Перейти на старую версию сайта

Жаңалықтар

16.04.2021 (Обновлено: 07.10.2021 16:52)

Гоар Барсегян Тунистің Ресейдегі Елшісі Тарак Бен Салемді қабылдады

ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегянның Тунистің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарак Бен Салеммен жұмыс кездесуінде тунис тарапының бастамасы бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық және Тунис Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен диалогын жандандырудың мүмкін болатын жолдары талқыланды.

ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегянның Тунистің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарак Бен Салеммен жұмыс кездесуінде тунис тарапының бастамасы бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық және Тунис Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен диалогын жандандырудың мүмкін болатын жолдары талқыланды.

«Тунистің тұтастай Еуразиялық экономикалық интеграция процестеріне, сондай-ақ ЕАЭО-дағы ұлтүсті реттеудің практикалық мәселелеріне, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру тұрғысындағы түйінді басымдықтарға қызығушылығын құптаймыз», — деді Гоар Барсегян.

Комиссия өкілі Тунистің Еуразиялық экономикалық одақтың Африка құрылығындағы маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын атап көрсетті. Бұл ретте ол Тунис пен ЕЭК арасындағы өзара іс-қимылға 2019 жылғы күзде өткен «Ресей – Африка» саммиті серпім бергенін, соның барысында ЕЭК пен Африка одағы арасында экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды.

Гоар Барсегян Тунис құрамына кіретін Африка одағымен Комиссияның диалогы екі ұйымның меморандумда айқындалған салалардағы ынтымақтастығын дамытып қана қоймай, Еуразиялық және Африкалық мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының көлемін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық интеграция процестері туралы Африка мемлекеттерін көбірек хабардар етуге арналатынын да атап көрсетті.

Тунис Елшісі Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылды дамытуға сенімділігін білдірді. Тунис Республикасы ЕАЭО-ның ресми және іскер топтарының өкілдерімен, соның ішінде 2022 жылғы күзге жоспарланған Тунис пен Ресей Федерациясының бірлескен үкіметаралық комиссиясы шеңберінде бұдан да белсенді диалогқа дайын.

 

Анықтама


Тунис – Африка одағы елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша төртінші (Мысырдан, Алжирден және Мароккодан кейін) сауда-экономикалық әріптес. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің Туниспен сауда айналымы 0,6 млрд долл.құрады. ЕАЭО-ның Туниспен саудасының 90%-ға жуығы Ресейдің, 6,5%-ы Беларусьтің, 0,3%-ы Арменияның, 3,5%-ы Қазақстанның, 0,1%-дан азы Қырғыз Республикасының үлесіне тиеді.