледі. Биылғы іс-шара 13 сәуір — 30 сәуір аралығында өтеді.