тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6572
30 майдың 2025
ЕЭК-те ЕАЭО-дағы кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды
30 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың төрағалық етуімен кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы контейнерлердің оңайлатылған өткізілуіне қатысты түзетулер талқыланды. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолданудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ балық аулау және балық өнімдері туралы мәліметтермен алмасу мәселелері қаралды. Жұмыс тобының қатысушылары неғұрлым тұйықты мәселелер бойынша талқылауды жалғастыра түсуге уағдаласты. Жұмыс тобының келесі отырысын осы жылғы мамыр айында көзбе-көз форматта өткізу жоспарланған.
30 майдың 2025
Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі"
Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович. ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
16 майдың 2025
Арзыбек Кожошев: "Көлік пен логистика — орнықты Еуразиялық интеграцияның түйінді элементтері"
Дубайда (БАӘ) өткен 12-ші Жаһандық логистикалық конференцияның пленарлық сессиясы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев баяндама жасап, онда Еуразиялық экономикалық одақтың көлік-логистикалық кеңістігін дамытудың басымдықтарын айқындап көрсетіп берді. Министр жаһандық экономикадағы өзгерістер аясында орнықты логистикалық тізбектер, инфрақұрылымның ұштасуы және көлік саласының цифрлық трансформациясы ерекше маңызға ие болып отырғанын атап көрсетті. Бұл бағыттар Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды әлемдік нарықтарға интеграциялау үшін негіз болады. "Бүгінде, бұрынғы қай кездегіден де, келісілген шешімдер мен инфрақұрылымға инвестициялар қажет. Тиімді, жіксіз және цифрлық логистикалық маршруттарды қалыптастыру — ЕАЭО үшін де, біздің әріптестеріміз үшін де басымдық", — деп атап өтті министр. Арзыбек Қожошев сондай-ақ ЕЭК-тің көлік және логистика саласындағы жүргізіліп жатқан жұмысы, сондай-ақ ЕАЭО-ның институционалдық бастамалары: электрондық көлік жүкқұжаттарын (e-CMR) ендіру, интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру туралы ақпаратты ұсынды. "Көлік және логистика — қазіргі әлемнің даму драйвері. Бұлардың сенімділігіне жеткізілімдердің жылдамдығы ғана емес, экономиканың орнықтылығы, азық-түлік және өнеркәсіптік қауіпсіздік, елдер арасындағы сенім де байланысты", — деп атап көрсетті Арзыбек Қожошев. Министр әріптестермен жаһандық логистикалық архитектураны нығайтуға бағытталған диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.
16 майдың 2025
Гоар Барсегян өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін ЕАЭО мен БРИКС-тің жүйелі диалогын жолға қоюды ұсынды
15 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян БРИКС Әйелдер кәсіпкерлігі форумының "БРИКС және халықаралық институттар: күш-жігерді біріктіру — орнықты болашақтың кепілі" панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессия қатысушыларының назарында БРИКС күн тәртібінің ЕАЭО, ЮНИДО, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР және басқа да халықаралық ұйымдармен интеграциясы мәселелері болды. Гоар Барсегян БРИКС елдерімен әлемдік экономиканың жаңа конфигурациясы локомотивтерінің бірі ретінде жүйелі диалогты дамыту Комиссияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. "Осыны ескере отырып, өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Одақтың БРИКС-пен жүйелі диалогын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жолға қоюды ұсынамын", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Форумға 30-дан астам елдің халықаралық ұйымдары мен кәсіпкерлік қоғамдастығының басшылары қатысты.
16 майдың 2025
ЕЭК делегациясы Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоқтарын қойды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев, ЕЭК министрлері, хатшылық жетекшілері мен департамент директорлары 16 мамырда Мәскеудегі Александр бағында Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
15 майдың 2025
Арзыбек Кожошев Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен кездесті
15-18 мамырда Дубайда (БАӘ) өткен 12-ші Жаһандық логистикалық конференция аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен жұмыс кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады және Конференцияның дәстүрлі алаңы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуға және ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруына ықпал ететінін атап өте келіп, бұдан арғы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын баса көрсетті. "Еуразиялық экономикалық комиссия диалогқа, әріптестікке және тәжірибе ауысуға ашық. Біз сіздерді стратегиялық бастамалар деңгейінде де, нақты жобалар шеңберінде де белсенді өзара іс-қимылға шақырамыз", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Сондай-ақ, тараптар мүдделі мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, кезекті Жаһандық логистикалық конференцияны Астанада (Қазақстан Республикасы) өткізу мүмкіндігін талқылады.
15 майдың 2025
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы басқармасының төрағасы Светлана Гусармен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы (ЕҚК) басқармасының төрағасы Светлана Гусармен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің саудасын ынталандыру үшін сақтандыру қызметі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар жұмыс бабында байланысуды жалғастыруға және практикалық өзара іс-қимылды дамытуға келісті. ЕҚК-ны ЕАЭО елдері Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы 2022 жылғы 20 қазандағы келісім (2023 жылғы 22 қарашада күшіне енді) негізінде құрды.
15 майдың 2025
ЕАЭО — Иран: еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді
2025 жылғы 15 мамырда Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасында Еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді. Ол 2019 жылдан бастап қолданыста болған тауарлық қамтуы шектеулі уақытша келісімді ауыстырады және ЕАЭО елдерінің өндірушілері үшін Иран нарығына қол жеткізудің бірегей жағдайын жасайды. Мәселен, Одақтан Иранға жеткізілетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының орташа ставкасы 20%-дан 4,5%- ға дейін төмендейді. "Толық форматты келісімді имплементациялау шеңберінде тараптар 2025 жылдың екінші жартысына жоспарланған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын ұйымдастыруға кірісті, оның барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты мәселелерін талқылау жоспарлануда", — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Жаңа келісім ЕАЭО мен Иранның барлық тауар номенклатурасының 90%-на қатысты преференциялық қолжетімділік бойынша өзара міндеттемелерін бекітеді. Уақытша келісіммен салыстырғанда толық форматты келісімде тараптар арасында тосқауылсыз сауда кеңістігін құруға бағытталған реттеуші бөлім айтарлықтай жақсартылды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, оны іске асыру ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді, ол орташа мерзімді перспективада 12 млрд долл. жетуі мүмкін.
Тағы да көрсету